15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әріпті өрнектегі әріптің мәні
Сабақ тақырыбы: |
Әріпті өрнектегі әріптің мәні |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады; “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
Әр оқушыға арналған: 1 ламинатталған қағаз парағы; 1 маркер. |
|||||
Тірек сөздер |
Әріпті өрнектер |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Әріпті өрнектегі әріптің мәнін таңдап алу дағ дысын қалыптастыру, әріпті өрнектегі әріптің орнына сан мәнін қою жолымен алынған теңдіктерді шешу дағдысын жетілдіру. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Оқушылар бұл сабақта әріптің орнына санды қойып және нәтижесін есептеп санды өрнек алады, әріпті өрнектің сан мәнін анықтайды. Есептеуде әріптің орнын ауыстыратын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды. Оқушылар әріптің орнына түрлі сандар, кей жағдайда кез келген сандарды қоюға болатынын білетін болады. “Айнымалы” атауы енгізілмейді. Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныппен жалпы жұмыс істеуден бастау. Оқушыларға “=” таңбасының бір жағында әріпті өрнектің тұрғанын көрсету. Мысалы, 6 + а = 18. Оқушыларға тура теңдік шығу үшін әріптің орнына қоятын санды табуды ұсыну. Іріктеу тәсілі арқылы санды анықтату. Жауабын тапқан соң 18 саны шығу үшін 6 + а әріпті өрнегіндегі әріптің мәні 12 саны екенін айту. Егер әріптің мәнін өзгертсе, одан кейін қосындыны табуды ұсыну. Мысалы, а = 14. Оқушылардан 6 + 14 өрнегін есептеуді сұрау. Шыққан 20 саны а = 14 жағдайындағы 6 + а әріпті өрнегінің сан мәні екенін хабарлау. Әріпті өрнектегі әріптің орнына түрлі сан тұратынына оқушылардың назарын аудару. Әріптің мәніне әріпті өрнектің сан мәні тәуелді. “Құпия код” ойыны. Сабақтың тақырыбын пысықтау үшін топтық ойын ұйымдастыру. Мысал келтіре отырып сыныпқа ойынның шартын түсіндіру. Әрпі бар теңдікті ұсыну. Мысалы, 8 – х = 5. Әріптің мәнін табуды сұрау, бірақ дауыстап айтуға болмайтынын ескерту. Оқушы әріптің мәнін тапқанын білдіретін белгі беруі тиіс. Енді оған осы әріптің мәнін қолданып басқа теңдік құруды ұсыну. Мысалы, ол мынадай х + 4 = 7 теңдігін құрады, осылай ол “құпия кодты” тапқанын дәлелдеп көрсетеді. Келесі оқушы үшінші теңдікті берілген “кодпен” құрады да, оны шешуге ұсынады. Осылайша, топтағы барлық оқушылар әрпі бар бір-бір теңдіктен құрап бітпейінше, “құпия кодты” таба алмайды. |
Әр үйде қанша қонақ бар? Топпен жұмыс ұйымдастыру. Егер әріптің мәні белгілі болса, онда әріпті өрнектің сан мәнін табуды ұсыну. Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырманы бірінші болып орын даған топ өз жауабын айтады, ал қалған топ өз жауаптарын тексереді. Тапсырма ламинатталған қағаздарда орындалады. Тексеру кезінде алынған санды өрнектерді үйлердің шатырының түстерімен ажыратуға болады. Мысалы, “Сары шатырлы үйде … қонақ бар”. Жауабы: сары шатырлы үйде 3 қонақ; жасыл шатырлы үйде 9 қонақ; ал қызыл шатырлы үйде 4 қонақ; қоңыр шатырлы үйде 6 қонақ; көк шатырлы үйде 10 қонақ; қызыл шатырлы үйде 8 қонақ; күлгін шатырлы үйде 5 қонақ;
ашық қоңыр түсті шатырлы үйде 7 қонақ бар.
Шығарып көр. Бұл тапсырманы жұпта орындату. Шелек қозғалғанда алынатын әріпті өрнектердегі әріптің мәнін табуды ұсыну. Шелек құдыққа түсіп, одан кейін қайта көтерілген кезде шелектегі х саны құдықтың қабырғасында жазылған теңдіктердегі бос торкөзге қойылады.
Мысалы, 4 + = 7 теңдігіндегі “бос торкөзді” шелекпен ауыстырғанда 4 + х = 7 теңдігіне ауысады да, оқушылар теңдіктегі х-тің мәндерін таңдап ала алады. Олар тапсырманы ламинатталған қағаз парақтарында орындайды.
Жауабы: а) х = 3; ә) х = 5.
Орындап көр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындату. Әңгіме жүргізу.
— а – 0 өрнегіндегі а-ның орнына қандай санды қоюға болады?
— Қане, тексеріп көрейік, барлық сандар сәйкес келе ме? Бірнеше оқушыдан кез келген санды атап және есептеп беруді өтіну. Сонымен қатар а – 0 өрнегіне кез келген санды қойып көру. Оқушылар екінші тоқсанда оқыған 0 санының қасиеті туралы білімдерін естеріне түсіреді. — Қандай тұжырым жасауға болады? |
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар Жұмыс дәптері 35-36 бет |
|||||
Әріпті өрнектердің сандық мәндерін тап.
Оқушылар кестені толтыра отырып, әріпті өрнектегі әріп мәнінің қосындысы мен айырмасын табады. Жауабы: айырмаға — 7, 1, 3. қосындыға — 7, 19, 9. |
Қосу амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Азайту амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Оқушылар “математикалық мәшинені” қолданып өз бетінше ойнауына болады. “Мәшинеге” түскеннің бәрі а-ға артады немесе а-ға кемиді. Оқушылар “мәшинеде” жетіспей тұрған сандарды жазып, арифметикалық амалдардың нәтижесін есептеуі тиіс. Жауабы: 6, 9, 7, 7; 4, 0. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қою:
— Әріпті өрнектегі әріптің мәні қалай аталады?
— а + 0 = а өрнегіндегі әріп қандай мәнге ие болады? Ал а – 0 = а өрнегінде ше? Неліктен?
— 7 + b өрнегінде b әрпі қандай мағына береді?
— 7 – b өрнегінде ше?
— 7 – b әріпті өрнегінің сан мәнін қалай табуға болады? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген