400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әріпті өрнек

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне күнделікті саақты жоспарлауда керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек


Мектеп:

Күні :

Сабақ: №

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік пен теңдіксізді құру, оқу, жазу және білу.

Өрнектерді жазады және оқи алады;

Өрнектердің мәнін табады, компоненттерін атайды;

Әріпті өрнектердің мәнін таба біледі.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а], b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;

1 маркер.

Тірек сөздер

әріпті өрнек

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектер туралы түсінік беру; оқушы­ лардың­ әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу дағ­ дыларын­ қалыптастыру; таңдау әдісі арқылы әріпті өрнектің мүмкін болатын мәнін табу.

Психологиялық дайындық.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —

әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын математикалық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды.Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты топпен жұмыс істеуден бастау. Әр топқа қағаздарды және маркерлерді таратып беру. Сыныпқа кестені көрсетіп таныстыру. Оқушылардан бос торкөздермен өрнектер құрастыруды сұрау.

1-қосылғыш

2-қосылғыш

Өрнек





1

+ 1




8







6





— Мына бос торкөздердің орнына қандай сандарды қоюға болады? Сендер қалай ойлайсыңдар? (Кез келген.)

— Ал мына бос торкөздің орнына ше? 6 – .

Қорытынды жасауды сұрау. Оқушылардың ойын тыңдау. Оқушыларды айырманың мағынасын табу кезінде, егер бос торкөз азайтқыштың орнында тұрса, онда ол азайғыштан артық мән қабылдай алмайды деген тұжырымға жетелеу. Бос торкөздің

орнына латын әліпбиінің кіші әріптерін (a, b, c,d, x, y) жазуды ұсыну. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың назарын аудару: а — [а], b — [бэ], с — [ц],d — [дэ], x — [икс], y — [игрек]. Оқушылардан алынған өрнектерді оқып беруін өтіну. Олардан мынаны сұрау:

— Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)

— Егер өрнек әріптен, саннан және арифметикалық­ амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен байланысқан әріптер мен сандардан құралған өрнектердің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға

оқушыларды жетелеу. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады. Мысалы,5 – х өрнегін былай оқуға болады: “5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе “5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.

Қай жолмен жүрген дұрыс? Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсыну. Оларға өрнектер-ді кезекпен оқыту. Жолсеріктердің қай жолмен жүргені дұрыс екенін хабарлайды,­ өз таңдауын дәлелдейді.

Бұл тапсырманы бөлімнің “Саяхат” атты жалпы тақырыбымен байланыстыруға болады.

Жауабы:санды өрнектер: 100 – 30; 7 + 3; әріпті өрнек­тер: х + 8; 50 – у.


Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқыту. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөлу.


Оқулықпен жұмыс:Шығарып көр. Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Тапсыр­ маны орындау үшін жұмысты топпен ұйымдастыру. Олар қағазға алынған әріпті өрнектерді жазуы керек және жұмысты аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы керек.

Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріппен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексеру. Мысалы, 12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.

— Біз сандарды қосқан кезде орындарын қалай ауыстыра аламыз? Мысалы, 5 + 3-ті 3 + 5-ке ауыс­ тыруға болады.


— Азайтуда сандардың орындарын ауыстыруға бола ма? Неге?


— 12 – 11 өрнегін 11 – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?

— Қалай ойлайсыңдар, 12 – х өрнегін х – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?


— Екі өрнектегі х-тің орнына бір санды қойып көрейік. Мысалы, 3-ті. Не шықты?


Берілген тапсырма жауабына х – 12 және 11 – х өрнектері алынбайды деген тұжырымға жетелеңіз.


Жауабы:

ә) 8 + х, х + 8; х + 2, 2 + х;

б) 12 – х; х – 11;

в) 100 – х; х – 20.


Орындап көр. Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау оқушылардың топпен жұмыс үрдісінде үйренген дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді. Жауаптарын нақтылай түсу үшін олардың өздеріне осындай бірнеше өрнектерді басқа әріптерді қолданып жазуын ұсыныңыз. Оқушылар­ ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазады.

Жауабы:иә, кез келген басқа әріпті қолдануға болады.

Ойлан. Бұл айдардың тапсырмасын орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан автобустағы қалған жолаушылар санын көрсететін

(15 – х) түріндегі әріпті өрнек құрастыруды сұраңыз. Сонымен қатар олар бұл өрнектегі әріптердің мәндері 1 -ден 14-ке дейінгі мәнді қабылдайтыны туралы өз талдаулары бойынша қорытынды жасай алады.


Сергіту сәті.

Қостық біз, азайттық біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тапсырманы оқуда және айтуда, жатқа жазуда әріпті өрнектерді дұрыс атау. Әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқу дағдыла-рына жаттықтырыу. Арифметикалық амалды және белгісін атау, арифметикалық амалдың компоненттерін атау.

Дәптермен жұмыс: Барлық әріпті өрнектерді қоршап сыз. Бұл тапсырма арқылы әрбір оқушының тақырыпты қан­ шалықты түсінгенін тексеруге болады.

Тапсырманы орындау үшін оқушылар санды және әріпті өрнектерді ажырата білуі тиіс.


Жауабы:әріпті өрнек: 6 + a; 80 + b; 50 – c; d – 40; санды өрнектердің мәндері: 13, 9, 60, 70.

Сабақтың соңы:











Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;

әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйренеді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қою:

— әріпті өрнектердің санды өрнектерден айыр­ машылығы неде?

— 7 + b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

— 7 – b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

— 7 + b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріпті қоюға болады? b-ның орнына қандай сан қоюға болады?

— 7 – b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріп пен сан қоюға болады? Оқушыларға өз жауаптарын түсіндіруді ұсыну.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” арқылы өз-өзін бағалату.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі