400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әріптер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім Заңы мен Қ.Р Білім Министрлігінің 375 бұйрығы және 2017-2018 жылғы оқу бағдарламасы негізінді жасалды. Сауат ашу пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады.Тіл құдіреті мен әдебиет көші адамды рухани байытып, жанын сұлуландырып, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. Әрине, бұл ретте пәндік сабақтарға ғана арқа сүйеп, тар аяда қалып қойюға болмайды. Олар бағдарлама бойынша негізгі түсінік берсе, кеңейтілген оқу бағдарламасында алған дәрісті дамыта түсіп, ойына ой қосады. Сауат ашу оқушыларды өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу болса, кеңейтілген бағдарлама зейінінің тұрақтануын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асырады. Сауат ашудан жасалған бұл кеңейтілген бағдарлама – морфология, фонетика, синтаксистік талдау жасап, оның заңдарын біліп қана қоймай, сөз бедерін танып, астарына үңіліп, көркем шығармаларды түсініп оқуына ықпал етуді көздейді. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болады.«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. Сондықтан бұл кеңейтілген бағдарлама соған қатысты ауызша, жазбаша орындалатын жұмыстарға тоқталады. Әрт түрлі әңгімелер мен туындыларды оқу арқылы сөздің эмоциялық бояуын, кейіпкер бейнесін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты тани білуге жетелейді. Әрі айтар ойын нақты, жүйелі жеткізе білуге машықтандырады.

Бағдарламаының мақсаты:

Оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау. «Сауат ашу» пәнінің кеңейтілген бағдарламасы арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыландыру

Бағдарламаның міндеті:

- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- кітап оқуға қызығушылығын арттыру;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін қалыптастыру;

- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

- сөздік қорын байыту және, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

- қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

  1. Сөйлемді дұрыс құрап, байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

  2. Дыбыс туралы дұрыс ұғым қалыптасып, сөздерге толық дыбыстық талдау жасауға үйренеді.

  3. Өзі оқыған мектебі туралы толық мәлімет алады.

  4. Сөздік диктанттар жаздыру, көшіріп жазу арқылы жазу сауаттылығы мен колиграфиясы қалыптасады.

  5. Оқудың бірнеше түрін үйренеді: Іштей оқу, сыбырлып оқу,дауыстап оқу, теріп оқу, боліктерге бөліп оқу,жалғастырып оқу.

  6. Түсінгенін мазмұндауға, өзгені тыңдай білуге,өзь пікірін түсінікті жеткізе білуге үйренеді





Тақырыптық күнтізбелік жоспары

«Әріптер әлемі»

Кеңейтілген бағдарлама

1-сынып

Аптасына 1 сағаттан 33 сағат

р/с

Сабақтың тақырыбы

сағат саны

мерзімі


I тоқсан



I

Өзім туралы



1

Менің елім Қазақстан. Сөйлем сурет , сызба бойынша сөйлемдерді біріктіріп мәтін құрау

1


2

Мен оқушымын. Ахмет Байтұрсынов. Оқуға шақыру. Сөз, дыбыстар

1


3

Буын. Дыбыс. Дыбыс туралы ұғым. Сөздерді дұрыс буынға бөлу

1


4

Менің қалауым. Әңгіме құрау. Дыбыс .Сөйлеу

1


II

Менің мектебім



5

Лицейіме саяхат. Оралхан Бөкей. Лицей мұражайы А, Н,Л,Р дыбыстыры және әрпі бар сөздерді жазу

1


6

Лицейдегі қауіпсіздік. О, Т, У дыбыстары және әрпі бар сөздер жазу

1


7

Лицей ережесі , жол ережесі Ш, С дыбыстары және әрпі

1


8

Лицей рәміздері. Лицейдің Гимнін жаттау

1


9

Мен не үйрендім Сөздік диктант. Үйрену

1



II тоқсан



III

Менің отбасым және достарым



10

Екі дос. әңгімесі Д,Ы, М дыбыстары және әрпін бар сөздер

1


11

Жеті атаңды білесің бе? Қ,Ұ,І дыбыстары және әрпін бар сөздер

1


12

Мен не үйрендім. Сөздік диктант

1


IV

Бізді қоршаған орта



13

Табиғат тамашалары. Е,К,Ү,И дыбыстары және әрпібар сөздер оқу жазу

1


14

Әлемде талай қызық бар.Й, Ғ,Гдыбыстары мен әріптері бар сөздер

1


15

Мен не үйрендім. Мәтін көшіру

1


16

Жиынтық бағалау

1



III тоқсан



V

Саяхат



17

Табиғатқа саяхат ң,Ө,Ә,Ж дыбыстары мен әріптері бар сөздер оқу жазу

1


18

Теңізге саяхат П, Б,Х,һ дыбыстары мен әріптерібар сөздерді оқу жазу

1


19

Диктант жазуға үйрету

1


VI

Салт дәстүр және ауыз әдебиеті



20

Тұсау кесер Я, Ф,Ю,Е, дыбыстары мен әріптері бар сөздерді оқу, жазу

1


21

Ұлттық ойын: Бәйге В, Э,Ц дыбыстары мен әріптері

1


22

Тыйым сөздер Щ, Ч, ь бар сөздер

1


23

Жаңылтпаш айт жаңылмай

1


24

1001 мақал, 101 жұмбақ

1


25

Мен не үйрендім Диктант

1



IV тоқсан



VII

Тағам және сусын



24

Күнделікті тамақтану уақыты. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы, мағаналас сөздер

1


26

Асханада және кафедегі тамақтану ережесі мен әдептілікті сақтау. Қарсы мағанала сөздер

1


27

Сүттің пайдасы және сүттен жасалатын тағамдар. Сұрақ бойынша мәтін құрау.

1


28

Қымыз бен шұбаттың пайдасы. Сөйлемнің түрлері. Мәтін құрау

1


VIII

Дені саудың жаны сау.



29

Мен қатысатын спорттық үйірме. Қимылды білдіретін сөздер

1


30

Қазақстанның атақты спортшылары. Сынын білдіретін сөздер

1


32

Бидің денсаулыққа пайдасы. Заттың атын білдіретін сөздер

1


33

Жиынтық бағалау

1








Пайдаланған әдебиеттер:

Оқушылар үшін

1. Балаларға арналған энциклопедия 2012ж

2.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы

3.Әдебиеттік оқуға арналған хрестомаития

4. Балаларға арналған журналдар:

Балдырған, Айгөлек,Балбұлақ, Балаби, Ақ желкен, Жыл он екі ай

5. Қазақ халқының салт-дәсүрі жинақ Алматыкітап

6.Қазақ халқының ертегілері

Мұғалімдер үшін

1. 45 минут жураналы 2016-2017 ж

2. Бастауыш мектеп журналы 2016-2017ж

3. «Мектебім –Мақтанышым» кітабы

4. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

5. Білім берудегі иновациялар журналы



























Келісілді: Бекітілді:

ҚАЕУ «Педагогика және психология» «Оралхан Бөкей атындағы №44

кафедрасының меңгерушісі, филология лицейі» КММ директоры:

ғылымының кандидаты, доценті: _________ Т. Түменбаев

_________ А.Н. Нурланова «___»_________2018ж





«Әріптер әлемі»

Кеңейтілген курс бағдарламасы



1 сынып

Пән мұғалімі:Дырымбаева Г.Қ.





Қаралды:
Бастауыш сынып әдістемелік
кафедрасының меңгерушісі:
_____ Г.Б.Жаныбекова
«__»____2018 ж





Оқу ісінің меңгерушісі:
______ Ж.Қ.Назарбаева
«__»_____2018 ж









Өскемен қаласы

2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі