400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арифметикалық прогрессия

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесінің формуласы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Арифметикалық прогрессия, арифмети -

калық прогрессияның айырымы ұғымын және

олардың жалпы мүшелерінің формуласын

анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Бұл ұғымдарды

түсіндіре отырып, берілген тізбектің арифметикалық

прогрессия болатынын анықтай білу бейімділіктерін

қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау

қабілеттері мен есте сақтау қабілеттерін, есептей білу,

білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұжымдық ауыз

біршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: Іздендіру тәсілі

Топтастыру тәсілі

Сұрақ – жауап

Деңгейлеп саралап оқыту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақты өту жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру (тест арқылы)

  3. Өткен тақырыпты қорытындылау. («Ғажайып үштік» деп аталатын ойын арқылы)

  4. Жаңа сабақ.

  5. 1 – тур. Ауызша есептер.

  6. 2 – тур. Жазбаша есептер.

3 – тур. Деңгейленген тапсырмалар. Мақсаты таудың шыңына шығу үшін, 3 деңгейлі тапсырманы орындау керек.

  1. Бекіту. (Миға шабу әдісі бойынша)

  2. Қорытындылау.

  3. Бағалау.

  4. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: Сыныптағы қажетті тәртіпті орнатып, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Өткен тақырыпты қорытындылау. «Ғажайып үштік»

10 (1) Тізбек дегеніміз не? Мысал келтір.

10 (2) Шекті және шексіз тізбек дегеніміз не? Мысал келтір.

10 (3) Өспелі және кемімелі тізбек дегеніміз не ? Мысал келтір.

20 (1) Бірсарынды тізбек дегеніміз не? Мысал келтір.

20 (2) Рекуренттік тәсілмен берілген тізбектер дегеніміз не?

20 (3) 13,23, 33, 43, 53, 63, 73, 83, 93. Бұл қандай тізбек?

30(1) бұл қандай тізбек?

30(2) тізбектің мүшелерін тап?

30(3) а5 – неге тең?

  1. Жаңа сабақ. Арифметикалық прогрессия.

4 – ке бөлгенде 1 қалдық қалатын натурал сандар тізбегін қарастырайық.

5; 9; 13; 17; 21; .....

Бұл жерде екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 4 санын қосқанда шығатын тізбек пайда болады.

Анықтама: Екіншісінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдыңғы мүшеге тұрақты d санын қосқанда шығатын тізбек арифметикалық прогрессия деп аталады.

d - саны арифметикалық прогрессияның айырымы деп аталады.

Сонымен, арифметикалық прогрессия берілу үшін а 1 мүшесі мен d айырымы берілуі жеткілікті.

Мысалы:

  1. болса

арифметикалық прогрессия шығады.


  1. болса

арифметикалық прогрессия шығады.


  1. болса

арифметикалық прогрессия шығады.

Бұдан егер айырым оң сан болса өспелі арифметикалық прогрессия, ал айырым теріс болса кемімелі арифметикалық прогрессия болады екен.

Демек, арифметикалық прогрессияның - ші мүшесі мен d айырым берілсе, оның кез келген мүшесін анықтайтын формуланы табуға болады.

…………………………………………

- арифметикалық прогрессияның n – мүшесінің формуласы

- арифметикалық прогрессияның белгіленуі

Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті

арифметикалық прогрессияның қатарлас үш мүшесінің

ортаңғысы екі шеткі мүшелерінің арифметикалық орташасына

тең.


2 - мысал:

________

Шешуі:

=0,62+0,24 49=12,38

Жауабы: 12,38

Оқушылармен жұмыс.

  1. Ауызша есептер шығару

  1. 7, 9, 11, 13, 15

  2. 26, 21, 16, 11

  3. 1,2, 0,9, 0,6, 0,3

  4. 3, 13, 23, 33….. арифметикалық прогрессия бола ма? d =10 болады.

  5. -15, -5, 5, 15….. арифметикалық прогрессия бола ма? d =10 болады.

  6. 3, 33, 333, 3333….. арифметикалық прогрессия бола ма? болмайды.

  7. ,25 - неге тең? 5, 10

  1. Жазбаша есептер шығару

  1. саны соңғы мүшесі болатындай 8 мүшеден тұратын арифметикалық прогрессияны жаз?

  1. Деңгейленген тапсырмалар


  1. , d=0,5, n=11

  1. , d=-0,4, n=30

  1. , d=3,

Бекіту. «Миға шабуыл» әдісі бойынша.

  1. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?

  2. Арифметикалық прогрессияның айырымы дегеніміз не? Оны қалай табамыз?

  3. Арифметикалық прогрессияның n – мүшесінің формуласы неге тең?

  4. Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қандай?

Қорытындылау: Сонымен, арифметикалық прогрессия екінші мүшесінен бастап, кез – келген мүшесі өзінің алдыңғы мүшесіне тұрақты d санын қосқанда шығатын сандық тізбек. Ал, d саны арифметикалық прогрессияның айырымы деп аталады. Арифметикалық прогрессияның n – мүшесінің формуласы тең екен. Ал қасиеті тең екен.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру. 170-175 есептер.

Жеке озық оқушыға: 178,179 есептер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі