ӘРІ
ШИПАЛЫ,ӘРІ ЗИЯНСЫЗ ӨСІМДІКТЕР
Қазақстанның
оңтүстік шекарасын солтүстіктен
бөліп,1800 шақырымға созылып жаткан
аймағын орманды даланың,жазықтардың,шөл
және шөлейт алып жатқаны,Республикамыздың
батысында каспий теңізінің,шығысында
Алтай жоталарының,оңтүстігінде
Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны
мәлім.Қасиетті қазақтың осынау дархан
даласымен орман тогайында 6 мыңнан астам
өсімдік,500 түрлі құс,178 түрлі аң,49 түрлі
бауырымен жорғалаушылар,12 түрлі
қосмекенділер болса,өзендермен көлдерде
балықтың 107түрі бар.
Адамзат
тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің
маңызы өте айрықша.Халық емшілерінің
тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік
өсімдіктерді жетік білген,онымен малдыда
адамды да емдеп,жаза алған атақты
тәуіптер болған.Солрдың бірі- Найманның
Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші
Досханұлы.Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі
Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен
емдеп жазады.Халық емшісі 1787 жылы
Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп,1850
жылы Мыңжылқы құдығына таяу маңдағы
күзеуде қайтыс болады.Ырғызекең бала
жасынан емдік шөптерге үйір болса
керек.Емші шипалы тамыр шөптерді жаз,
күз айларында,әбден толысып піскен
шағында жинайтын көрінеді.Әрине әрбір
шөптің теру тәсілі сақтау ережесі бар
гой.Бір шөпті таңгы шық кеппей тұрып
жинау қажет болса,екіншісін тек қана
кешкілік терген дұрыс.Ыргғызбай емші
өсімдіктердің шипалы тамырларын
жаңбырдан кейін ,қараңғы түсе жұлып
жиниғанда,күн сәулесі түспейтін
көлеңкеде,самал есетін,тыныс алатын
орындарда кептіріп жинаған.
Ырғызбай
емшінің кезінде айтып кетуі бойынша
,кейбір шөптермен тамырлар аралас
кептірілсе,сақталса күш қуатын жояды
екен.
Емші
өсімдіктер тарихынан.
Ертедегі
мысырлықтар алоэ,қараған,
анис,медуница,зығыр,лотос,көкнәр,жалбыз,тал,
арша,тәрізді өсімдіктердің шипалық
қасиетін ежелден біліп пайдаланған.Ғажап
сиқыры бар шөптермен Үндістанның760
дәрілік өсімдіктерді халық еміне
қолданғаны жөнінде деректер бар.Қазақтардың
қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып
П.С.Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда
өсетін қырықбуын қылшасының шипалық
қасиетін ашты.
Дәрілік
өсімдіктер:
алтын тамыр,адыраспан,арша,ащы мия,арпа,
дәрмене жусан,женьшень,мойыл,жалбыз,шай
шөп,аскөк, жөке ағашы,тобылгы, қара пышақ
күшәла, қарандыз,шетен,итмұрын,орман
бүлдіргені.