Материалдар / «Ардақты менің анашым»

«Ардақты менің анашым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау. Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсіну бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

39 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі









Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ардақты менің анашым»















Класс жетекші: Кожакова М.С













Ақтөбе 2021ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ардақты менің анашым»

Класы: 6 «Б»

Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау.

Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсіну бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.

Көрнекіліктері: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топтық жұмыс


Техникалық құралдар: интерактивті тақта, бейнеролик, слайд





1 – жүргізуші: Армысыздар, мектебімнің асылдары,

Жайнаған көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары!

2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты арулар!

Эпостағы Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным аналардың сіңлілері, ардақты арулар!

Өздеріңізге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Хормен Менің анам алтын әні



1 – жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

Қымбатты арулар! Өздеріңізге арналған мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен дөп келуі қандай тамаша!

2 – жүргізуші: Аналар мерекесі кезінде табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға не жетсін!

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сұлу қыздарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін біздің жігіттер барын салды!! Алдымен бүгін жарысатын 3 топты қарсы алыңыздар!

1топ – Алимжан, Айдар, Айбар, Ислам, Расул

2топ – Аслан, Досымжан, Дінмұхамбет, Қалихан, К.Алимжан

3топ – Алиосман, Жандос, Осман, Ибраhим, Шыңғыс



1 – жүргізуші: Мыкты болсаң - алдағыны басып оз

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп 1-ші «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. Бұл сайыста барлық топқа логикалық есептер беріледі.

1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)

2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4) Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді?

5) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)

6) Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнайды?(6 партия)

7) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады . Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4сағат)

8) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе , 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

9) Үш түйеқұс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншауы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)



2 – жүргізуші: Логикалық есептерді шешіп бір сергіп алдықпа? Ендеше ары қарай жалғастырамыз

1 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ қиған қара қасыменен.

2 ші Сайысымыз өте ерекше болайын деп тұр. Бұл сайыста әр топтан 1 баладан шығып белгілі уақыт ішінде қыздардың шашын өруі керек. Шаш өрімінің әдемілігіне және дұрыс өрілгендігіне мұқият боламыз . Соңында бағасын, қыздар өздеріңіз бересіздер.



2 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,

Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.

Майысып бұратылып, майда басып.

Жаныңа наз қылықпен келгенімен

Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырады мектебімнің арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен.



1 – жүргізуші: Қазақ қыздарының ежелден жер қорғап, билік тізгінін ұстағаны белгілі. Осы қасиет әлі де жалғасын табуда. Әрі отбасында бала өсіріп, әрі мемлекеттік істерге араласып жүрген ұстаздық етуден жалықпай еңбек етіп жүрген арулар қандай құрметке болса да лайық!

2 – жүргізуші: Шабытым шалқып келгенде, шарықтап самғап қалайын,

Жырымнан тізіп ақ моншақ, мойныңа алқа тағайын.

Өлеңнен соғып ән мүсін, тойыңа шашу шашайын,

Асылым, анам, сен үшін сырымды бүгін ашайын!

Ортада Дидар мен Алимжанның Ана туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.



1 – жүргізуші: Бізге қажымас қайрат беретін, таусылмас нәр, күш – қуат беретін аналар! Аристотель, Фирдауси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Қайрат да сол ананың ұрпағы. Бәрі ананың ақ сүтін емген.

2 - жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.

Әлемде егер ана болмаса осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы – ананы мақтайық!



1 - жүргізуші: Япырай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!

Дүние – ау, сен осындай көкпеңбек пе ең?

Мәңгі бақи түлеген қаз – қалпында,

Табиғат керемет ең неткен, неткен!

Ендеше 3-ші сайысымызға да уақыт келіп жетті. Бұл сайыс «Өнерлінің өрісі кең» деп аталады. Қазір біздің жігіттер ортаға шығып өз өнерлерін көрсетеді.

  1. Бірінші болып ортаға өз өнерін көрсететін ... шақырамыз. Би Флешмоб

  2. Келесі Жандос біздерге фокус көрсетпекші. Қарсы алайық!

  3. Келесі осы мереке туралы өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші: Осындай тамаша уақытта, жер – ана бусанып, бір тіршілікке жан біткен мезгілде біздің аналарымыз,аруларымыздың мейрамы бары қандай керемет! Құрметті ару жандар, аяулы аналар!

1 – жүргізуші: Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Бүгінгі сайысымызда достық жеңді.Біз бұл сайыста жеңу үшін емес ,қыздар, сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін ұйымдастырдық. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ