МАД тобына
Тәрбиешінің құжаттары:
1) балалардың қатысу дәптері,табелі;
2) балалардың фильтр дәптері
3) Бір жылға арналған перспективалық жоспар;
4) циклограмма (09 айдан-04 айға дейін арналған);
5) диагностика материалдары: мониторинг, жиынтық есеп, баланың жеке даму картасы ;
6) ата-аналар туралы мәлімет дәптері, бір жылға ата-аналармен жұмыс жоспары
Қабылдау бөлмесінде:
1.Ата-ана бұрышы /күн тәртібін,сабақ кестелерін,ата-аналар Сіздер үшін кеңестер салынады/
2. Денсаулық бұрышы
Топта:
І.Ойын бұрыштары
1.Сюжетті-рөльді ойындар
Мектепалды даярлық тобы -13 ойын
Отбасы, шаштараз, балабақша, құрысшылар, дүкен, байланыс бөлімі, жүргізушілер, өрт сөндірушілер, зөөбақ, мектеп,ұшқыш, «Ателье. Сән үйі»
- с/р ойын мақсатымен,құралдарымен және дәрігер,дүкеншінің фартуктері болуы тиіс.
ІІ. Табиғат бұрышы
1.Гүлдер аты Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш, циперус.
2. Альбомдар болуы керек (өсімдіктер әлемі альбомы, жануарлар әлемі альбомы, жыл мезгілдері альбомы, балықтар әлемі альбомы «Үй және жабайы жануарлар, олардың төлдері», «Үй құстары», «Гүлдер», «Жәндіктер: құмырсқалар, көбелектер, аралар» альбомдары
3.Бақылау күнтізбесі
мектепалды даярлық тобында ауа райын белгілейтін шартты белгілерлермен таныстырылады. Балалар күн сайын ауа-райын шартты белгілермен белгілеп отырады. Ай соңында, балалар қанша бұлтты, жауынды, желді күндер болғанын шартты белгілерді санау және салыстыру арқылы біледі.
-Сондай ақ, табиғат бұрышында, көкөністер мен жеміс жидектердің муляждары болу керек.
-Құстар,жан жануарлар, жәндіктер бейнеленген суреттер жинағы болу қажет. «Жыл мезгілдері» альбомы; белгілі суретшілер салған жануарлардың суреттер кітапшалары,
-Балалардың табиғат туралы суреттері және табиғи материалдардан жасалған заттар;
-Еңбекке арналған материалдар; Алжапқыштар, суқұйғыш, күректер, қопсытқыш таяқшалар, шүберек, бұл құралдар өсімдіңктерге күтім жасау үшін қажет. Сыпыртқы мен белшік табиғат бұрышын тазалықта ұстау үшін қажет.
-Сынақтар үшін жабдықтар: Пішіндер, күректер, елек бұлар құммен ойнау үшін қажет. Сумен ойнауға тамызық, шприц, әртүрлі пішіндегі ыдыстар қажет. Табиғи заттар жасау үшін (ұлутас, тастар, жаңғақтар, бұтақшалар) қажет. Мектепалды даярлық тобы балалар үшін үлкейткіш айна, микроскоп, таразы қызықты болады.
-Табиғат туралы дидактикалық ойындар: «Кім немен қоректенеді?», «Кімнің үйі», «Ненің төлі?» т.б
Ересектер тобынан бастап балалар табиғат бұрышында кезекшілік міндетін атқара бастайды.

3. Дидактикалық ойын бұрышына балалардың жасына сай ойындар болуы тиіс.
Дидактикалық ойын бұрышы
Дидактикалық ойындар
«Кім тапқыр?»
Мақсаты: берілген тыбыстың орныны таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балалары зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым қатынасты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер, ойыншықтар, жалаулар.
Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді.
Мысалы: Самат, сағыз, тіс, сиыр,қасық, сабын, тас.
Басқа әріптерге де осылайша жалғастыра беруге болады.
«Қарама-қарсы сөздер»
Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Көрнекілігі:доп, карточкалар.
Ойын шарты:тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айту керек.
Мысалы:тәрбиеші: «үлкен» десе, бала «кіші» деп, «биік» десе «аласа» деп жауап береді.
ҮЛКЕН – КІШІ
ЖУАН – ЖІҢІШКЕ
ҚАЛЫҢ - ЖҰҚА
«Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты:берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар).
Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.
Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды айтады.
Мысалы:А – болса:
Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.
«Кім зейінді?»
Мақсаты:дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Көрнекілігі:әр түрлі суреттер, текшелер
Ойын шарты:тәрбиеші балаларға әр-түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көктекшені көтереді.
Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша, не асықтар үлестіріп отырады.
Сабақтың соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді.
«Буынға әріп қос»
Мақсаты:берілген буынға әріп қоса отырып жаңа сөз ойлап табу.
Сөздік қорын молайту, олардың алған білімін бекіту.
Балалардың сауат ашуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілігі:схема, суреттер.
Ойын шарты:тәрбиеші балаларға:
- Мен бір буын жазамын, сендер де бір әріп қосасыңдар. Мен жазған буынның бас жағына сендер ойлаған дыбысын жазамыз. (Үлгісін келесі беттен қара.)
М Қ
С Й
Т АИ ТАЛ
Ш У
Ж С
Л Р
Ң
«Затты сипатта»
Мақсаты:заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Көрнекілік құралдар: ыдыс, муляж, сурет (көкөністер, жемістер).
Ойын барысы:әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері, муляждарды салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, буынға бөледі.
Ойын шарты: бала ыдыстан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және т.б. қасиеттерін айтады. Немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенің ажыратады да оны сипаттайды, атын айтады.
«Әріптер әлемі»
Мақсаты:балаларды үйренген әріптерді қайталап дұрыс айта білуге дағдыландыру. Үлкен әріптен кіші әріпті айыра білуге үйрету.
Көрнекілік:бас әріптер, кіші әріптер жазылған карточкалар, кубиктер, әріптер қалтасы, магнитті тақта, компьютер.
Ойын шарты:тәрбиеші әріптер жазылған карточкаларды, кубиктерді, плакаттарды, компютерді көрсете отырып түсіндіреді. Егер бас әріп көрсетілген болса, балалар соның кішісін көрсетуі тиіс. Ал кішісі көрсезтілсе, оның бас әрпін тауып көрсетеді. Тәрбиеші балаларды топқа бөліп, осылайша ойынды жалғастыра береді. Бұл ойында әріптерді қатесіз, таза жазған балаларды мадақтайды.
«Буынға буын қос»
Мақсаты:басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшандыққа, зейінділікке баулу.
Көрнекілік:ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.
Ойын шарты:балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады.
Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.
Мысалы:
Ау – (ла). Ал - (ма). Са – (ра). Сә (біз). Қа (уын).
Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады.
«Шатыспақ» ойыны.
Мақсаты:өтілген дыбыстарды қайталап, пысықтау.
Ойын шарты: әріптер қалтасына әріптер ретсіз салынады.
Мысалы: СОНА (С, О, Н, А), АЛМА (А, Л, М, А) және сол сияқты шатасқан әріптерді ретімен қойғанда шыққан «СОНА» сөзін буынға бөлгізіп, онда екі буын бар екенін, төрт дыбыстан тұратынын, оның екеуі (о, а) дауысты, (с, н) дауыссыз екенін балалардың сұрап біліп, әр сөзге жеке-жеке дыбыстың буындық талдау жасалады.
Фонетикалық ойындар мен жаттығулар
КІМ НЕ ЕСТИДІ?
Дидактикалық міндеті: қоршаған әлемдегі дыбыстар туралы түсінік беру.
Құралдар: шымылдық, қоңырау, барабан, стақан, кәстрөл, ағаш қасық немесе ағаштан жасалған зат, шай қасығы.
Мазмұны: Педагог немесе балалардың біреуі шымылдықтың артында тұрып, қоңырау соғады, қасықпен шыны стақанды, металды немесе ағаш затты соғады және т.б. Балалар дыбысты және дыбыс арқылы затты анықтайды.
ДАУЫС АРҚЫЛЫ
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: орамал.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші орамалмен көзін байлайды. Балалар шеңбермен жүріп, мынадай сөздерді айтады: «Сен жұмбақты шешіп ал, кім сені атады, соны біліп ал». Содан кейін балалардың біреуі жүргізушінің атын атайды. Егер ол дұрыс айтса, шеңберге тұрады, ал атын айтқан бала жүргізуші болады.
КІМ ЕҢ МҰҚИЯТ?
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту; сөздердегі керекті дыбысты есту біліктілігін қалыптастыру.
Қралдар: жетондар.
Мазмұны: Балалар педагогтың қысқа әңгімесін немесе жаңылтпашты тыңдап алғаннан кейін, керекті дыбыстан басталатын сөздерді айтып береді. Көп сөздерді айтып берген бала, жеңімпаз болады. Тапсырманы өзгертуге болады.
ҚАНДАЙ ДЫБЫС
Дидактикалық міндеті: дауысты және дауыссыз дыбыстырды айыру біліктілігін дамыту; дыбыстарды белгілер арқылы көрсетуді үйрету.
Құралдар: дауысты және дауыссыз дыбыстардың карточкалары.
Мазмұны. Педагог түрлі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады, ал балалар керекті карточкаларды көрсетеді. Ойынды қайталағанда дыбыстарды жабық көздермен естуге болады.
ЖУАН НЕМЕСЕ ЖІҢІШКЕ?
Дидактиклық міндеті: жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды айыруға үйрету.
Құралдар: көк және қара түсті фишкалар.
Мазмұны. Педагог жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды жұппен немесе араластырып айтады. Балалар керекті фишканы көрсетеді: жуан дыбысқа – қараны, жіңішке дауыссыз дыбысқа – көк фишканы. Кім бәрін дұрыс көрсетсе, жеңімпаз болады.
ОЙЫНШЫҚТЫ ТАҢДА
Дидактикалық міндеті: берілген сөздегі буынның санын дұрыс анықтауға үйрету.
Құралдар: ойыншықтардың түрлі жинақтары (немесе суреттер).
Мазмұны. Педагогтың тапсырмасы бойынша, балаларға ойыншықтарды немесе суреттерді көрсетеді, ал олар карточкаларды көрсетеді. Мысалы: доп – 1 буыны бар карточканы көрсету және т.б. Тапсырманы өзгертуге болады.
ШЕШІМДІ ТАҢДА
Дидактикалық міндеті: сөздің құрылымы туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: буындар және сөздер .
Содержание. Педагог сөздерді және буындарды екі дыбыстан, содан соң үш дыбыстан араластырып айтады, мысалы: су, па, ме, то, доп және т.б. Балалар әрбір буынға немесе сөзге сәйкес құрылым бойынша карточканы көрсетеді. Кім қате жіберді, тұрады.
БУЫНДЫ ҚОС
Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмін қалыптастыру.
Құралдар: доп, фанталар, карточкалар,
Содержание. Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, фантпен төлейді. Мысалы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла. Ойынды өзгертуге болады.
ҚЫЗЫҚТЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
Дидактикалық міндеті: балаларды сөзді дыбыстық құрамына талдауға жаттықтыру.
Құралдар: сөздердің құрылымдары, жетондар.
Мазмұны. Тақтада үш сөздің құрылымдары, мысалы: доп, шана, қоян, әке және т. б. Балалар берілген құрылымдар бойынша сөздерді тауып айтады. Жеңімпаз балаларға жетондар беріледі.
ГРАФИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
ӘРІПТІҢ ЖАРТЫСЫ
Дидактикалық міндеті: әріптің баспа түрін есте сақтау .
Құралдар: шағын шымылдық (қатты қағаздың жартысы, кітап, дәптер және т. б.), әріп кассасы.
Мазмұны. Педагог асықпай шымылдықтан әріптің жартысын көрсетеді. Балалар әріптің жартысының баспа түрін қарындашпен жазады. Әріпті айтқаннан кейін, педагог әріпті түгел көрсетеді.
ЛЕКСИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
ЕСТЕ САҚТА ЖӘНЕ АЙТЫП БЕР
Дидактикалық міндеті: сөздердің мағынасын айқындауға үйрету; балалардың фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.
Құралдар: өлеңдер, шағын әңгімелер.
Мазмұны. Педагог шағын әңгімені немесе өлеңді оқиды. Ал балалар әңгіме немесе өлеңдегі затын білдіретін сөздерді есте сақтап, айтып береді (мысалы, азық-түліктер). Кім көп сөз айтып берсе, сол жеңімпаз болады. Өлеңдер мен әңгімелерді өзгерту керек.
ТЕРІС ҚАРАЙ АЙТУ
Дидактикалық міндеті: антонимдермен лексиканы байыту.
Құралдар: жұлдызшалар.
Мазмұны. Педагог белгілі бір сөзді айтады, ал балалар мағынасы қарсы сөзді айтады, мысалы: биік – аласа, суық – жылы, тар – кең. Кейбір кезде сөздерді сөз тіркес сияқты айтуға болады, мысалы: кең жол – тар жол, биік үй – аласа үй. Дұрыс жауапқа балаға жұлдызша беріледі.
БАСҚА СӨЗБЕН АЙТ
Дидактикалық міндеті: берілген сөзге синоним сөзді таңдап алуға үйрету; балалардың сөздік қорын дамыту.
Құралдар: қызыл, көк, жасыл түсті жалаушалар немесе фишкалар.
Мазмұны. Педагог сөзді айтады, ал балалар мағынасы бірдей сөзді тауып айтып береді, мысалы: сұлу - әсем, мұғалім – ұстаз және т.б. Жеңімпаз балалар түрлі-түсті жалаушалармен немесе фишкалармен марапатталады.
КІМ БІЛСЕ, СОЛ ЖАЛҒАСТЫРСЫН
Дидактикалық міндеті: топтық ұғымдарды айыруға үйрету.
Құралдар: фанталар.
Мазмұны. Педагог топтық түсініктерді айтады, ал балалар бұл топқа жататын сөздерді, мысалы; жабайы аңдар – аю, қасқыр, арыстан және т.б. Бір сабақтың үстінде бірнеше топтық ұғымдарды беруге болады. Кім қате жіберсе, фанттан айырылады.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
БІЗ СУРЕТТЕ НЕНІ КӨРЕМІЗ?
Дидактикалық міндеті: сурет бойынша сөйлемдерді құрастыруға үйрету; жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету.
Құралдар: «Балабақшада», «Мектеп», «Жазғы орманда», «Дүкенде» тақырыптарындағы мазмұнды суреттер.
Мазмұны. Педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрастырып айтады, мысалы: Әсем келе жатыр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем балабақшаға келе жатыр. Келесі бала тағы бір-екі сөйлемді қосады. Кім ең үлкен сөйлемді құрастырып айтса, жеңімпаз болады.
СӨЙЛЕМДІ ТОЛЫҚТЫР
Дидактикалық міндеті: балаларды жай және күрделі сөйлемдер құрастыруға үйрету.
Мазмұны. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар жалғастырады оны, мысалы: Асхат таңертең ...
ҚАНДАЙ ЕРТЕГІДЕН?
Дидактикалық міндеті: оқыған шығармадан сөйлемді аяқтауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құралдар: оқуға арналған кітап.
Мазмұны. Педагог балаларға таңыс әңгімеден немесе өлеңнен сөйлемді айтып береді, ал балалар сөйлемді айтқан шығарманың атын айтады. Ойынды балалардың көмегімен жалғастыруға болады.
СӨЙЛЕМДІ ӨЗІҢ ҚҰРАСТЫР
Дидактикалық міндеті: сөйлемді құрастыру дағдыларын бекіту.
Құрал: фишкалар.
Мазмұны.Педагог балаларға бірнеше сөзден сөйлем құрастыруға тапсырма береді. Кім тапсырманы тез орындаса, фишканы алады.
Нұсқа. Педагог екі-үш сөзді айтып береді, ал балалар олардан сөйлемдер құрастырады.
МАТЕМАТИКАҒА ДАЙЫНДЫҚ
НЕ ҰНАСА, СОНЫ ТАҢДАП АЛ
Дидактикалық міндеті: заттарды түс бойынша айыруға үйрету; тапсырманы нақты түрде орындауға үйрету.
Құралдар: түрлі -түсті ойыншықтар.
Мазмұны. Ойыншықтар «дүкенде» сөрелерде тұр. Балалар тақтаға шығып, айтқан түсті ойыншықтарды «сатып алады»: тек қана көк; барлық жасыл; екі қоңыр; қызыл емес; түсі қолтырауын сияқты; үш түрлі-түсті ойыншықты; бірнеше сары ойыншықты және т.б.
БАУ МЕН БАҚША
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
әріптерге саяхат

шағым қалдыра аласыз