400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-мүшесінің формуласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның айырымы, п-ші мүшесінің формуласы мен қасиеттерімен таныс бола отырып, оларға берілген есептерді шығара білуге, логикалық ойлануға дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы» 
Мақсаты:  Тәуелсіздік алған 26 жылда Қазақстан Республикасының қол жеткізген жетістіктері туралы терең мағлұмат беру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру,
Елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату , болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті азамат болуға тәрбиелеу.

Д.Темірбеков : Мектеп, сап түзеп, түзеліңдер! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін!

Фанфар дауысы


«Н.Назарбаев» слайд-шоу жүріп тұрады.

Оқушылар шығып, тақпақтар оқиды.

1-оқушы Ұлан 5 ә

Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
2-оқушы Айжарық 5ә
Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жүгін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

3-оқушы Ғани 5а
Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазық қағып, құраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
4-оқушы Шариғат
Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!

5-оқушы Ризабек :
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын, Нұрлы ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.



6-оқушы Таңжарық:

Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық әлемде, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН! 

7-оқушы Елдар:

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

8-оқушы Шалқар:

Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

9-оқушы Елдар

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің елбасыны қолдайтын.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

2-  жүргізуші: Қайырлы күн, тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары!

1-жүргізуші: 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! 

(ГИМН)

2-  жүргізуші:   Президент Н.Ә.Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.

1-жүргізуші: Ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекет құруда Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор.

Бүгінгі салтанатты жиынның құрметті қонақтары:

1. Досымбеков Ұлан Әлбибекұлы- аудан әкімінің орынбасары

2. - «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының І орынбасары Бейсенов Мәлік Аманбайұлы

3.Кубиева Жанар Әнуарбекқызы-аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

4. Садыкова Жұлдыз Сейсенбайқызы -аудандық мәдениет бөлімінің басшысы

5. Қаблисанов Маман Қаманұлы–«Нұрлы Көксу» газетінің директоры

1-жүргізуші:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

2-   жүргізуші:

Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз -Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы

1-жүргізуші

Құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Төлекенов Мұратбек Баянұлына беріледі.

Ән «Елім менің» Мерзетбекова Динара

(Қазақстан туралы слайд жүріп жатады)

1-жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында өмірге келген. Балалық шағы соғыстан кейінгі жылдар болғандықтан үлкендердің мал бағуына, бау бақша өсіруіне көмектесіп, жастайынан еңбекпен шыңдалып жүріп, бала Нұрсұлтан биік армандарға қол созды

Бейнефильмге назар аударайық (Президенттің балалық шағы)

2-жүргізуші:

Елбасы еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады. Өзінің табандылығының, еңбекқорлығының арқасында инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жақсы көрінді.

Бейнефильмге назар аударайық:

(Металлургиялық завод туралы «Путь лидера» 4.53.-5.53)

(Ортаға жоғары сынып оқушылары шығады.Олар презентация бойынша сөйлейді.)

1-оқушы Сая 9ә

Н.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Оспанғалиев Ернар 10а

2-оқушы

1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Гимн бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

3-оқушы М.Аяжан 9ә
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

4-оқушы Мамықбай Бауыржан 10а

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз Туы, Елтаңба,Гимні бар
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден?

5-оқушы Елдана
1995 жылы 28қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

6-оқушы Сая

2006 жылы 7 қаңтарда Гимн қабылданды.
Егемен елімнің Гимні жаңарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

7-оқушы Ильяс 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
8-оқушы
Даниял Жансая:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

(«Астана» видеофильм дыбыссыз көрсетіліп тұрады)

Ән: «Астана»

1-жүргізуші: Енді салтанатты жиынның негізгі бөліміне көшейік:

«Елбасының салиқалы саясаты-мемлекет болашағының кепілі» баяндама Б.Төлеубай

( би үзіліс )

2. «Уақыт ауқымындағы Президент тұлғасы «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Сырлыбай Елдана

( би үзіліс )

2 -жүргізуші: Баяндамалар бойынша жарыссөзге шығушыларға сөз береміз.

(оқушылар сөздері)

(2-қабатта тұрған оқушылар хормен речевкалар айтады)

1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 

2-жүргізуші:
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


(Қазақ БИІ 6а сынып оқушылары)

2-жүргізуші: Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлына беріледі.

(Құттықтау сөз айтылады)

Ән «Алтын бесік» Нұрдаулетова Нүрила

1-жүргізуші:

Көп ұлтты Республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға.

(«Нұрсұлтан Назарбаев» слайд-шоу жүріп тұрады)(Осы кезде ұлттық киімдер киген қыздар ортаға шығып тұрады, қолдарында жалаушалар болады)1-оқушы ЗЕРЕ 5 Ә

Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

2-оқушы Айназ

Как повезло тебе и мне!
Мы родились в такой стране?
Куда ни глянь — кругом друзья?
Казахстан — страна моя!

3-оқушы ДАСТАН қазақ

Қуат алған өзіңнен,
Туған жердің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.

4-оқушы Асылжан орыс

Мы всё больше понимаем,
Чем надо дорожить,
Дорожить свободным краем,
И республику любить!

5-оқушы Жібек қазақ

Дала- думан, қала –думан, жыр бүгін,

Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, бақыт –бұлбұлым,

Жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!

6-оқушы Анель өзбек

Да здравствует Родины мирное небо.
Да здравствует море растущего хлеба!
Леса и сады, и большие поля,
Да здравствует наша Родная земля.

7-оқушы Ақтоты

Елбасымыз, саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

8-оқушы Нұрай Женисова орыс

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, Елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ұлдар биі.


Д.Темірбекова: Мектеп, сап түзеп, түзеліңдер! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

Ән: «Қазағым»

(Барлық қатысушылар сахнаға шығады,қолдарында көк жалаушалары бар)

2- жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

1- жүргізуші:

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің, Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Елін сүйген Елбасы!

Осымен - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын аяқталды.

2- жүргізуші: Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып,мерекелі күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!











1-оқушы Нұрмәуе

Президентіміз есепсіз көп нәрсені істеді. Тәуелсіздігімізді баянды етті. Ауыр әрі абыройлы асудан астық. Дүниедегі қабырғалы елдердің қатарына қосылдық. Халық Президентін жүрегінің төріне көтерді. Осының бәрі айналып келіп, Елбасын – ұлттың құтқарушысы, ұлттың бас иесі етті.

Президентімізді бұл күнде әлем мойындады.

2-оқушы Жалғас

Ұлыбританияның саясаткері Джонатан Айткеннің Лондонда, ағылшын тілінде, “Назарбаев және Қазақстанның дүниеге келуі: коммунизмнен – капитализмге” деп аталатын кітабы жарық көрді. “Назарбаев туралы кітап жазуға не себеп болды” деген тілші сауалына кәнігі саясаткер: “Дүниедегі саяси лидерлер маңайына ауа райын жасай біледі.» деген болатын.

3-оқушы Ақтілек

Астана қаласында бой көтеріп жатқан халықаралық деңгейдегі жаңа университет білім-ғылымның жаңа биігіне, сапасы бөлек байтақ әлемге айналғалы тұр. Базалық орталығы бар, әлемдік талаптарға жауап бере алатын, Массачусетс технология институты, Гарвард, Оксфорд, Колумбия университеттері секілді жоғары оқу орны болмақ. Бұл университет еліміздің ғылыми-техникалық элитасын құрамақ, өздеріне жауапкершілік ала алатын жас адамдардың жаңа буынын тәрбиелемек.

4-оқушы: Ғани

Президентіміз 2003 жылдың көктемінен ешбір елде жоқ “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бұл бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі қарқын алып келеді. Дүниенің төрт бұрышына шашылып кеткен, жоғалған, қолды болған, уақыт топырағына көміліп қалған, шетел асып кеткен небір ғажайып жәдігерлер қайтып оралды. Ауыз толтырып айтуға тұратын жауһарларымыз жарқ етті.

5-оқушы Қарақат

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша жасалған «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Айналадағы елдер көжесін тауып ішуге зар болып жатқанда – біздердің бабалар мұрасын түгендеп, рухани жаңғыруға ден қоюмыз айтуы жоқ ыждағаттылық деп білемін!

6-оқушы Динара

Нұрсұлтан Әбішұлы неге жетсе де – моншақтаған терін сұқ саусағымен сыпырып, от шашқан домна пешінің қызуына қақталып жүріп жетті. Жоғарыға, билік иерархиясына сүйреген, қолтығынан демеген жанашыры болған жоқ. Өзінің жүрек отына сенді. Бейнеттен бойын тартпады. Өмірдің ыстық-суығына алмас қылыштай суарылып өсті.

7-оқушы Аяған

Көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Мен Президентімді мақтан етемін.

















































«Бекітемін»

Мектеп-гимназия директоры

_______М.Төлекенов

«30»11»2017ж.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша

30 қараша күні жиын кезінде мұғалімдер арасында жүргізілетін кезекшілік кестесі 2017-2018 оқу жылы

Кезекшілік орны

Кезекші мұғалімнің аты - жөні

Таныстым

І қабат

сол жақ фойе

С.Есханин


Н.Альмерекова


І қабат оң жақ фойе

Ж.Сыдықжанова


А.Жумагулова


ІІ қабат информатика алдында

Н.Искакова


Өз кабинетінің алдында

Ж.Байғондинов


ІІ қабат сол жақ фойе

А.Маманов


С.Карбозова


ІІ қабат оң жақ фойе

С.Құсманов


Т.Керімбеков


З.Темірғалидың кабинетінің алды

Д.Нұрманбетов


Қабылдау бөлмесінің алды

Б.Рахымжанов


Сыртқы есіктің алды

Е.Сейтқазы


Ж.Қасымжанов


Кезекшілер міндетті түрде бейджик тағып, костюм киіп, орындарыңызда тұрып, тәртіпті қадағалаңыздар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі