400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Arduino радиожиілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Arduino радиожиілік роботехникасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Сабақ:

Робот техникасы

Мектеп:

№61 орта мектеп

Күні:

05.03.2019

Мұғалімнің аты:

Жұмағалиева Томирис

Сынып:

8 сынып

Қатысқандар/қатыспағандар:

10/2

Пәні:

Робот техникасы

Сабақтың тақырыбы:

Ардуино микроконтроллері: радиожиілік арқылы сәйкестендіру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

Ардуино микроконтроллері: радиожиілікті үйрену, жұмыс жасау.

Сабақ мақсаттары:

Радиожиілікті арнасы арқылы объектілерді автоматты түрде, түйістірмей сәйкестендіру технологиясын түсіндіру.

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Пәнаралық байланыс:

Информатика, физика.

Саралап оқыту

Барлық оқушы орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушы орындай алады:

А) Радиожиілікті арнасы арқылы объектілерді автоматты түрде, түйістірмей сәйкестендіру технологиясын түсінеді.

Ә) Радиожиіліктік сәйкестендіргішті меңгеру

Б) теориясын түсіне отырып, практикалық тапсырма орындайды.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Мақсаты

Бағалау

Ресурстары

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі Топтастыру

3 топқа (инженер, бағдарламашы, дизайнер)

Топтастыру( мозайка)



2 минут

Миға шабуыл

Радиожиіліктік сәйкестендіру (RFID) туралы презентация көру

Өз ойын ауызша жеткізу

Презентация

3 минут

Мағынаны тану

Радиожиіліктік сәйкестендіргішті модельді құру үшін қажетті заттарды атау;

Модельдің сызбасын көрсету.


Ой қозғау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Ауызша кері байланыс


4 минут

Мағынаны ашу

«Қабырғадағы жазу» әдісі бойынша тақтадағы ілінген ақпаратпен танысып шығады.

Тақырыпқа сай ақпарат көзін ұсыну



5 минут

Жұптық жұмыс «құрастыру кезең» әдісі

Arduino платасынаRFID оқығышын қосу

Бірлескен жұмыс дағдысын дамыту

Мұғалім нің ауызша кері байланысы

Arduino бағдарламасы

10 минут

Топтық жұмыс «бағдарламалау картасы»

Arduino бағдарламасында Радиожиіліктік сәйкестендіру (RFID) тәжірибе жасау.


Берілген ақпараттар бойынша өз ойларын жинақтау

Бағалау критерийлері: ақпаратты түсінеді; Радиожиіліктік сәйкестендіру (RFID) тәжірибе жасайды.

6 минут

Жеке жұмыс

«Эскиз жасау»

Скетч бағдарламасында жазу.

Бағдарлама жазуға дағдыландыру

Бағалау критерийлері: Скетч бағдарламасында ақпараттыжазады.

2 минут

Үй тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға RFID логистика, сауда кәсіпорындары, персоналды аутентификациялау жүйелері секілді көптеген салаларда кеңінен қолданылу туралы түсіндіреді.


Әр оқушы өз ойларын айтады


5 минут

Рефлексия

Кері байланыс «Микрофонның екі қыры»

«Микрофонның екі қыры» әдісі

Бүгінгі сабақта маған не ұнады, не ұнамады?

Сабақтың қаншалықты тиімді болғанын бақылау





№ 8-тәжірибелік сабақ – RFID

Радиожиіліктіксәйкестендіру (RFID) – бұл байланыстың радиожиілікті арнасы арқылы объектілерді автоматты түрде, түйістірмейсәйкестендіру технологиясы.

RFID логистика, сауда кәсіпорындары, персоналды аутентификациялау жүйелері секілді көптеген салаларда кеңінен қолданылады.

RFID кейбір физикалық объектіні (мысалы, қоймадағы тауар) жаңа сандық белгілермен (мысалы, тауар сипаттамасы, оның құны, қоймадан артылған күні мен тәртібі) байланыстырады.


Радиожиіліктіксәйкестендіргішті меңгеру

Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, 1 RFID оқығыш, 7сым, радиожиіліктікбелгі(картанемесе брелок)

  1. Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз


Arduino платасынаRFID оқығышын қосу сызбасы



№ 8-тәжірибелік сабақ – RFID

  1. ARDUINO LABS/Lab8/Lab8.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз

  2. Порт мониторын ашыңыз (Сіз мұны №6-тәжірибелік сабақта жасаған болатынсыз).

  3. Оқығышқа белгіні(карта немесе брелокты)жақындатамыз да, UID белгісінің деректерін және оның түрін тізбектік портқа шыққанынкөреміз.


Бұл скетчақпаратты картадан оқып, оны RFID-белгісінің(карта немесебрелоктың)тізбектікUID портына (бірегей сәйкестендіру нөмірі) шығарады. Скетчті жазу кезінде MFRC522және SPI кітапханалары пайдаланылады.

SPI-ді (Serial Peripheral Interfaceнемесе тізбектік перифериялық интерфейс) жүйе компоненттері – микроконтроллер менперифериялық құрылғылар арасында дерек алмасуды жылдам әрі қарапайым жүзеге асыру үшін «Motorola» компаниясы әзірлеген болатын.

Шинада бір жетекші құрылғы (master) және бірнеше еруші (slave) құрылғы болуы мүмкін.
Интерфейсдерек алмасу үшін 4 бағытты пайдаланады:

SCLK — SerialClock: тактілік сигнал(жетекшіден)
Басқа таңбалары: SCK, CLK
Arduino:
13-пин

MOSI — MasterOutput, SlaveInput: жетекшіден ерушіге берілетін деректер
Басқа таңбалары:SDI, DI, SI
Arduino:
11-пин

MISO — MasterInput, SlaveOutput: ерушіден жетекшіге берілетін деректер
Басқа таңбалары: SDO, DO, SO
Arduino:
12-пин

SDA немесе SS — SlaveSelect: ерушіні таңдау; жетекші белгілейді
Басқа таңбалары: nCS, CS, CSB, CSN, nSS, STE
Arduino:
әдетте10-пин


Болжамды қиындықтар:

Өмірде қолдану:

Порт мониторы ештеңе көрсетпейді

Arduino платасының пиндеріне деректер бағыттарының дұрыс қосылуын тексеріңіз




Турникетпен кіріп-шығуды басқару жүйелері RFID негізінде жасалған



Lab 8. Scratch solution

RFID-модуль 13.56 МГц с SPI-интерфейсом. Данный модуль может быть использован для различных радиолюбительких и коммерческих применений, в том числе контроля доступа, автоматической идентификации, робототехники, отслеживания вещей, платежных систем и т.д. В комплекте к модулю идет 2 RFID-метки — в виде карты и брелока.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі