жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арманға тәрбие сағаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН – ШЫМКЕНТ»
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МИНИСТРЛІГІ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
Оқу бөлімі
Сынып сағаты
Жауапты:
Алиханов Жасұлан – математика пәнінің мұғалімі.
Өткізілетін орны: РОСО «Балдәурен-Шымкент», 5 корпус, 2 этаж, 5 кабинет
Ұйымдастыру формасы: Сынып сағаты
Өтілетін сыныбы: 8 «В» - сыныбы
Тақырыбы: Киелі Түркістн
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Түркістан, ондағы орта ғасырларда салынып, біздің заманымызға жеткен тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Ахмед Иасауи кесенесі, оның салыну тарихы жайлы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып жеткізе білуге үйрету, рухани байлығын көтеру;
Тәрбиелік:
Бүгінгі
мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы
– мәдениет ескеткіштерін қадірлеп,
қастерлей білуге үйрету, имандылыққа
тәрбиелеу, отанды сүюге үйрету.
Құрал-жабдықтар:
Суреттер,
Қазақстанның саяси картасы, ән «Ғасыр
әлдиі», бейнефильм «Түркістан»
Мазмұны
мен өту барысы:
Жоспар:
1.
Ежелгі қала Тркістанның географиялық
орны, тарихы жайлы
2. Тарихи мәдениет
ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед
Иасауи кесенесі
3. Ахмед Иасауи –
ақын, ісләм дінін таратушы және оның
әулие атануы
4. Әмір Темірдің
көрегендігі
5. Көрініс: «Әмір Темірдің
түсі»
6. Ахмед Иасауи кесенесінің
салынуы жайлы
7. Түркістан кеше, бүгін,
ертең
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен
сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасы
ә)
Арыстан баб кесенесінің ерекшелігі
қандай? Ол қай ғасырда салынған еді?
Кесене қай жерде орналасқан?
Арыстан
баб кесенесі арқылы жаңа сабақты
бастаймын.
2. Оқушыларды үш топқа
бөліп, алдын - ала тапсырмалар беріліп,
зерттеу нысаналары белгіленді.
I
- топқа:
Ежелгі қала Түркістанның географиялық
орны және тарихы жайлы
II
- топқа: Мәдениет
ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед
Иасауи кесенесі жайлы; Ахмед Иасауи –
ақын, ісләм дінін таратушы және оның
әулие атануы
III
– топқа:
Әмір Темірдің көрегендігі; Ахмед Иасауи
кесенесінің салынуы жайлы; Түркістан
кеше, бүгін және ертең қандай болмақ.
Осы
жерде оқушыларға мынандай сұрақ
қоямын:
Сұрақ: 1. Түркістан қандай
қала, ол қай жерде орналасқан?
2.«Түркістан»
деген сөздің мағанасы нені білдіреді?
Осы
сұрақтардың көлемінде оқушылар өз
ойларын ортаға салады. Оқушылардың
жауабы тыңдалып болған соң Мағжан
Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
оқылады.
Түркістан – екі дүние есігі
ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі
ғой
Тамаша Түркістандай жерде
туған
Түріктің Тәңір берген несібі
ғой.
Осы жерде тағы да оқушыларға
сұрақ беріледі.
Сұрақ: Тарихи –
мәдениет ескерткіштері деген не?
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Содан
кейін мұғалімнің өзі кесене жайлы өзі
айтып өтеді.
Оқушыларға сұрақ:
1.
«Мәдинеде – Мұхамед, Түркістанда Қожа
Ахмед» деген сөз неден қалған?
2. Қожа
Ахмед Иасауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен
шығармасы қандай еді?
3. Ахмед Иасауиге
зәулім кесене салдырған Әмір Темір кім
еді?
Оқушылардың жауабы тыңдалып
болған соң, «Әмір Темірдің түсі» деген
көрініс көрсетіледі.(үнтаспада баяу
қобызда күй орындалып тұрады )
Көріністен
соң оқушыларға мынандай сұрақтар
беремін.
Сұрақтар:
1. Неліктен
бірінші Арыстан баб кесенесі салынды?
2.
Қазіргі кезде осы сәулет өнері
ескерткіштерінің сақталып бізге жетуінің
қандай маңызы бар?
Оқушылар сұрақтарға
жауап береді және басқа оқушылардың да
пікірлері тыңдалып, мұғалім сабақты
өзі қорытындылайды.
Қосымша.
Киелі Түркістан
Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер.
Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ.
1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласынан бастамақпыз. Осы орайда Елбасы Н. Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», — деген болатын.
Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 250 мыңға жетіп отыр. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған.
Шавғардан Түркістанға дейін
Түркістан қаласының тарихы 2 мыңжылдықтан бері келе жатыр. Алғаш қала атауы Шавғар деген атпен араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Ол – ежелден Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала.
XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылы ол біржолата Қазақ хандығының астанасы деп танылды. Бүгінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде қазақ хандары жерленген. Сондықтан да биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Түркістан қаласының маңызы өте зор.
Қаланың тарихи туризм әлеуеті зор
Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық музей ретінде құрылған «Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейін» айтуға болады. Тарихи музей қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т. б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, қала басындағы тарихи музейлер мен тарихи мәдени орталықтар – туристерді өзіне шақыра алатын нысандар. Саяхат сапары Күлтөбе қаласынан бастау алады. Өйткені Күлтөбе – қазіргі Түркістан қаласының ескі орны. Бүгінгі таңда ескі қаланың жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Бірақ саяхаттаушы туристерге ескі қала орны ерекше қызығушылық тудыратыны анық. Сондай-ақ Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.
Тағы бір қала орны – ортағасырлық Түркістан қаласы. Бұл төңіректе ертеден шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары орналасқан. Қаланың солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 шақырымға жуық. Стратиграфиялық зерттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVI ғасырларда кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.
Күлтөбе қаласынан 350 м қашықтықта орналасқан Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістанның басты салтанаты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, сопы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің үстінен салынған. Бұл ғимаратты атақты қолбасшы Әмір Темір салдырған. Бұл ғимарат – өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына мыңдаған туристі тартып, өзі қызықтыруда. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.
Есімхан кесенесі. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған еді. Сол Шығай ханның ұлы Есім хан жерленген кесене. Құрылыстың сағана бөлігі сақталған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл құрылыс XVII ғасырда салынған.
Рабия Сұлтан бегім кесенесі. Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғасырдан бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Әбілқайырдың әйелі болған.
Қылует жер асты мешіті (XII-XIX ғасырлар). Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуы Ахмет Иасауи есімімен байланысты. XII-XIX ғасырлар аралығында салынған құрылысты XX ғасырдың 40 жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйене отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.
Ортағасырлық монша (XVI ғасыр). Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 жылға дейін жұмыс істеп келген, 1979 жылдан бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған. Құмшықата жер асты мешіті (ХІІ ғасыр). Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 шақырым жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни-ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған.
ЮНЕСКО мойындаған - Түркістан
Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытындағы саяхаттың ендігі мақсаты музейлер мен мәдени орталықтарда жалғаспақ. Мұндай нысан қатарына алдымен осыдан 5 жыл бұрын ашылған «Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталығын» айтуымызға болады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталықта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, орталық қорындағы тарихи жәдігерлер қоры туристерге көрсетіледі.
Түркістан тарихи музейі. Қаладағы ХІХ ғасырда әскери казарма болған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи музейге айналдырды. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: Тас, қола және ерте темір ескерткіштері, түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі, Шауғар қаласы, Ясы қаласы, Қожа Ахмет Иасауи – «Түркістан пірі», Ескі Түркістан қаласы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы. Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті зор. Тек қана тарихи туризм аясында ғана емес, әлеуметтік мәдени, саяхаттау мақсатында, этнотуризм аясында туристерді тарта алады.
Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету. Ендеше, тарихы тереңде жатқан Түркістан шаһары – Қазақстандағы тарихи туризмнің басты жобасы әрі ЮНЕСКО мойындаған тарихи орын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген