400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Архивтеу туралы түсініктеме. Архиваторлар.Архивті құру туралы мүмкіндіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу бағдарламалары көмегімен архивтеледі (сығылады). Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді, Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу кажеттілігін көрсетеді; үшінші байт -қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №22

Пәні: информатика

Тобы №60

Сабақтың тақырыбы: Архивтеу туралы түсініктеме. Архиваторлар.Архивті құру туралы мүмкіндіктер

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Ақпаратты архивтеу және архиваторлар жайлы түсінік беру; архивтеу параметрлерімен таныстыру; архивтеу әдістері туралы түсініктерін кеңейту; Файлдарды архивтеу мүмкіндіктерін көрсету

Дамытушылық:

Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға, ақпаратпен еркін жұмыс жасауға дағдыландыру; пәнге, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік:

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, компьютерлік сауатты болуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққы, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:

Компьютер, интербелсенді тақта, проектор, «Sin kaz» электрондық оқулық

Сабақты жүргізу кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Студенттерді түгендеу;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  1. Жаңа тақырыпты баяндау


Архивтеу туралы түсініктеме. Архиваторлар.

Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу бағдарламалары көмегімен архивтеледі (сығылады).

Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді, Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу кажеттілігін көрсетеді; үшінші байт -қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады.

Файлдарды архивтеудің жоғарыда көрсетілген немесе баска да архивтеу алгоритмдерін колданатын әртүрлі (ZІР, RАR, АRJ және т.б.) әдістер бар. Архивтеу әдістері файлдарды сығу дәрежесімен, орындау жылдамдығымен және басқа да параметрлерімен ажыратылады. Мәтіндік және графикалық файлдар өте жақсы сығылады, ал архив файлдары іс жүзінде сығылмайды.

Архиваторлар. Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы бағдарламалар -архиваторлар (WinZір, WinRAR, РоwегАrсhіvег және т.б.) бар.

Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі -МS-DОS, \Windows, Lunix және т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.

WinRAR RAR және ZІР архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көпатомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.







VІ. Жаңа тақырыпты бекіту

Тәжірибелік жұмыс – Компьютерде жұмыс істеу арқылы тарсырмаларды орындау.

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау – бейнесін көру.


1-тапсырма: Жұмыс үстелі арқылы бума жасау және оны мұрағаттау.


Сергіту сәті



2-тапсырма: Мұрағатталған құжаттарды өз қалпына келтіру.


3-тапсырма: «Sin kaz» электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау


  1.  Сабақты қорытындылау (14 мин)

  1. Архивтеу дегеніміз не?

  2. Архиваторлардың пайдасы барма?

  3. Архиваторлардың қандай түрлері бар? Айырмашылығы бар ма?

  4. Жүмыс үстеліндегі құжатты архивтеп беру.

  5. Архивтелген құжатты орнына келтіру.


Жаңа тақырыпқа сараптама жасау;

Жеткен жетістіктерін айту;

Жіберген кемшіліктерін көрсету;

Белсенді студенттерді бағалау;

Жұмыс орнын жинастыру.

VI. Үй тапсырмасы (1 мин)

Е.Қ. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық технологиялар информатикадан 30 сабақ» (174-180 бет) оқу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі