"Ардақты Анашым" 8 наурыз мерексіне сценарии

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ардақты Анашым" 8 наурыз мерексіне сценарии

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған сценарии
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз «Ардақты Анашым» атты, «Айналайын» тобына арналған сценарий.

Көктем мерекесіне арналған іс-шарада болуы керек: (сахнамыз гүлдерге безендірулі болуы керек, гүл шоқтары болуы керек, ұрмалы музыкалық аспаптар (қасықтар, сылдырмақтар, қыздарымыз қызыл көйлекте, ұлдарымызда ақ рубашка-шалбар және қызыл бабочка)

  • Балалар қолдарында гүл шоқтары бар музыка ырғағымен ортаға жартылай шеңбер құрып тұрып би қимылдарын жасайды. Музыка ырғағы ауысады ұлдар орныдарына отырады қыздар ортаға өздерінің белгіленген орындарына кеп жерге отырады, гүлдер биін билейді. Музыка әуенімен балалар орындарына барады.


Тәрбиеші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды. Айнала толған қызыл-жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз.....

(музыка әуенімен ортаға Көктем ханшайымы кіреді)

Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер!

Тәрбиеші: Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің, қыдарымыздың мерекесі, біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем Ханшайымы: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз, қалай айтқан, қайран бабам!

Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Айналайын» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар, әжелер, апалар мерекесіне дайындаған «Ардақты Анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Тәрбиеші: Енді біздің балалардың аналарына дайындаған тақпақтары бар екен, соған кезек берелік.

  • Балалар тақпақтар

Тәрбиеші:

Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі.

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегі - деп бүгінгі мерекеге аналарымыздың құрметіне біздің балалар ән тарту етеді. (балалар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады)

  • ӘН: «Анамызға арнаймыз»

Тәрбиеші: Көңілді мерекемізді жалғастырайық біздің балалар аналарына дайындаған билері бар екен! Ендеше қарсы алайық!

  • БИ

Тәрбиеші: Қыздарымыздың аналарына арнаған тақпақтары бар екен тыңдайық ендеше!

  • Балалар тақпақтары

Көктем Ханшайымы: Жарайсыңдар бүгінгі мерекеге арналған құттықтау тілектеріңмен әндерің керемет болды. Ендеше балалар енді біз ойынға кезек берейік.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.


Тәрбиеші:
Қандай керемет ойын болды! Жарайсыңдар балалар! Енді біз осы көктем мерекесіне арналған «Ұрмалы музыкалық оркестірді» ортаға шақырайық. Балалардың аналарына арнаған керемет музыкалық шығармасы бар екен.

Көктем Ханшайымы: Балалар кереметтей музыкалық оркестр өнерін көрсетіп өтті.

Тәрбиеші: Ия көктем ханшайымы біздің балалар жан- жақты, талантты дарынды, сұлу. Балалар балабақшада тәрбие-тәлім алып, өздерінің қызықты да, көңілді кезеңдері осы балабақшада өткізбейме, сондықтан да балалар бізге де арнап ән жолдамақшы екен.

Көктем Ханшайымы: Қандай керемет, ендеше тыңдайық бәріміз.

  • Ән: «Балабақша»

Көктем Ханшайымы: Рахмет балақайлар Бүгінгі мерекемен, аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын.

Көктем Ханшайымы: Балалар қане барлығымыз ортаға шығайық «Анамызға көмек» атты музыкалық ойын көрсетейік. (музыкалық ойын, бұл ойынды көктем ханшайымы өткізеді)

Ойын шарты: Музыканың жылдамдығындағы би қимылдармен билеу.

Көктем Ханшайымы: Қандай керемет ойын, аналарыңа үйде осылай көмектеседі екенсіңдерғой, тамаша.

Жүргізуші:

Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!! -дей келе ортаға балаларымыз аналарына арнап ән орындап бермекші.

  • Ән: «Ана деп ән салам»

Көктем ханшаймы: Әнді де, биді де оркестрде де жақсы ойнайды екенсіңдер, өнерлі екенсіңдер. Әбден көңіл күйімді көтердіңдер рахмет сендерге балапандар.

Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. (Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді)

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Ардақты Анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Ана өмірдің мәні, үйіміздің жүрегі, қамқоршы періште ендеше керемет жандарымыздың мерекесі құтты болсын, аспанымыз ашық, құшақтарыңыз гүлге толып, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер құрметті аналар. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі