Материалдар / Әріптестік қарым қатынас

Әріптестік қарым қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг тақырыбы: Әріптестік қарым-қатынас тренингі Мақсаты: 1.Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 2.Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұсынуға көмектесу. 3.Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу Жоспары:  І.Кіріспе  ІІ.Негізгі бөлім: 1.” Танысу” 2. “Балға,шеге қағуойыны 3.Топқа бөлу. 4.” Ой жинақтау” 5.Менің серігім қандай адам?6. «Жақсы адам бейнесі»жаттығуы  7. «Қамажай» ІІІ Қорытынды 8.”Тілек шамы” І. Кіріспе бөлім: « Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар! Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым –ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Ал, әріптестік дегеніміз- белгілі бір ұйымдарда бірігіп, жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, әншілер. Олай болса қымбатты қонақтар бүгінгі біздің тренигіміздің алғашқы айналымы танысу жаттығуына кезек берейік.1. Танысу Көңілді музыка ойнайды, жаттығуға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есімін айтады және сүйікті хоббиін қоса айтады. Келесі қатысушы өз есімін айтпас бұрын алдыңғы адамның есімін, хоббиін айтып барып, өз есімін айтады. 2.«Балға,шеге қағу» ойыны. 1,2,3,4 дейін қазақ,орыс,ағылшын тілінде айту. Сандарды орысша, қазақша айту. Один екі,үш четырий, бес шесть, семь сегіз,девят он 3. Топқа бөлу Ал енді тренигімізді бастамас бұрын топқа бөлінейік. Ол үшін сіздер түрлі-түсті гүлдерден өздеріңізге ұнайтын бір түсті таңдайсыздар, сол таңдаған түстеріңізге қарай топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады. І топ. Ұжымдық ІІ топ. Әріптестік. ІІІ топ. Достық 4. «Ой жинақтау» Әр топ мүшелері өз топтарының атауларын қорғап шығу керек. Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5-10 минут уақыт. І топ сұрақтары. 1. Ұжым дегеніміз не? 2. «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешегі, тағдыры тұр»- дегенді қалай түсіндіресіз? 3. Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз (Рөлге ену) 

ІІ топ сұрақтары 1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама беріңіз. 2. Әріптестікті кім басқарған жөн (Жасына сәйкес) 3. Бір жағдайға байланысты жұмыстан сұрандыңыз, әріптесіңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдіріңіз (Рөлге ену) ІІІ топ сұрақтары 1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіз? 2. Достық туралы бірнеше мақал-мәтел келтіріңіз 3. Достық қиындықта көрінеді (Рөлге ену) 5.Менің серігім қандай адам? Дөңгеленіп отырамыз. Сіздер 2-2 ден бөлініп, бір-бірлеріңізге қарап отырыңыздар. Музыканың ырғағымен бір-бірлеріңізге зер салып ойлана қарап, алдарыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені, менің алдымда... көріп тұрмын деп бастайсыз.Адамның сыртқы бейнесін суреттеңіз. Әңгімеге оның жеке қасиеттері, өз бағалауыңызды қоспаңыз. Мысалы: мейрімді көздер, ойлы жанр т.б осы сияқты. Рөлдеріңізді сосын ауыстырасыздар. 1.Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?2. Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз? 6. «Аппликация»жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді. Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басшыларыңыз таңдауға болады. Енді 1 топқа – қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін жасайды және оны өзі қорғап , қалаған адамға сыйлайды) 2-топқа – көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелеп, оны қорғап , өзі қалған адамға ұсынады 3 топқа- көк,сары түсі келді (бұл топ Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелеп, қорғап,қалаған адамына ұсынады) ( Топ басшылары өз ойларын жеткізеді)1-топқа, рахмет сізге. Гүліңізді кімге сыйлар едіңіз? Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты құлпырып өсе берсін деп тілеймін! 2-топқа. Керемет! Сіз кімге сыйлайсыз? Сіздің шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді,дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын биікке көтеруіне шын жүректен тілектеспін! 3-топқа. Жарайсыз,тамаша! Ал сіз кімге ұсынар едіңіз? «білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз,сіздің берген білміңіздің арқасында,осы кемедей еш кедергісіз асулардан тосқауылсыз өтіп теңіздің шетіне, яғни білімнің шыңына қиындықсыз жетсін деген ақ тілегімді білдіремін!   7. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы. Әр топқа 3 заттан беріледі. Сол затты қатыстырып Ұстаз,ата-ана,бала сөздерін қатыстырып өз ойларын айту керек. 8. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жатығуы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ