15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
әріпті өрнектерді салыстыру
Сабақ тақырыбы: |
Әріпті өрнектерді салыстыру |
Мектеп: |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады.
|
||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
|||||
Ресурстар: |
Әр оқушыға арналған: 1 ламинатталған қағаз парағы; маркер; әріпті өрнектер жазылған парақшалар (мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а). |
||||
Сабақтың мақсаты: |
а + 7 және 8 + а түріндегі әріпті өрнектерді сан компоненттері бойынша салыстыруды қалыптастыру. |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
||||
Сабақта оқушылар мынадай тұжырымға келеді: қосуға берілген екі әріпті өрнекті мәндері бойынша салыстырғанда қайсысының сан компоненті артық (кем) болса, сол өрнек артық (кем) болады. Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында тапсыр маны топпен орындату. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар тарату. Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Барлық өрнектердің қосуға берілуі міндетті шарт болып табылады. Оқушыларға мына сұрақтарды қою: — бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.) Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқу шылардың назарын аудару. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұрау: — Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.) Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірі мен салыстыруға болатынын хабарлау. Мұны қалай істеуге болатынын сұрау. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкелу. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан |
компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады.
Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызу:
— ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды);
— ең кіші мәні бар өрнекті тап; — екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көмегімен салыстыр;
— өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастыр (оқушылар өрнектері бар парақшаларды қолдарына ұстап, бір қатарға тұрады);
— біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы; — теңсіздік алатындай жағдай ойластыр. Мысалы, “b +8 <12 + b”. Мұны былай дәлелдеуге болады: “кәмпит қапшығына тағы да 8 кәмпит салғанда 12 кәмпит салынған дәл сондай қапшықтан кем болады”. Салыстыр. Берілген тапсырма алдыңғы иллюстрацияның негізінде орындалады. Оқушыларға 1 кәмпитті бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан сияқты елестетуді ұсыну. Бұл жағдайда қандай әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұрау. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыну. Мәтінде кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырмада оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді, осылайша олардың сөйлеу дағдысы дамиды. Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақтарына жазуды ұсыну. Бірінші теңсіздік екі қарындаштың ұзындығын салыстырудан шығады. “ Қарындаштардың ұзындығы белгілі ме?” — деп сұрау. Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлау. Мысалы, бірінші қарындаштың ұзындығы х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірінші қарындаштың ұзындығы екінші қарындашқа қарағанда қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізу. Жауабы: а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7. |
||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Оқығанда және жазғанда әріпті өрнектерді дұрыс атау. Әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен дұрыс оқу дағдыларына жаттықтыру: арифметикалық амалды және оның белгісін компоненттерін атау. |
Қосымша тапсырмалар ж.д. 39 - 40 бет Шелекке қанша литр су сыюы мүмкін? Дәптердегі иллюстрацияда бірдей аквариумдарға су құйылғаны көрсетілген: бірінші аквариумдағы су екіншідегіден артық. Оқушылар қажетті есептеулер жасай отырып, 3-тен артық сандар жазылған парақшаларды анықтайды және 4 л, 5 л, 6 л, 7 л сандарын шелектердің суреттерімен қосып сызады. Жауабы: 4 л, 5 л, 6 л, 7 л. |
||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: 8 + х > x + 9 түріндегі әріпті өрнектерді салыстыруды меңгереді; қосу кезінде орындалатын ережелер азайтуда орындалмайтынын түсінеді. Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою: — қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па? — Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық? — Бір таспаның ұзындығы қарындаштың ұзындығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын? — а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге? — Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген