Әріптер әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әріптер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған "Әріптер әлемі" тақырыбында оқушылырға дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір - біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әріптер әлемі
Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір - біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу
көрсету, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психо жаттығу: «Күлімдейік».
- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел, балалар күлейік!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
- Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Жаттығу «Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!
- Балалар бұл ненің дыбысы?
Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)
Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?
Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі.
(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.
Мен жайлы не білесіңдер?
- Сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты, дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.
Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!

1. Жұмбақ
Бұл не? Сиыр.
Қай дыбыстан басталып тұр? (С)
С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс.
Сиыр сөзін буынға бөлу. Си - ыр екі буын. Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз...
(Тақтаға бір бала басқа б - р орнында текшелермен жазады )
Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс. оларды
Екі дауысты, ол и және ы дыбыстары. Ол үйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.
С, Р - дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.
Сиыр бұл сөз.
Сиыр қандай болады?
Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.
Сөйлем сөздерден құралады. Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)
Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді. Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында.!? белгісі қойылады.

2. Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесек те менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.
Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің. Оларды естиміз, айтамыз.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.

3. Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.
4. Буын ұйқастар:
ра - ра - ра – ұшып жүр ара; ар - ар - ар – дала толы қар; ыр - ыр - ыр – үйдің сыртында қыр; ры - ры - ры – жапырақтар сары; ір - ір - ір – үсті – басы кір;

5. К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көкорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У - у - у
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
Қандай дыбыстар естіледі? Ш - ш - ш
Тоғайда жүру өте қиын болды.
Маса ызыңдап, мазасын алады. З - з - з
Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р - р - р
Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.
Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С - с - с
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар - Ж - ж - ж.
Ескендір ала бұзауын шақырады.- Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау - ауқау!
Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.
Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз?

6. Сергіту сәті. Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Естігенде аяғыңды тыпырлат т. с. с қимылдар
О - О - О - У - У - У - А - А - А - Э - Э - Э - Ы - Ы - Ы А - А - А - Т – Т - Т - М - М - М А - А - Я - Я - Ө - А - Е

7. Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.
8. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Текшемен сөйлем жазу.

9. Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем, сен........
Мен «төбе» десем, сен.......
Мен «үлкен» десем, сен.....
Мен «алыс» десе, сен.....
Мен «биік»десем, сен.....
Мен «ауыл» десем, сен......
Мен «құрғақ» десем, сен.....

10. Ребус шешу
11. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.
Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
12. Кім жылдам? логикалық ойын
Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан). Кітап неден жасалған? (қағаздан)
Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)
Қорытынды: «Өз көңіл – күйіңді сал»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2019
2078
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі