400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар – сандар тізбегінің екі түрі. Олар математикалық есептерде, күнделікті өмірде (мысалы, үнемі өсетін немесе азаятын жағдайларда) жиі қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Тізбектер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.3.5арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

-Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

Құндылыққа баулу

Құндылықтар:

Әділдік:тапсырмаларды орындау барысында есептің шешімін дұрыс жолмен табуға, топтық жұмыс кезінде әркімнің пікірін әділ бағалауға, өз еңбегі мен сыныптасының еңбегін әділ мойындауға үйренеді.

Жауапкершілік:есеп шығарудағы қателерін талдап, өз жұмысының нәтижесіне жауап беруге, тапсырмаларды уақытылы әрі мұқият орындауға дағдыланады.

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу. Білім алушылардың қызығушылықтары мен зейінін шоғырландыру.
    Cыныпты 3 топқа бөлу

(Арифметика, прогрессия, тізбек)












Миға шабуыл:

“Padlet” платформасында тапсырма орындау

Алдыңғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою

1.Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?

2. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы қандай?

3.Алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы?

4.Арифметикалық прогрессияның сипаттамалық қасиеті қандай?

5.Арифметикалық прогрессияның айырымын табу формуласы?

айырма — прогрессияның қаншаға өсіп (немесе кеміп) жатқанын көрсетеді.

6.“Прогрессия” сөзінің мағынасы?

7.Арифметикалық пргрессияны сандар тізбегінің берілуінің қандай түріне жатқызуға болады?


Жасанды интеллект көмекшісін тыңдап, құндылықтарға қатысты сөйлемдерді тыңдату.

– Әділ болу дегеніміз – шындықты айту, өзгенің де, өз құқығыңның да бұзылуына жол бермеу.

– Өз ісіме жауапкершілікпен қараймын, себебі әр әрекетімнің салдары бар екенін білемін және сенімге лайық болғым келеді.

– Егер әділетсіздік көрсем, мен үнсіз қалмаймын, шындықты қорғауға тырысамын.

– Әділ адамды мен сенімді, шыншыл және адал жан деп атаймын.

– Өз уәдемді орындамасам, адамдардың маған деген сенімін жоғалтамын және өзіме де ренжимін. Сол үшін уәде берсем – міндетті түрде орындаймын.

Сабаққа белсенді қатысуға дайындалады.


“Padlet” платформасында сұрақ-жауаптапсырмасын орындайды.


Жауап: Арифметикалық прогрессия — әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшесіне тұрақты санды қосу арқылы алынатын тізбек.

Жауап:

Жауап:

немесе

Жауап: Кез келген мүшесі — көршілес екі мүшенің арифметикалық ортасы:

Жауап: Айырма — арифметикалық прогрессияда қатар тұрған екі мүшенің айырмасы, яғни:

«Прогрессия» сөзі латынша "progressio" сөзінен шыққан, мағынасы — "алға жылжу", "ілгерілеу" деген мағынаны білдіреді.

d =

Жауап: Алдыңғы мүшеге байланысты анықтайды, сондықтан бұл рекурренттік (қайталанбалы) берілу деп аталады.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


https://studio.d-id.com/share?id=7a8f7d7eb079f2ea59a1839122c09f1e&utm_source=copy жасанды интеллектісі арқылы жасалынған бейне

Қима қағаздар












https://padlet.com/ashirovdau/padlet-i4b6w123lhstw2tk


Сабақтың

басы


10 минут

1 тапсырма. Топтық жұмыс
«Формулалар Лабиринті» әдісі




Әр формуланы оның атауымен анықтайды.

р/с

формула

Формуланың атауы

1

n-ші мүшесінің формуласы

2

Алғашқы n мүшесінің қосындысы

3

Сипаттамалық қасиеті

4

Алғашқы n мүшесінің қосындысы(басқаша жазылуы)


ҚБ:өзін-өзі бағалау



Қима қағаздар

Сабақтың

ортасы


25минут

«Математикалық домино» әдісі.

а1=-3; d=0,7 a11-?


а1=18; d=-0,5 a20-?


а1=20; d=3 a5-?


а 1=5,8; d=-1,5 а21-?

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы:

  1. Альпинист бірінші күні 1400 метр биіктікке дейін көтеріледі, ал екінші күні алдыңғы күнге қарағанда 100 метр кем қозғалыс жасайды. 5000 метрді альпинист неше күнде жүріп өтеді.

  2. Дәрігердің кеңесі бойынша демалушы адам 5 минуттан күннің көзіне шығып отырды. Ал келесі күнде күннің көзіне шығу уақытын 5 минутқа артып отырды. Неше күннен кейін оның күннің көзіне шығу уақыты 40 минутты құрайтын болады?

  3. Құдықты қазатын жұмысшыларға алғашқы 1 метрге 30 теңге төлемақы төленетіні туралы уәде берілді. Ал келесі әр метрге алдыңғы метрге қарағанда 20 теңгеден үстіне қосылып отырады. 12 метрлік құдықты қазып шығу үшін жұмысшы қанша ақша алады?


Ж: a11=4 


Ж: a20=8,5 


Ж: =32 


Ж: а21=-24,2 .



Жауабы: альпинист биіктікті 4 күнде жүріп өтеді.



Жауабы: 8 күні




Жауабы: 1680 тг.

Топтық тапсырмаға  1 балл

Дескриптор:

-n-ші мүшенің формуласын қолданады.


ҚБ:мұғалімнің бағалау

Қима қағаздар

оқулықпенжұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі

Арифметикалық прогрессияның

болса, ні табыңдар

В деңгейі

Арифметикалық прогрессияның

a7=-1,6 және а13=4,8 екі мүшесі белгілі. Осы прогрессияның:

1)бірінші мүшесі мен айырымын;

2)теріс мүшелер санын

3)алғашқы оң мүшесін табыңдар


Дескрипторлар:

-n- ші мүшенің формуласын қолданып, ні табады.


Дескрипторлар:

- a₅ және a₁₁ арқылы a₁ мен d-ні табады.

- Теріс мүшелердің шартын жазады және санын анықтайды.

- Алғашқы оң мүшені табады.


A деңгейі 1 балл


В деңгейі
3 балл
Жалпы балл 4 балл

ҚБ: өзін-өзі бағалау.

Оқулық

9-сынып, Алгебра, авторы Әбілқасымова.Алматы,Мектеп2019

Жеке жұмыс

Тест тапсырмасы: Quzziz арқылы сабақты бекіту.

1. a1 = - 2, d = 3, а6 = ?

А) 13; В) 14; С) 16; Д) – 16


2. – 3; - 6; ... Арифметикалық прогрессияның

25-ші мүшесін табыңдар.

А) 69; В) - 69; С) - 75; Д) –72


3. a1= 10, d = - 0,1, а4 = ?

А) 9,7; В) 69; С) - 97; Д) –10,3


4. 3; 7; ... – арифметикалық прогрессия.

а10 – ды есептеңдер.

А) 36; В) - 39; С) 33; Д) 39


5. a1= 5, d = 2, а3 = ?а5 = ?

А) 9; 13 В) 14;9 С) 16; 13 Д) – 9; - 13


1-а

2-с

3-а

4-д

5-а

Әр тапсырмаға
1 балл
Жалпы балл 5 балл

ҚБ:өзін -өзі бағалау


https://wayground.com/admin/quiz/69174854cb66015248b42e07?at=691a9f6afaa2db180c529d97


Сабақтың

соңы

5

минут

Үй тапсырмасын береді

Бүгінгі сабақта алған бағаларын айтады

Рефлексия

“БББ” кестесі


Үй тапсырмаларын жазып алады

Бағалау

Кері байланыс береді.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.11.2025
60
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі