Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арман. Үстеудің синонимдік қатарлары. ҚМЖ. Сабақ жоспары. 6-сынып қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп" баспасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні:

Сынып: 6:

Педагогтің аты-жөні: Көрпебаева А.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арман. Үстеудің синонимдік қатарлары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.2.4.1- ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;


Сабақ мақсаттары

- ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады;


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгелдейді, жаттығуы.
Үй тапсырмасы сұралады.

Нұсқау: Берілген сөздерді қатыстырып тілек айтады.

Қағаз, доп, күрек, алтын, қар, кітап, орамала, сөмке, тақтай, үй, бояу.

«Арма», «Мақсат», «Табыс» үш тобына бөлінеді.

Мұғалімнің кері байланысы

Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Ойқозғау


  1. Арман дегеніміз не?

  2. Арманның мақсаттан қандай айырмашылығы бар?

  3. Табысқа жету мен арманның арасында байланыс бар ма?

Топтар сұрақтарға жауап береді. Өз топтарының атын қорғайды?



Сабақтың ортасы












4-тапсырма

Мәтінді оқу

«Рөлге ену» әдісі









Өлеңнің алғашқы бөлігін оқыңдар.

Мәтінді рөлге бөліп оқиды (автор, екі шәкірт, қария). Бұл өлең мазмұнын торлық түсінуге мүмкіндік береді.

Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды, бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.

"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ",
Деп қуана езу тартты атырап,
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.

Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей

Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті,
Қүрметпенен өз үйіне шақыртты;

- Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.

Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?

Қане, Дойыл, сен айтшы? Дойыл айтты:
- Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, ар мен де.
Жалын иі ашса өнерімнің өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері
Түгел танып жыр ететін тандана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеғен пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

Қарт күрсінді:
- Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Барымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?

Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!

- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды -
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.

Әбу айтты:
- Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.

Дескриптор;

мәтіннен негізгі , детальді ақпараттарды анықтайды.

Ең алғашқы және дұрыс орындаған жұпқа ынталандырушы стикерлер беріледі

Интерактивті тақта



Сергіту сәті

Нейрожаттығулар





4ә-тапсырма

Жұптық жұмыс



Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қарияның сұрағының астарында қандай мән бар?

  2. Дойылдың алдына қойған мақсаты қандай?

  3. Әбу алдына қандай мақсат қойды?

  4. Екі шәкірттің қайсысы тарихта қалады деп ойлайсыңдар?

Дескриптор: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді


Сабақты бекіту

4ә-тапсырма

Сәйкестендіру тесті

Жеке жұмыс








Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Өлеңнің жалғасын оқыңдар.


Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып өлең мазұны бойынша 3 сұрақ құрастыр.

кім? қашан? неге? не?

Дескриптор:

Өлең үзінділерін ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігіне сай қайта құрады


Кері байланыс

3 минут

Рефлексия. «Асық» әдісі






Үй тапсырмасы:

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?


4б-тапсырма

Берілген сөздердің синонимдерін тауып жазыңдар






Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды, бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.

"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ",
Деп қуана езу тартты атырап,
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12