Материалдар / Архимед заңы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Архимед заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Архимед
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2023
351
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қатты заттардағы, сұйықтардағы және газдардағы қысым

Күні:

Сынып: 7

Мектеп:

Мұғалімнің аты –жөні: Божаева Алтынай

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Сұйықтардағы және газдардағы Архимед күшінің табиғатын сипаттау;

  • Архимед күшінің қандай физикалық шамаларға тәуелділігін анықтау;

  • Архимед күшінің формуласын білу;

  • Денелердің жүзу шарттарын білу;


Сабақ мақсаттары

  • Сұйқтар мен газдардың ішінде кері итеруші күштің болатынын білу, оның табиғатын түсіну;

  • Архимед заын білу, Архимед заңын есептер шығарда қолдана білу;

  • Денелердің жүзу шартын білу.

Бағалаукритерийлері

Білу және түсіну:

Сұйықтардағы және газдардағы Архимед күшінің табиғатын түсінеді Қолдану және сыни тұрғыда ойлау:

Архимед күшін анықтап, Архимед заңын тәжірибеде тексереді.

Тілдік мақсаттар

Архимед күші сұйықтық немесе газ тарапынан денелерді кері итеруші күш екендігін біледі. Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі:

Арнайы пәндік лексика және терминология:

қысып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші.

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.

Архимед күші - … физикалық шамаларға тәуелді.

Дене сұйықта жүзеді, егер оның тығыздығы …

Дене сұйыққа батады, егер оның тығыздығы …

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

  • Оқушылар өзгенің пікірін бөлмей, соңына дейін сабырмен тыңдай біледі. Қажет болса өз пікірін қосады.

Ынтымақтастық

Оқушылар топтарда демонстрациялар жасап, бақылаған құбылыстардың себебін түсіндіруде бір-біріне көмек береді. Топта өзара рөльдерді бөліседі.


Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру, өлшемдерді алу математика пәнімен байланысты. Архимедтің математика ғылымына қосқан үлесі туралы да қарастыру. География, Дүние жүзі тарихы пәндерімен де байланыстыруға болады.

АКТ қолданудағдылары

Сабақ барысында видео, презентацияларды АКТ көмегімен көрсету

Бастапқы білім

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

І. Өткен сабақта қарастырылған мәселелерді еске алу

1.Сұйықтардағы және газдардағы қысым деген не?

2.Газ және сұйықтардағы қысым қалай анықталады?

3. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай өзгертуге болады?

4. Біз қалай тыныс аламыз?Түсіндір.

5.Атмосфералық қысым деген не?Ол жер бетінен биіктікке қалай тәуелді.Неге?

6.Самолеттың қандай биіктікте ұшып бара жатқанын қалай есептеуге болады?


Сабақтың ортасы






































 Тақырыпқа шығу (5 мин):

Сыныпқа Сиракуз қаласында болған оқиға туралы бейне фильм көрсетіледі.

Бейнематериалды талдау. Ойларымен бөлісу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

С иракуз қаласын картадан көрсету. Ежелгі және қазіргі картадағы бейнесі.













Пән аралық байланыстан: Сиракуз қаласының қоршауда қалуы, Архимед ойлап тапқан құралдар катапульта, Архимед айнасы, пи саны, т.б.

Проблемалық сұрақ? (5 мин)

Қарастырған үзіндіде Тәждің көлемін анықтау керек болды, қалай анықтауға болады?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Тәжірибе (8 мин):

Сұрақ: суы бар ыдысқа пластилиннен жасалған шарикті батырып көреміз, ол сол сәтте батып кетеді. Енді осы пластилиннен қайық жасап батырайық, не бақылауға болады?.

Оқушылар жауабын тыңдау: қайық суда жүзеді.

Жауаптарын талдау, енді осы күшті зерделеп көрелік.Оқушыларға құрал-жабдықтар ұсынылады.

Архимед күші қандай себептерге тәуелді және тәуелді емес зерттеп көрейік.

  1. Топ. Екі түрлі сұйықтыққа бірдей денелерді батыру. Кері итеруші күшті зерттеу

  2. Топ. Архимед күшінің тереңдікке тәуелділігін зерттеу

  3. Топ. Көлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан жасалған денелерді суға батыру

Жұмыс барысын оқушылар өздігінен құрып қарастырады. Нәтижесінде оқушылар ығыстырушы күштің формуласын қорытып шығарады

Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.

FА = ρcVдg

Vд-суға батырылған дене көлемі, ρс– сұйық тығыздығы, g –еркін түсу үдеуі, 9,8 Н/кг.

Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Архимед заңын былай тұжырымдайды:

Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамалы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.

Архимед күшін өлшеу әдісі

Демонстрация

Дене салмағын ауада және суда өлшейміз. Дененің ауадағы және судағы салмақтарының айырмасы Архимед күшіне тең болады.


Деңгейлік есептер шығару (тақтамен жұмыс) (10 мин)


І деңгей

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы – 1000кг/м3. (Жауабы: FA=1H)


ІІ деңгей

Көлемі 2дм3 дене толық суға батырылған.Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18Н болса,дененің тығыздығы қандай?(Жауабы: ρ=900кг/м3)


ІІІ деңгей

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған.Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы-7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы-800кг/м3.

Мақсаты: Архимед күшін есептейтін формуланы есептер шығаруда қолдану.

Бағалау: Критерий бойынша.

Есеп шарттын түсініп, берілгенін дұрыс жазу.

ХБЖ айналдыру.

Архимед заңын қолдана отырып, формулаларды түрлендіріп, қорытқы формула шығару. Талдау жасау.

Дұрыс есептеу жүргізу.

Жауабын нақты жазу.


(Мультфильмнен үзінді 40 сек)









http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5259-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/4_17.swf













Пластилин, суы бар ыдыс











Сабақтың соңы.


Сабақты бекіту.

Рефлексия

Кері байланыс.



5 мин


Сабақтың соңында алған осы сабақта қол жеткізген білімдері бойынша қорытынды викториналық ойын ойнатылады.







Кері байланыс. «Мұғалімге хат» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.



Үйге тапсырма: Тақырып бойынша кітаптан есептер беріледі.


ДК экраны






https://wordwall.net/ru/resource/52948866



https://ahaslides.com/P1PL5



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:сыныптағы ауа қысымын шамамен анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі:

- парта бетіне әсер ететін атмосфералық қысым күшін есептей алады;

- демонстрацияларды мұқият бақылай алады.

Кейбір оқушылар:

атмосфералық қысым әрекетінен пайда болатын құбылыс себептерін түсіндіре алады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!