400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Архимед заңы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ бөлімі:

7.3.А.Қысым

Күні:

Сыныбы: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:Арықбай А

Қ.Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп-гимназия

Сабақтың тақырыбы


Кері итеруші күш. Архимед заңы.

Оқу мақсаты



7.3.1.12. сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары

1.Барлық оқушылар: Сұйыққа батырылған денеге жоғары қарай бағытталған кері итеруші күштің табиғатын түсіндіреді.

2.Көпшілік оқушылар: Кері итеруші күштің мәнін тәжірибе арқылы анықтайды.

3.Кейбір оқушылар: Архимед заңын қолдана отырып есептер шығарады.


Бағалау критерийі







1.Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететінкері итеруші күштіңнақты шамасынтеориялық жолмен табады.

2.Кері итеруші күштің мәнін анықтайтын тәжірибені орындайды.

3. Архимед заңының формуласын пайдаланып, деңгейлік есептер шығарады.


Тілдік мақсат


Архимед күші.Кері итеруші күш әрекеті,кері итеруші күштің модулі, дененің жүзу шарттары,сұйық пен дененің тығыздықтары.

Дененің салмағы, эврика.

Құндылықтарды дарыту

Білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдана білу;

Ғылыми зерттеу дағдысын қалыптастыру,

Сын тұрғысынан ойлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих, химия

Алдыңғы білім


7- сынып физика курсынан тығыздық,масса, дененің салмағы және ауырлық күшін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабаққа оқушыларды шоғырландыру, сабақ мақсатымен таныстыру

3минут






2 минут

«Зейінді шоғырландыру»

Тәжірибе:

    1. стаканда таза су құйылады.

    2. Екінші стакандағы таза суға тұз салу.

1.3Стаканға картопты кезекпен салу.

Тәжірибенің нәтижесі бойынша :

Таза суда картоп батып кетеді.

Тұзды суға қалқып шықты.

Ситуациялық сұрақ:

1.Бақылаудан нені байқадыңдар?

Тәжірибе нәтижесін қалай қорытындылар едің?

Ендеше видематериалға көңіл бөлейік: «Архимед туралы аңыз»

Оқушылардың пікірін біле отырып,

бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.


Су құйылған

  1. стакан, тұз, картоп.








Видеоматериал «Архимед туралы аңыз»

Сабақтың ортасы



7минут





Қорғау 6 минут







2 минут



3 минут





2минут









8 минут







2 минут

Сыныпты гетерогенді топқа бөлу.

«Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі

Топтық жұмыс:

1 топ: Кері итеруші күштің сұйықта және газда әрекет етуі.(№ 1,4 тапсырма)


2топ: Кері итеруші күшті теориялық жолмен есептеу. (№2-тапсырма)


3топ: Бейнематериалдан тәжірибе көрсету арқылы Архимед күшін анықтау. (№3-тапсырма)


4топ: Денелердің жүзу шарттары

(№5 тапсырма)

Бағалау:

2 жұлдыз, 1 ұсыныс


Жұптық жұмыс:

Тапсырмалар:

  1. Денелердің жүзу шарттарын тәжірибеде анықтау.

(үш шарттын және формуласын анықтау)

Бағалау:

Дескриптор:

Білім алушы

-құтыда әрекет етуші күштерді белгілейді;

-күштерді салыстырып, әр жағдай үшін қорытынды жасайды;

-Денелердің жүзу шартын пайдаланып,әр ыдыстағы сұйықтардың тығыздығын бағалайды;


Жеке жұмыс:Деңгейлік тапсырма.

  1. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін кері итеруші күшті анықтайтын есеп.

  2. Архимед күшінің формуласын түрлендіруарқылы шығаратын есеп.

  3. Дененің химиялық құрамын анықтайтын (№4,6 жаттығудағы №7) есеп.

1.Суға 100 см³ дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы

1000 кг/м³. 2.Керосинге массасы 500 г темір кесегі батырылған.Ығыстырушы күшті анықтаңдар.(темірдің тығыздығы-7900 кг/м³,ал керосиндікі -800 кг/м³).

3.Гиерон патшасының алтын тәжінің ауадағы салмағы 20 Н, ал судағы салмағы 18,75 Н болсын.Тәж затының тығыздығы қандай? Алтынға тек күміс қосылған деп болжап, тәждің құрамында қанша алтын, қанша күміс барын табыңдар

Бағалау:Дайын жауап үлгісі арқылы

жұптық бағалау.

Оқулық,а-4 парақтары , маркерлер, стикерлер,ноутбукке жазылған бейне материал.














Су құйылған стакан,

ішінде боялған сұйығы бар шыны құты.

Бала саны бойынша жұпқа дайындалады. Дискриптор парағын тарату.
















Есептер жазылған қарточкалар






Сабақтың соңы


2 минут

Рефлексия:

«Табыс сатысы»

  1. Баспалдақ Мен .................білемін

  2. Баспалдақ Мен.................түсінемін

  3. Баспалдақ Мен................жасай аламын

Кері байланыс:Ауызша жүргізу арқылы сабаққа қорытынды жүргіземін



Стикер




Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз




Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ

Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақта гетерогендік топқа бөлу арқылы топтық тапсырма беру, жұптық практикалық жұмыс жүргізу, жеке топтарға деңгейлік тапсырма беруарқылы қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсетуді жоспарладым.

Топтық жұмыстың нәтижесін 2 жұлдыз, 1 ұсыныс, тәжірибелік жұмысты- критерий арқылы,жеке есептерді дайын жауап үлгісі арқылы жұптық бағалау жүргіземін. Жалпы сабақтағы білімді игеру нәтижесін білуге рефлексия жасау үшін « табыс баспалдағы» әдісі, ал кері байланысты ауызша жүргізуді жоспарладым.

Сабақта ежелгі Архимед заңының жаңғыруы тарихпен, математикалық құндылықтармен, химия пәніндегі металдардың негізгі қасиеттерімен байланыс, АКТ,

сын тұрғысынан ойлау, ғылыми-зерттеу дағдылары құндылықтарын жоспарыма негіздедім.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)

1,

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі