400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Арман керек адамға...» атты пікірлесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Кештің мақсаты: кәсіптік бағдар таңдау бойынша оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Пікірлесу кешіне арнайы кәсіби мамандар шақырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман керек адамға...»

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған «Арман керек адамға...» атты пікірлесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: кәсіптік бағдар таңдау бойынша оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Пікірлесу кешіне арнайы кәсіби мамандар шақырылды. Олар: аудандық білім беру бөлімінің заңгері Жексенбаев Айдос Ерболатұлы, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкері Нұржанов Роллан Дарханұлы, №17 өрт сөндіру бөлімінің кызметкері Хамзин Жасұлан Амангелдіұлы, кәсіпкер әрі шаштаразшы Темірешева Жанар Нұрболатқызы, Бөкейордасы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Умарова Нұргүл Жігерқызы, аудандық қазпошта байланыс торабының кызметкері Хайрушева Шолпан Қайырболатқызы, аудандық аурухана фельдшері Ташуова Жаннұр Есқайырқызы, аудандық ІІБ-нің қызметкері Ерғалиев Еркебұлан Нұрболатұлы және мектебіміздің кітапханашысы Үсенова Балжібек Сұлтанқызы қатысты.

Пікірлесу кеші бірнеше бөлімнен тұрды. Кешті ұйымдастырушы, 11 «а» сыныбының жетекшісі Момынова Мейрамгүл Мәлікқызы келген қонақтарды слайд арқылы таныстырды. Қонақтар өз мамандықтарына байланысты жұмыстарының қызықты сәттерін айтып, өз қалауларымен таңдаған мамандық қашанда жүрекке жақын болатынын айтып өтті. Әрбір мамандық бойынша оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға кәсіби мамандар толық жауап берді. Сондай-ақ, оқушылар мамандарға түрлі жағдаяттарды мысалға келтірсе, мамандар жағдаяттан шығу жолдарын өз жұмыстарымен байланыстыра отырып жауап берді.

Кеште күй тартылып, ән де айтылды. Оқушылардың бұл шарадан алған әсері мол болды әрі болашақта балаларымыз мамандық таңдауда қателеспей, өмірде өз орындарын таба алады деген сенімдемін.

Кеш соңында мектеп директоры А.Н.Кадимова шақырулы қонақтарға Алғыс хат табыстады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2018
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі