400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Архимет күші тақырыбына есептер шығару және қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабақ жоспары. Практкалық жұмыс тақырыбына құралған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Физика

7- сынып

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Архимед күші, атмосфералық қысым, газ, сұйық, қатты денелердің қысымы туралы материалдарды пысықтау, бекіту, жүйелеу;

Дамытушылық: Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызғушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жарыс сабағы

Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы

Әдісі: жеке, топпен жұмыс, тест

Пәнаралық байланысы: ағылшын, орыс тілдері

Көрнекілігі: сызбалар сызылған плакаттар, физик-ғалымдардың суреттері, тесттер, кеспелер, бағалау парағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.



Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім

1. «Бәйге» жарысы

2. Полиглот

3. Ойлан, тап!

4. Сен білесің бе?

5. Физикалық тест

6. Топбасшылар сайысы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Үйге тапсырма



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақтың мақсатын таныстырып өту.



ІІ. Негізгі бөлім



  1. «Бәйге» жарысы

Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.



Эстафеталық білім картасы



Тобы:_______________ Аты-жөні: ______________________________



№

Физикалық шамалар

Математикалық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық




2

Уақыт




3

Масса




4

Көлем




5

Ауырлық күші




6

Салмақ




7

Қысым




Жалпы балы ______ Бағасы ______





№

Физикалық шамалар

Математи-калық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық

ν=l/t

м/с

Спидометр

2

Уақыт

t=s/ν

с

Сағат, секундомер

3

Масса

m=ρV

кг

Таразы

4

Көлем

V=m/ρ

м3

Мензурка, сызғыш

5

Ауырлық күші

Fa=mg

Н

Динамометр

6

Салмақ

P=mg

Н

Динамометр

7

Қысым

P=F/S

Па

Барометр



Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі.







  1. Полиглот

Полиглот бөлімінде физикалық шамалардың белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың қандай шама екенін тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде плакатқа жазып, оны тақтаға шығып оқып береді.

№1



№

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

V




2

Fүйк




3

t




4

ρ




5

Fa




6

h






№2



№

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

s




2

FА




3

l




4

P




5

ν




6

S






Жауаптар



№

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

V

көлем

объем

volume

2

Fүйк

үйкеліс күші

сила трения

the working power

(force power)

3

t

уақыт

время

time

4

ρ

тығыздық

плотность

the mass

5

Fa

ауырлық күші

сила тяжести

power weight

6

h

биіктік

высота

higher

7

s

жол

дорога

way

8

FА

Архимед күші

сила Архимеда

Archimedes power

9

l

ұзындық

длина

the long (length)

10

P

салмақ

вес

weight

11

ν

жылдамдық

скорость

the speed

12

S

аудан

площадь

square

Ағылшын тілі, орыс тілі мамандары оның дұрыс оқылуына қарап бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан беріледі.



3. Ойлан, тап!

Әр топқа өткен тақырыптарға есептер шығарту мақсатында есептер жазылған карточкалар таратылады. Ал қалғандары сұрақтар жазылған карточкалар алып жауап береді. Есептер мен сұрақтар жауаптары 5 балдық жүйемен бағаланады.



4. Сен білесің бе?

Бұл кезеңде физик-ғалымдардың суреттері жасырылады. Әр топбасшысы шығып, сурет таңдап алады. Ондағы суреті шыққан ғалымның аты-жөнін, қай елдің ғалымы екенін, ғылым саласына қосқан үлесін айтып өтеді. (Әл-Фараби, Коперник, Ньютон, Паскаль)







5. Физикалық тест

10 сұрақтан тұратын тест таратылып алынады



Физикалық тест



1. Деформация дегеніміз не?

А) Дененің өзгеруі

Ә) Дененің тоқтауы, сынуы

Б) Дененің ағуы

В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі

  1. Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ...
    А) барометр

Ә) альтиметр

Б) анероид

В) барометр-анероид

  1. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
    А) Р=Ғ/S

Ә) Р=gрh

Б) Р=gт

В) Р=mV

  1. Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?

А) пластикалық

Ә) деформацияланған

Б) серпімді

В) өзгертілген

5. Күшті өлшейтін құрал?

А) танометр

Ә) динамометр

Б) альтиметр

В) амперметр

6. Ауырлық күші дегеніміз –

А) салмақ түскендегі күш

Ә) механикалық күш

Б) дененің Жерге тартылу күші

В) сырттан әсер етуші күш





7. Тығыздықтың өлшем бірлігі

А) м/с

Ә) м3

Б) сағ

В) кг/м3

8. Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ..... деп аталады

А) ауырлық

Ә) серпімділік

Б) қысым

В) үйкеліс

9. Нормаль қысым күшін .... әрпімен белгілейді.
А) N

Ә) R

Б)

В)

10. Гук заңын өрнектейтін теңдеу

А) Ға=mg

Ә) Ғ=mN

Б) Ғ=kх

В) р=m/V





6. Топбасшылар сайысы

Бұл кезең 5-ші кезеңмен қатар жүреді. Әр топтың топбасшысы шығып, тәжірибелер көрсетеді. Тәжірибе түрлері мынадай:

  1. Мензурка көмегімен денелер (тығыздығы белгілі 2 дене) көлемін өлшеу және осы анықталған көлемді және кестеден дене тығыздығын пайдаланып, дененің массасын анықтау.

  2. Таразы көмегімен дене массасын өлшеу және анықталып отырған шама бойынша дененің Айдағы және Жердегі ауырлық күшін табу.



V. Сабақ қорытындысы:

Бүгінгі сабақта не үйрендік ? ( )

Көмек қажет ететін оқушылар барма?

Қандай қиындықтар кездеседі ?

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды атап, бағалау



Оқушыларды бағалап, озып шыққан топты анықтап, мадақтау.



ІV. Үйге тапсырма: §55, 29-жаттығу

























Түсініктеме

Әр сабақты жоспарламас бұрын мен өзімнің алдыма мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолдарын іздедім, яғни оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыра отырып өз ойларын ашық және нақты жеткізе алу арқылы сабақта белгілі бір нәтижеге жету болды. Қазіргі заман талабына сай үш тілді сабағыма енгізуді жөн санадым. Топта отырған оқушылар бір - бірімен диалог құрып, өзара әңгімелесе отырып, бір - біріне түсінбегенін түсіндіріп, тығыз қарым - қатынасқа түсе бастады. Сабақты бастамас бұрын топтарға әр топ ережесін жазыңдар дедім.

-Бір-бірімізд тыңдаймыз. -Мұғалімді тыңдаймыз. - Басқаның пікірін тыңдаймыз. - Топтың әр мүшесін сөйлету. - Оқушының әр сөзін тыңдау. - Қате жауапты сынамау. Бұл ереженің жақсы жері оқушылар шулап, бір - бірін тыңдамай, сөздерін бөле берген кезде ережені көрсете қоямын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі