400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Arduino микроконтроллері: потенциметр.

Материал туралы қысқаша түсінік
робототехника таңдау пәніне қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Роботтехникасы

Мектеп:



Күні:

Мұғалімнің есімі:



Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Arduino микроконтроллері: потенциметр.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Arduino платасында жарықдиодты басқару үшін потенциометрді пайдалана алады.



Оқушылардың басым бөлігі: Потенциометрді басқаруға арналған бағдарламаны блоктармен сипаттай алады.



Кейбір оқушылар: Потенциометрді басқаруға арналған бағдарлама кодын құрастыра алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Потенциометр -  Электрлік кернеуді реттеу үшін, сонымен қатар ығысу датчигі ретінде қолданылады.

  • магнитті потенциометр — магнит тізбегінің екі нүкте арасындағы магниттік потенциалдарының айырмасын (магниттік қозғалтқыш күш) өлшеуге арналған аспап. Магнитті потенциометрдің икемді түрі болады. 



Алдыңғы оқу

  • Arduino Robotics Kit жинағының негізгі бөлшектері;

  • Breadboard – Макет платасы;

  • Бөлшектер қалай қосылады.



Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар



Басталуы


Оқушылармен  сәлемдесу. Шаттық шеңберін жасап, ұялы телефон  арқылы өлең естіртіп, ортадағы орындық үстінен кеспе қағаздарын алып, қолындағы өлең шумағы мен   топтарға бөлінеді.

Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топтастыру

«Ән мен әнші»ойыны арқылы  кеспе қағазға  2 түрлі өлең жазып,  2 топқа бөлу

Үй тапсырмасын  пысықтау.

 «Кім жылдам» ойыны арқылы викториналық сұрақтар бермін. Оқушылар жекелей сұрақтарға жауап береді. Оқушылар презентациядағы материалды көріп бүгінгі тақырыптың мән-мағанасын  өздері ашып береді.


Кеспеқағаздар,

Ұялы телефон












Слайд



Ортасы

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында презентация арқылы бейне көрсетілім көрсетемін.


«Ойлан, жұптас, пікірлес» Жаңа сабақтың тақырыбы айтып, 2 топ оқушыларына тәжірибелік тапсырма беремін. «Ойлан, жұптас, пікірлес» тапсырмасына сүйене отырып, оқушылар жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды.

Тәжірибелік жұмыс: Потенциометр

Потенциометрді айнымалы резистор деп атауға болады. Потенциометр түйіспелерінің бірі (сызбада төменгісі) жерге жалғанып тұрса (минус қорек), ал басқасы (жоғарғы) +5 Вольтке жалғанса, ортаңғы түйіспенің кернеуі потенциометр тұтқасының орналасуына байланысты 0-ден 5 Вольтке дейін болады.

Потенциометр әдетте әртүрлі параметрлерді, мысалы, дыбыс немесе жарықты реттеу үшін пайдаланылады.

Осы тәжірибеден Сіз жарықдиодты басқару үшін потенциометрді қалай пайдалану керектігін үйренесіз.Жарықтығын басқаруға болатын шам

Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, 6 сым, жарықдиод, потенциометр (ауыспалы резистор), 220 Омдық резистор.

  1. Бұл модельдің жұмыс істеуі үшін төмендегі бағдарламаны қолданыңыз (бағдарламаны Сіз жай ғана Arduino IDE-ге көшіріп ала аласыз немесе ARDUINO LABS/Lab1/Lab1.ino папкасынан жүктеп алуға болады):

//Кодтың алғашқы бөлігі:

// жарықдиоды

// потенциометрі бар Пиндерге ат береміз

#define led 9

#define pot A0

voidsetup(){

// жарықдиод бар пин — шығыс

pinMode(led, OUTPUT);

// потенциометр бар пин – кіріс

pinMode(pot, INPUT);

}


//Кодтың екінші бөлігі:

void loop(){

// x айнымалыны жариялаймыз

int x;

// потенциометрдегі кернеуді есептейміз:

// 0 бастап 1023 дейінгі сан шығады

// оны 4-ке бөлеміз, төмендегі диапазонда сандар шығады

// 0-255 (түбір бөлігі алынып тасталады)

x = analogRead(pot) / 4;

// нәтижені жарықдиодқа жібереміз

analogWrite(led, x);

}

ЖҮКТЕЙМІЗ (UPLOAD)!

Болжамды қиындықтар:

Өмірде қолдану:

Орнықсыз, тұрақсыз жұмыс істеуі

Потенциометр аяғының байланысы нық болмауынан. Жақсы байланысып тұрғанын тексеру үшін үстінен ақырын басып тексеріңіз.


Жұмыс істемейді

Сіз потенциометрдің ортаңғы аяғын аналогтік порттың орнына, 2-сандық портпен жалғап қоймағаныңызға көз жеткізіңіз. Сонымен қатар Плюс жермен қоректенуді тексеріңіз.


Басынан бастау

Сіз барлығын бұзып, жаңадан жинап көре аласыз. Кейде бұл да көмектеседі.


MP3 ойнатқышы: дыбысты реттегіш – потенциометрдің нағыз өзі.




А4 форматындағы қағаздар, фотосуреттер





Аяқталуы


Әр топқа флипчарт тарқатып беремін. «Потенциометр» деген сауал тастаймын. Өз ойларын флипчартқа түсіруге нұсқау беру.Аталған  сұрақтарбойыншаөзойларын  флипчартбетіне  түсіреді, топтажұмысжасайды.Баяндамашы топ жұмысын қорғайды

Жаңа сабақты бекіту:

Фишбоун әдісі арқылы топтарға проблемалық сұрақ беру.Оқушылар балық сүйегінің басына проблемалық сұрақты жазып, жоғарғы сүйектеріне тақырыптағы негізгі ұғымдарды, астынғы сүйектеріне негізгі ұғымдарға байланысты түсініктерін жазады. Құйрығынажауабынжазады.

Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.









Флипчарт, маркер,











Балық қаңқасының суреті.






Смайлигтер.





Қосымша ақпарат





Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс













Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.










Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі