400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арендер. Бензол, молекула құрылысы, гомолог қатары, изомерлері және оларды атау. Арендердің алынуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бензол мысалында оқушыларда ароматты көмірсутектер арендер туралы түсінік қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы. Жылыой ауданы. Құлсары қаласы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Жубанышева Шолпан

Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------

Қысқа мерзімді сабақ жоспары . Химия

Мұғалімнің аты-жөні

Жубанышева Шолпан Ізғалиқызы

16 Д.Жазықбеав атындағы мектеп

Сыныбы

11 а (ЖМБ)

сабақ

Күні:5.12



Сабақтың тақырыбы:

Арендер. Бензол, молекула құрылысы, гомолог қатары, изомерлері және оларды атау. Арендердің алынуы.



Сілтеме:

 Химия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық /Н. Нұрахметов, Ә.Темірболатова, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова - Алматы: «Мектеп»2015. Химия тапсырмалар жинағы 11 с К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп», әдістемелік оқулықтар, презентациялар, электронды оқулық.



Мақсаты:

Бензол мысалында оқушыларда ароматты көмірсутектер арендер туралы түсінік қалыптастыру


Сабақтың міндеттері

Ароматты көмірсутектер арендер туралы түсінік қалыптастыру •Өздігінен жұмыс істеуге баулу. •Алған білімін қажетті жағдайда қолдана білу.


Күтілетін нәтижелер

1.Қасиеттері бойынша көмірсутектер класын анықтай алады, сәйкес реакция теңдеулерін жаза алады; 2.Ақпараттық материал, оқулықпен жұмыс жасай алады; 3.Есеп шығару дағдылары одан әрі қалыптасады; 4.Тәжірибелер бойынша логикалық қорытынды жасай алады;



Түйінді идеялар

Жалпы ароматты көмірсутектер туралы білім қалыптасады, класаралық байланысты анықтай алады, формуласы бойынша қосылыстардың қасиеттерін болжай алады.



Бағалау критерийлері

Бензолдың құрылысын анықтайды. Бензолдың гомолог қатарын, изомерлерін және оларды атайды. Арендердің алыну жолын айта алады



Дескриптор

Бензолдың молекулалық, құрылыс формуласын жаза алады. Бензолдың құрылысындағы ерекшеліктерін айта алады Бензолдың гомолог қатарын атайды Изомерлері мен оларды атай алады Арендердің алыну жолының реакция теңдеулерін жаза алады



7 модульдің қолданылуы

АКТ”, Диалогтік оқыту, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»



Сабақтың түрі

Проблемалық -ізденіс сабағы.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау (Сәйкестендіру), топтық, жұптық, жеке миға шабуыл, Жигсо, Кім жылдам (лездік сұрақтар), тест,



Қолданылатын ресурстар

Интербелсенді тақта, таратпа материалдар, органикалық қосылыстардың модельдерін құруға арналған жинақ. Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті. Блум таксономиясы бойынша

Оқушының іс-әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Түрлі түстермен оқушыларды топқа бөлу. Сабақтың эпиграфы: «Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді» Гете


Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жылы сөздер айтады. Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.



Білу

Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл. «Кім жылдам» үй тапсырмасы бойынша лездік сұрақтар беріледі

8мин

І. Ұйымдастыру кезеңі  /оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару/.  ІІ.Өткен тақырыпқа шолу жасайық: 1.Бой жазу. Лездік сұрақтар екі топқа І топ. 1.Алкиндерде болатын байланыс түрі? (үш) 2.Бутин-1 бром суын түссіздендіре ме ? (түссіздендіреді) 3.Алкиндерге тән изомерия түрлері? (көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерия) 4.Гидратация реакциясын темірдің үш валентті тұзының қатысында жүргізуді ұсынған Қазақстандық ғалым (Шәріпханов) 5.Алкиндерге тән гибридтену түрі? (sp) ІІ топ. 1.Алкиндердің жалпы формуласы (СnH2n – 2) 2.Алкиндердің гидратациялану реакциясын ашқан кім және қашан? (1881ж, Кучеров) 3.Калий перманганаты ерітіндісін түссіздендіретін қандай көмірсутектер: қаныққан әлде қанықпаған? (қанықпаған) 4.Ацетиленнің металдармен қосылысы қалай аталады? (ацетиленидтер) 5.Алкиндердің молекулаларының кеңістік пішіні?(жазықтық)

Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.



Түсіну.

Топтық жұмыc. Сәйкестендіру кестесі

5 мин







ІІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

10 мин

2.Топтарға семантикалық кесте бойынша тапсырмалар. (Презентация, слайд3,4) Сәйкестендіру кестесі. Iтоп:

Реакция реагенттері

Реакция өнімдері

2СН4 --------

C2Ag2 + H2О

СаО + 3С -------

C2Н4

С2Н2 + Н2 -------

C2Н2 + 3H2

С2Н2 + НСІ ------------

CaC2 + CO

С2Н2 + Ag2О -------

C2Н3 CI

ІІ топ.

Реакция реагенттері

Реакция өнімдері

C2Н2 + Br2 --------

CH3 -COH

СаC2 + 2H2О -------

C2H2Br2

С3H6Br2 + 2KOH -------

HOOC-COOH

С2H2 + /O/ ------------

Ca(OH)2 + C2H2

С2H2 + H2O -------

C3H4+ 2KBr + 2H2O


Өткен тақырыпты қорытындылау. Логикалық сұрақтар: І топқа: 19 ғасырда қала көшелерін жарықтандыру үшін карбид салынған шамдар қолданған. Оларда жарық беру процесі қалай жүзеге асқан? ІІ топқа: Неге өндірісте металдарды пісіру, кесу үшін ацетилен газы қолданылады ? Сонымен құрамында үш байланысы бар алкиндер класының құрылысы, қасиеттері, қолданылуымен таныстық. Есептер шығару. І топ Есеп. Заттың буының тығыздығы 3,48 г/л. Оны пиролиздегенде 6г күйе және 5,6л сутек түзіледі. Заттың формуласын анықтаңдар. Бер. Шешуі: P (зат) = 3,48г/л 1) v(С) = m/М = 6/12 = 0,5 моль m(C) = 6г 2) v(Н2) = V/VM = 5,6/22,4 = 0,25 моль V(H2) = 5,6л v(Н2) = 2*0,25 = 0,5 моль т/к СхНу 3)х : у = 0,5 : 0,5 = 1 : 1 --- СН – қарапайым формула М(СхНу) = P (зат) * VM = 3,48*22,4 = 77,996 ≈ 78г/моль М (СН) = 13 г/моль n = М(СхНу) / М (СН) = 78/13 = 6 Ж: С6Н6 ІІ топ. Есеп. 0,78г затты жаққанда 1,344л көмірқышқыл газы және 0,54г су түзілді. Заттың формуласын анықтаңдар. Заттың сутегі бойынша тығыздығы 39. Бер. Шешуі: m (зат) = 0,78г 1) v(H2O) = m/М = 0,54/18 = 0,03 моль V (CО2) = 1,344л 2) v(CO2) = V/VM = 1,344/22,4 = 0,06 моль m (H2) = 0,54г v(Н2) = 2*0,03 = 0,06 моль DH2 = 39 т/к СхНу 3)х : у = 0,06 : 0,06 = 1 : 1 --- СН – қарапайым ф –а М(СхНу) =DH2 *2 = 39*2 = 78г/моль М (СН) = 13 г/моль n = М(СхНу) / М (СН) = 78/13 = 6 Ж: С6Н6

Оқушылар топта талқылап, кестені орындайды









А)Жарықтандырушы газ құпиясы Б)Бензол қасиеттерінің қарама-қайшылығы С)Ароматты көмірсутектің құпиясын ашу Құрамы С6Н6 болып келетін зат бензол деп аталады Яғни, бүгінгі сабағымыз арендер және олардың маңызды өкілі бензол туралы болмақ. Бензол ароматты көмірсутектердің алғашқы өкілі.Жалпы формуласы СnH2n-6   Бензол кездейсоқ ашылған қосылыстардың бірі. 19 ғасырдың басында Лондон қаласының көшелерін газбен жанатын шамдармен жарықтандыра бастады. Бұл шамдардың бір кемшілігі, олар жазды күні жақсы жарық беріп, ал суық күндері сығырайып, жөндеп жанбады. Оның себебі, газ сақталатын ыдыс түбінде белгісіз бір сұйықтықтың жиналуы және әсіресе, суық күндері көп мөлшерде жиналуы болды.Белгілі физик, әрі химик М.Фарадей газды шам шығаратын зауыт иелерінің сұрауы бойынша ол сұйықтықтың құрамын, қасиеттерін зерттеді. Қалай ойлайсыңдар, 1825ж М.Фарадей қандай формуланы есептеп тапты? (С6Н6).1865 жылы неміс ғалымы Ф.Кекуле бензолдың құрылымдық формуласын ұсынды: (презентация , слайд 7). Екі топ келтірілген формула бойынша бензолдың шарстерженьді моделін құрастырады.Сұрақ: Бұл көмірсутекті қосылыстардың қай класына жатқызуға болады?

СН3 – СН3 СН2 = СН2 СН2 = СН – СН = СН2 СН Ξ СН



Сараптама жасау: Қорытынды: Біз қарастырған көмірсутектердің кластарының біреуіне де жатқыза алмаймыз. Бензолдың молекулалық формуласына қарасақ, өте қанықпаған көмірсутек, ал құрылымдық формуласы бойынша әрі дара, әрі қос байланыстары бар циклді қосылыс.







Қолдану

Топтық жұмыс

5 мин

Топтарға тапсырма: Оқулықпен жұмыс Кластер құру: І топ: Бензолдың құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру ІІ топ:Бензолдың алыну жолына тоқталу

Есеп шығару: 13.44 г ацетиленнен 12 г бензол алынды.Бензол шығымын теориялық мүмкін болатын шығыммен салыстыр. 3С2Н2 → С6Н6 78 г – 78 г бензол 13,44 г - 100% 13,44 г – х г х = 13,44г 12 г – х % х = 89%

Тығыздығы ауа бойынша 2,69 –ға тең 7,8 г белгісіз газ жанғанда 26, 4 г көміртек (4)оксиді түзіледі.Молекулалық формуласын тап. M = 29 • 2,69 = 78 44 г – 12 г С х : у = 7,2/12 : 0,6 /1 = 0,6: 0,6 СН 26,4 г – х г С Mr(CH) = 13 x = 7,2 78/13 = 6 C6H6 бензол Реакция теңдеулерін жаз: Метан---ацетилен---бензол----циклогесан

Оқушылармен топтық жұмыс жүргізіледі, топта талқылап, постер қорғайды









Талдау: 3мин

Венн диаграммасы. Ацетилен мен бензолды салыстыру.



Жинақтау 3 мин

V Tапсырма. Тест жұмысы.





Бағалау

2 мин

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды





Рефлексия

«Тазалық» Рефлексия жүргізу:

2мин

«Тазалық»-ойыны Үш зат (чемодан,еттартқыш, қоқыс жәшігі беріледі) оқушылар өздеріне тақырып бойынша «керек емес» болған артық дүниені-қоқыс жәшігіне, тақырыптан алған «керекті ақпаратты» чемоданға, «әлі оқуым толықтыруым керек» деген мәліметті –еттартқышқа салады.

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.





Үйге тапсырма

§ 2.12, 2.13 №7,8 жат















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі