400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Әріпті өрнек

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 1-сыныпта математика сабағынына пайдалануға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек

Мектеп:Ақтау негізгі орта мектебі

Күні : 12.02.2018


Мұғалімнің есімі: Абдибаева М

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу

1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Санды және әріпті өрнектерден (қосынды, айырма) құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:Санды және әріпті өрнектерді жазады,оқиды, ажыратады.

Ресурстар:

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а], b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;

1 маркер.

Тірек сөздер

әріпті өрнек.

Бағалау критерийлері

Қосынды және айырма түрінде берілген санды және әріпті өрнектер мен теңдіктерді ажыратады.
Қосу мен азайту амалдарына санды және әріпті өрнектер құрастырады, түрлі тәсілдермен оқиды.

Құндылықтарды дарыту

5.Мәңгілік Ел, бұл-Еңбек.Қоғам

АКТ-ны қолдану


Бастапқы білім

Санды және әріпті өрнекті біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Көзді ашып,айналаға жарқын қараймыз

Уақыттар мен минуттарды байқаймыз,

Онда не тұрғанын анықтап,

Зат атулыны тілінен ғана анықтаймыз.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Сабақтың ортасы

25 минут
























































































































Сабақтың соңы

5 минут








Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —

әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын математика- лық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды.Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Топпен жұмыс істеу. Әр топқа ламинатталған қағаздарды және маркерлерді таратып беру. Кестемен жұмыс. Бос торкөздермен өрнектер құрастыруды сұрау.

1-қосылғыш

2-қосылғыш

Өрнек





1

+ 1




8







6





Мына бос торкөздердің орнына қандай сандарды қоюға болады? Сендер қалай ойлайсыңдар? (Кез келген.)

Ал мына бос торкөздің орнына ше? 6 – .

Қорытынды жасау. Оқушылардың ойын тыңдау. Оқушыларды айырманың мағынасын табу кезінде, егер бос торкөз азайтқыштың орнында тұрса, онда ол азайғыштан артық мән қабылдай алмайды деген тұжырымға жетелеу. Бос торкөздің орнына латын әліпбиінің кіші әріптерін (a, b, c, d, x, y) жазуды ұсыну. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың назарын аудару: а — [а], b — [бэ], с — [ц],

d — [дэ], x — [икс], y — [игрек]. Оқушыларға алынған өрнектерді оқыту

Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)

Егер өрнек әріптен, саннан және арифметикалық амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен

байланысқан әріптер мен сандардан құралған өрнектер- дің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға

оқушыларды жетелеу. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады. Мысалы,

5 – х өрнегін былай оқуға болады: “5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе “5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.

Қай жолмен жүрген дұрыс? Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсыну Оларға өрнектерді кезекпен оқытыңыз. Жолсеріктердің қай жолмен жүргені дұрыс екенін хабарлайды, өз таңдауын дәлелдейді.

Жауабы:

санды өрнектер: 100 – 30; 7 + 3; әріпті өрнектер: х + 8; 50 – у.


Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқыту.

Топпен жұмыс.Шығарып көр. Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті өрнектерді жазуы керек және жұмысты аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы керек.

Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріппен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексерген жөн. Мысалы, 12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.

Біз сандарды қосқан кезде орындарын қалай ауыстыра аламыз? Мысалы, 5 + 3-ті 3 + 5-ке ауыстыруға болады.

Азайтуда сандардың орындарын ауыстыруға бола ма? Неге?

12 – 11 өрнегін 11 – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?

Қалай ойлайсыңдар, 12 – х өрнегін х – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?

Екі өрнектегі х-тің орнына бір санды қойып көрейік. Мысалы, 3-ті. Не шықты?

Берілген тапсырма жауабына х – 12 және 11 – х өрнектері алынбайды деген тұжырымға жетелеңіз.

Жауабы:

ә) 8 + х, х + 8; х + 2, 2 + х;

б) 12 – х; х – 11;

в) 100 – х; х – 20.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы .Аңдарға өз үйін табуға көмектес. Өрнектерді оқы.


Жұппен жұмыс Орындап көр. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді.

Жауабы:

иә, кез келген басқа әріпті қолдануға болады.

Ойлан. Бұл айдардың тапсырмасын орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардан автобустағы қалған жолаушылар санын көрсететін \15 – х) түріндегі әріпті өрнек құрастыруды сұрау. Сонымен қатар олар бұл өрнектегі әріптердің мәндері 1 -ден 14-ке дейінгі мәнді қабылдайтыны туралы өз талдаулары бойынша қорытынды жасай алады.


«Алма ағашы»

Сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі.» Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл күйім жоқ.»



латын әріптері транскрипциясының кестесі:

а — [а], b — [бэ],



с — [ц], d — [дэ],



x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:





1 ламинатталған қағаз парақтары;









1 маркер.




Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Ойлан тап» әдісі




Партада дұрыс отыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі