Әріптес
лебізі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арналған «Болашаққа бағдар»рухани жаңғыру: атты
мақаласын қолдау мақсатында өңірлердегі білім саласының,
жетістіктерін оның ішінде шығармашылық пен айналысатын
мұғалімдердің еңбектерін бағалау,жас ұрпаққа үлгі
ету,шығармашылығын одан әрі дамыту мақсатында қазақ тілінде
халықаралық интернет журнал «bilimnur.kz» порталы өз жұмысын
бастаған болатын. Шынын айту керек, бір неше жыл бұрын ұстаздар
қауымы еңбектері мен жетістіктері, шығармашылықтарын, ашық
сабақтарын ресейлік «Педкопилка»«Инфоурок» «Копилкаru» сайттарында
жариялайтын еді. Уақыт жылжып қазақ тілінде көптеген сайттар
ашылып, мұғалімдер үшін мүмкіндіктер берілді. Бұлда рухани
жаңғырудың бір нышаны деп білемін. Жақында, яғни наурыз айында
ұйымдастырылған республикалық халықаралық интернет
журнал«bilimnur.kz» сайтындашығармашылықпен айналысатын
мұғалімдерге арналған байқау ұйымдастырылды.
Байқаудыңшарттары:
1.Білім беру мекемесінің
жетістіктері (Мекеме жетістігі,ұжым жетістігі,оқушылар
жетістігі),
2.Үлгілі ұстаз.Жеке ұстаздың
жетістігі туралы,
3.Ұстаздарға көшбасшы (Әдіскер
ұстаз туралы),
4.Отбасы балабақша
ынтымақтастығы,
5.Сабақта жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану,оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
сияқты тақырыптар қамтылған.
Үстірт орта мектебі ашылғанына
10 жылға жуық уақыт болсада осы аралықта жеткен жетістіктері
толағай десем артық айтқан болмайын. Өйткені мектебімізде жоғары
санатты білікті ұстаздар еңбек етеді.Осындай ұлағатты ұстаздардың
арқасында жас ұрпақ сапалы білім алуда. Мектебімізде шығармашылық
пен айналысатын ұстаздар өте көп. Осындай шығармашыл мұғалімдер
қатарында Жанар апайды атағым келеді. Қазақ тілінде шығатын
республикалық «bilimnur.kz» сайтына әріптесім Жанар Мырзағалийқызы
Үстірт орта мектебінің осы кезге дейінгі жетістіктерін жариялап
мақала жазған болатын. Байқау қорытындысында апайдың еңбегі еленіп
«Алғыс хат,диплом және төсбелгі»мен марапатталды. Жанар апай
мектебіміздің барлық қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын
шығармашыл мұғалім,мектебіміздің жетістіктерін газет-журналдарға
үнемі жариялап отырады.
Мен алғаш еңбек жолымды осы
мектепте жас маман болып жұмыс жасадым. Ол кезде Жанар апай
кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқаратын, жүзі жылы,
жан-жағындағыларға үнемі көмек көрсетіп жүретін апайдан менде
білмегендерімді сұрап,ақылдасып отыратынмын. Қазіргі таңда
шығармашылық пен айналысамын деген ұстаздарға үлкен мүмкіндіктер
бар. Әріптесімнің толағай табысы мен жеткен жетістіктеріне ұстаздар
қауымы дән риза. Жанар апайымның шығармашылық жұмыстарына сәттілік
тілеп, қарымды қаламыңыз ұштала берсін дегім
келеді.
Нысанбаева
Ақжарқын
Үстірт орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
