400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«АРМАН ҚАЛАСЫ-АСТАНАМ!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру. Қазақстан Республикасының рәміздерін таныстыруды жалғастыру. Ойын, өлең арқылы арқылы балалардың тіл байлықтарын ,ой-өрісін дамыту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





«АРМАН ҚАЛАСЫ-АСТАНАМ!»



Мақсаты:

Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру. Қазақстан Республикасының рәміздерін таныстыруды жалғастыру. Ойын, өлең арқылы арқылы балалардың тіл байлықтарын ,ой-өрісін дамыту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Астана қаласының әсем суреттері. Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, үн таспа. Астана қаласының ғимараттарының макеттері. Астанаға 20 жыл эмблемасы.

Барысы:

Астана Отанымыздың елордасы, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 1997 жылы Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Астана тез өсіп, дамып келе жатыр. Ол еліміздің мақтанышы.

Жүргізуші:

Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам.

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жасай берші арман қалам.

Қайырлы күн ,құрметті балалар және қонақтар, әріптестер."Күншуақ" тобының Астанамыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырған "Арман қалам-Астанам!" атты ертеңгілігімізді бастаймыз (осы кезде әдемі безендірілген залға балалар кіріп , гимн айтады).



-Балалар сендер қазір ғана қандай ән орындадыңдар?

-Балалардың жауабы (гимн).

-Жараайсыңдар, ал мынау ненің суреті?

-Елтаңбаның.

-Ал мынау ,ненің суреті?

- Туымыздың суреті.

-Туымыздың түсі қандай?

-Көк.

-Тудың ортасында ненің суреті бейнеленген?

-Күн, қыран бүркіт.

-Мынау ненің суреті?

-Қазақстан Республикасының картасы.

Біздің кең байтақ Қазақстанда көп ұлттың өкілдері бір-бірімен тату- тәтті өмңр сүреді.

-Балалар сендер қай елде, қандай мемлекетте тұрып жатырсыңдар?

-Қазақстан Республикасында.

-Біз қандай ұлтпыз ,қай тілде сөйлейміз?

-Қазақпыз, қазақша сөйлейміз.

-Бас қаламыз, елордамыз қалай аталады?

-Астана.

-Астанаға биыл неше жыл болды?

-20 жыл болды.

-Балалар сендер , еліміздің рәміздері туралы тақпақ білесіңдер ме?

Жұлдыз:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам!

Асылжан:

Ынтымақ пен бірліктің,

Шақырған барша аймағын.

Желбірей берші Қазақтың,

Көтеріп көкке байрағын!

































-Балалар сендер қазір ғана қандай ән орындадыңдар?

-Балалардың жауабы (гимн).

-Жараайсыңдар, ал мынау ненің суреті?

-Елтаңбаның.

-Ал мынау ,ненің суреті?

- Туымыздың суреті.

-Туымыздың түсі қандай?

-Көк.

-Тудың ортасында ненің суреті бейнеленген?

-Күн, қыран бүркіт.

-Мынау ненің суреті?

-Қазақстан Республикасының картасы.

Біздің кең байтақ Қазақстанда көп ұлттың өкілдері бір-бірімен тату- тәтті өмңр сүреді.

-Балалар сендер қай елде, қандай мемлекетте тұрып жатырсыңдар?

-Қазақстан Республикасында.

-Біз қандай ұлтпыз ,қай тілде сөйлейміз?

-Қазақпыз, қазақша сөйлейміз.

-Бас қаламыз, елордамыз қалай аталады?

-Астана.

-Астанаға биыл неше жыл болды?

-20 жыл болды.

-Балалар сендер , еліміздің рәміздері туралы тақпақ білесіңдер ме?

Жұлдыз:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам!

Асылжан:

Ынтымақ пен бірліктің,

Шақырған барша аймағын.

Желбірей берші Қазақтың,

Көтеріп көкке байрағын!

Жүргізуші:

-Балалар, сендер өзіміздің Отанымыз туралы ән білесіңдерме?

-Ия.

-Ендеше бәріміз бірге орнымыздан тұрып, "Отан" деген әнді орындайық.

-Ал енді балалар, қазір бәріміз еліміздің бас қаласы Астана туралы тақпақтар айтайық.

Сұңқар:

Күнменен бірге жаңарған,

Жылменен бірге жасарған.

Жасай бер елім, жасай бер,

Бағаналы ордам, басты ордам.

Ерболат:

Баласы думан асқан ән,

Данасы көшті бастаған.

Бейбітшіліктің бесігі,

Ақ ордам төрім, Астанам.

Айша:

Астанам байтақ әлемдік,

ШаҺарлардың ең жасы.

Астанам елдің жүрегі,

Тірегі мәңгі елбасы.

Омар:

Сарыарқамның төрінде,

Ұлы көшті бастаған.

Мақтанышым бас қалам,

Ару қалам Астанам!

Айым:

Сұлу қалам- жас қалам,

Нұр төгілген бас қалам.

Шуақ шашып бәріне,

Өсе берші Астанам!

Батыржан:

Астанам- бас қалам,

Жүрегі жылы баспанам.

Дүниедегі жас қалам.

Көркейе бер Астанам.

Ислам:

Нұрға толы арайы,

Тербейсің жан сарайын.

Толғанып ән салайын,

Мен Астана.

Нұрділдә:

Бәйтеректей самғарым,

Гүл жайнаған бауларым.

Жүрегімді баурадың,

Сен Астана.

Юсуп:

Гүлдене бер Астана,

Нұрлана бер Астана.

Биікке самға бәйтерек,

Қазағымның жүрегі,

Сен Астана.

Жүргізуші:

-Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, бір бойымызды жазып сергіп алайық.

Би "Астана"

Ғажайып сәт:

Есік қағылып, сырттан кішкентай қыз анасымен бірге кіреді.

-Сәлеметсіңдерме балалар, біз сендердің еліміздің бас қаласы Астана туралы тақпақ айтып, би билеп жатқандарыңды естіп, осында келдік. мына кішкентай Раяна қызымыз Астанаға барамын деп жатыр. Астанаға қалай барамын, маған көмектесесіңдерме?

-Көмектесеміз, көмектесеміз.

-Балалар, біздің де Астана қаласына барғымыз келеді, ендеше біз бәріміз қазір "Кішкентай құрылысшылар" деген ойынды бірауыздан ойнап жіберейік.

Ойынның шарты:

Алдын-ала дайындалған Астана қаласының әсем ғимараттарының макеттерінен, ағаштардан, көліктерден ару қаламызда құрастырамыз.

Жүргізуші:

-Балалар біз қандай қаланы құрастырдақ?

-Астананы құрастырдық.

-Астанада нелер бар?

Бәйтерек, хан шатыры, ақ орда, әдемі үйлер мен ғимараттар, ағаштар, гүлдер, әртүрлі көліктер.

-Жарайсыңдар , балалар.

-Балалар сонымен Астана қаласына неше жыл болды?

-20 жыл болды.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақстанымыз күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Ендеше менің де бүгінгі мерекеге арнаған, әдемі әнім бар.

Ән "Қазақстаным алға!"

Батыржанның әкесі бүркіттің қанатын қағып, залды айналып өтеді. Жұлдыздың әкесі үлкен Қазақстан Республикасының көк туын ұстап залға кіреді. Балалар жалаушалар мен шарларды және көгершіндерді ұстап билейді. Соңында екі ата-ана Астанамыздың 20 жылдық эмблемасын ұстап шығады.

Жүргізуші:

-Балалар бүгінгі біздің мерекеге келген қонақтар қайтпас бұрын мына әдемі бәйтеректе тұрған тәттілерді (чупа-чупс) қонақтарға және сендерге бергім келіп тұр.

(Осы кезде кішкентай Раяна мен анасы да өздерінің ризашылықтарын білдіріп, балалармен қоштасып, оларда да сыйлықтарын алып шығып кетеді).

Жүргізуші:

-Балалар біз қазір Астана қаласында жүрміз, енді қыдырып болсақ өзіміздің балабақшадағы тобымызға ұшаққа мініп қайтайық. (осы кезде үнтаспадан ұшақтың дауысы естіледі, балалар қолдарын жайып, залдан шығып кетеді).







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі