400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әріптер мен дыбыстар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау.Оқу іс әрекетін пысықтай отырып,баланың өз бетінше жұмыс істеп,шығармашылық ойын өсіруге өз бетінше қорытындылай білуге машықтандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Әріптер мен дыбыстар әлемі».

Мақсаты: Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау.Оқу іс әрекетін пысықтай отырып,баланың өз бетінше жұмыс істеп,шығармашылық ойын өсіруге өз бетінше қорытындылай білуге машықтандыру.

Балалардың сөздік қорын молайту,бір бірін тындап,өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.Ойлану және ойлау арқылы нәтижеге жетіп іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеу.Оқуға деген ынтасын оята отырып,табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын,жылулық шеңберңне тұрып,келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен, Бас иеміз біз.

Балалар,мен сендермен «Кім білгір?» ойынын ойнағым келіп тұр.

-Ойынды бастаймыз ба?

-Ия.

Автомобиль,құстар мен жануарлардың дыбыстарын естірту.

-Сауат ашудан не үйренеміз?(әріптерді,дыбыстарды)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?(екіге)

-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?(қызыл)

-Дауысссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?(көк)

-Дыбыстарды не істиміз?(естиміз)

-Әріпті не істейміз?(көреміз,жазамыз,оқимыз)

-Қазақ алфабитінде неше әріп бар?(42)

-Әріпті қоссақ не пайда болады?(буын)

-Буындарды қоссақ не пайда болады?(сөз)

-Сөздерден не құрастыруға болады?(сөйлем)

-Сөйлем нешеге бөлінеді?Қандай?(3ке,хабарлы,сұраулы,лепті)

-Қарапайым математикадан нені үйренеміз?(сандарды)

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?(4)

-Бір жылда неше ай бар?(12)

-Бір аптада неше күн бар?(7)

-Қазір жылдың қай мезгілі?(Көктем)

-Көктем мезгілінің айларын ата?(Наурыз,Сәуір,Мамыр)

Олай болса,көктем мезгіліне байланысты мнемокестемен сөйлем құрайық.

Мнемокестемен жұмыс.

Ізет: Қар еріді су ақты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияты.

Білім ханшайымы кіреді.

Білім ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерге жолай мынандай керемет гүлдер теріп алып келдім.Әр гүлдің артында бір тапсырмадан бар екен.Осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендерге сыйлығым бар.

Олай болса бірінші тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

-Ия.

1-тапсырма.

«Әріпті суретпен сәйкестендір.»

Шарты: Балаларға әріптер беріледі,сол әріптен басталатын суреттерді табу.

2-тапсырма:

«Өз орнын тап»

Шарты: Сандарды ретімен қойып,қандай сөз шығатынын тап.

3-тапсырма.

Жеке жұмыс, «Шатасқан әріптен сөз құра»

Шарты: Шатасқан әріптерден сөздерді өз еріктерімен құрау.

4-тапсырма:

«Ғажайып шеңбер»

Балаларды екі топқа бөлу арқылы Лулия шеңберімен жұмыс жасау.

Шарты: 1-топ.Суреке қарай отырып,буындардан сөз құрау.

2-топ. Қай дыбыстан басталады және қандай фигураға ұқсайды?

Сегіту сәті.

«Аяқпенен топ,топ,топ»

Аяқпенен топ,топ,топ,

Ал қол менен соқ,соқ,соқ.

Бір оңға,бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.


5-тапсырма:

«Шығармашылық жұмыс»

Шарты:Балалар екі топқа бөлініп,түрлі түсті тұзбен сөздерді бояйды.

«САН», «ӘРІП»

Білім ханшайымы: Балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер,әдепті әрі зерек екенсіңдер.Менің барлық тапсырмаларымды орындап бердіңдер сендерге үлкен рахмет.Сендер мектепке дайын екенсіңдер,Мынау менің сендерге сыйлығым,мектепке қажетті құрал.Сау болыңдар балалар.

-Балалар сауат ашудан біз нені үйренеміз?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Математикадан нені үйренеміз?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазақ алфабитінде неше әріп бар?

Оқу іс әрекетін қорытып,белсене қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.Көңілді смайликтер тарату.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі