жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға есептер шығарту
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2.3.7 Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға берілген есептерді шығару
|
Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі |
|||||
Күні:12.12.2019ж |
Мұғалімніңаты-жөні: Наурызбаева Күлбаран
|
|||||
Сынып: 9 «Г» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны:
|
||||
Сабақ тақырыбы |
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға берілген есептерді шығару |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.2.3.7 Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесін ,алғашқы п мүшенің қосындысын,сараланған есептерді шығарады |
|||||
Сабақ мақсаттары |
|
|||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: біледі: -Арифметикалық және геометриялық прогрессия анықтамаларын ,қасиеттерін біледі қолданады: - арифметикалық және геометриялық прогрессия қасиеттерін ,анықтамаларын есеп шешуде қолданады; - арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесін табу формуласын есеп шешуде қолданады; -арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы п мүшесінің қосындысын табу формуласын есеп шешуде қолданады.
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
- Прогрессия,алға қозғалу,өрлеу ... - Арифметикалық прогрессия ... ; - Геометриялық прогрессия ... ; - Арифметикалық прогрессия айырымы; - Геометриялық прогрессия еселігі -Арифметикалық орта -Геометриялық орта; |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардыоқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын еркін айта білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу
|
|||||
Бастапқы білім |
Арифметикалық және геометриялық прогрессия ,п-ші мүшесін табу,алғашқы п мүшесінің қосындысын табу формуласын және қасиеттері |
|||||
Сабақтың түрі |
Тақырыпқа берілген әртүрлі есептерді тиімді жолмен шығару
|
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың Жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 5мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу ,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Шаттық шеңберіне тұру «Гүлдерді таңдау » тәсілімен топқа бөлу. Бөлу тәсілі артында жазылған сандардан арифметикалық және геометриялық прогрессия құрау арқылы 1 топ Арифметикалық өспелі прогрессия 1;4;7;10;13;16 d= 3 2 топ.Геометриялық прогрессия 3;9;27;81;243;729 q= 3 3 – топ. Арифметикалық кемімелі прогрессия 45;43;41;39;37;35 d=- 2
Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе отырып, «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу. Арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессия анықтамаларын беру Қасиеттерін ережесін айту арқылы
|
Қосымша 1
Презентация Слайд
|
||||
Сабақтың ортасы 5мин
3мин
15мин
|
1-тапсырма (Топтық жұмыс) « Формулалар сөйлейді!» тәсілі арқылы сыни тұрғыдан ойлана отырып, арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын жазу .
Дескриптор: - арифметикалық прогрессия формуласын жазады -геометриялық прогрессия формулаларын жазады -алқашқы п мұшесінің қосындысының формулаларын жазады - қасиеттеріне берілген формула жазады . ҚБ: Әр топтың мүшелері келесі топты бас бармақ әдісі арқылы бағалайды. 2-тапсырма (Жұптық жұмыс) Штурман және Пилот әдісі арқылы Штурман бағыт бағдар беруші Пилот орындаушы 1 топ a1= 7 a8 = 42 болғандағы арифметикалық прогрессияның алғашқы 15 мүшесінің қосындысын табыңдар Жауабы:117 2 –топ a1= 3 a2= 7 прогрессияның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңыз Жауабы:105 3 топ b1= 4 q=3 геометриялық прогрессия алғашқы 5 мүшесінің қосындысын табыңыз Жауабы:484
1-2 топқа Дескриптор: -Арифметикалық прогрессия айырымын табады -Арифметикалық прогрессия алғашқы мүшесін қосу формуласын қолданады -Жауабын жазады 3 – топ
-алғашқы п мүшесінің қосындысын табады Жауабын жазады
ҚБ: Әр жұп дұрыс жауабы арқылы бірін – бірі бағалайды. 3-тапсырма. .
ҚБ: Әр жұп дұрыс жауабы арқылы бірін – бірі бағалайды. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар?
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын Қорытындылау.
«Ой түбіне саяхат» әдісімен «Ерте,
ерте, ертеде...» атты
ертегі беру арқылы қорытындылау.
Тапсырма b1=4 q= 3 геометриялық прогрессияның екінші және төртінші мүшелерінен құралған геометриялық прогрессияның еселігін табыңдар? Прогрессиялардың осы тапсырманы орындағандар өзеннен өтіп, орындай алмағандар жағада қалады, ал қалғандары арғы бетке жүзіп өтіп сапарларын жалғастырды. Жолдарында биік тау кездесті де былай деп тіл қатты: «Кім бұл тапсырманы орындаса таудан кедергісіз өтеді»,- деді. Тапсырма b1*b3= 16 b2+b3=12 геометриялық прогрессияның бірінші және екінші мүшелерінің қосындысын табыңыздар? Прогрессиялардың кейбіреуі тау етегінде қалды да, қалғандары аттанып кетті. Қанша жүргені белгісіз олар жіңішке ғана көпірі бар орға кездесті. Онда мынандай тапсырма бар екен 2+3+32+...+36 қосындысын табыңдар соны ғана өткіземін
деді. Көпір арқылы бірінші дұрыс
шығарған прогрессия ғана патшалыққа
бірінші болып жетіп, ханзада болып
сайланды. |
Қосымша 2 үлестірмелі материал
флипчарт
|
||||
Сабақ соңы 2 мин |
Рефлексия Бағалау критерийлері. Оқушылар: біледі:Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға берілген есептерді шығарады
қолданады: Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын ,қасиеттерін қолданады ; - Алғашқы п мүшесінің қосындысын табу формуласын қолданады; -.
Үй тапсырмасы: Осы фигураларға Ертегі желісі бойынша есеп құрастыру Венн диаграммасын құрып келу |
|
||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Тапсырмаларды орындауларын дәліктей тексеріп, әр есептің толық шыққандығын қадағалау. Оқушыдан тапсырманы топқа түсіндіруін талап ету. |
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс Интерактивті тақтаны қолдану |
||||
«Дидактикалық материалдардағы» тапсырмалардың ең күрделілерін ғана ойлау деңгейлері жоғары балалар орындайды. Барлық сыныпқа әр кестедегі алғашқы төрт тапсырманы орындату жеткілікті. |
Есептерді дұрыс шығаруы бойынша, математикалық терминологияны дұрыс қолдануына байланысты бағалаймын.
|
Құндылықтар: Табанды еңбекке тәрбиелеу; Тапсырмаларды толық орындауға дағдыландыру |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген