Арманы болған
Алаштың

Бүкіл
Қазақстан
халқы мамыр айының соңғы аптасында
отызыншы зұлматты жылдардың жазықсыз жабылған жаланың құрбаны
болған ел бастаған ерлерінен, сөз бастаған шешендерінен, қол
бастаған батырларынан, халықтың сүт бетіндегі қаймағындай ұлт
жанашырларынан айрылған қасіретті жылдарды, арманы болған Алаштың
ұлдарын, қыздарын есіне түсіріп, ел тарихына таспен жазылған
жараның жазылмасын ойға түйеді, ұрпағының жарқын болашағы үшін
жанкештілікке барған ұлтжанды ұлдардың өрлігі елім дейтін жастардың
санасында жаңғырып, өшпес отты сәуледей өрлікке бастар үміт қана
көңілді жұбатады. Міне, осы тақырыпқа арналған іс- шара барлық оқу
орындарында өз деңгейінде өткізіліп, елін сүйген алаш ұлдарының
ерлігін ұлықтау, жаңғырту жас ұрпақтың парызындай
саналуда.
Қызылорда қаласындағы №197 Әбу
Құдабаев атындағы қазақ орта мектебінде де
ұйымдастырылған ауқымды кештің негізгі
мақсаты да оқушыларды нәубат
жылдарында жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті кезеңдерде
қынадай қырылған халықтың өмір жолынан өнеге алуға, ұлтжандылыққа,
отансүйгіштікке баулып, саяси қуғын-сүргінге
ұшыраған ақын-жазушылардың өмір жолдары арқылы жас ұрпақты
ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттеріне
тәрбиелеу және үлгі-өнеге ету болды
Бүгінгі 31 мамыр күніне
арналған кеш бір минут үнсіздікпен
репрессия құрбандарын еске алумен» басталуының өзі мектептің
көрермендер залына лық толған ата-аналарды бір тебренткені
анық. 1997 жылдың 31 мамырынан
бастап Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу дәстүрге
айналғандай болғанымен, кеш барысында мектеп оқушылары сахналаған
көріністер мен оқылған монологтар, келтірілген тарихи деректер мен
дәйектер көп жиналған көрермен ата-аналарды, қонақтарды, тіпті
ұстаздар қауымын да шынайылығымен иландырды, көзіне жас алғандар да
аз болмады, әсіресе ашаршылық тауқыметіне арналған сахналық
қойылымдар мен Мақаш
Тәтімов ізденістерінен алынған
деректер жадымызды жаңғырта түсті. Алаш арыстарының көсемі Ахмет
Байтұрсыновтың аштық жөнінде 1922 жылғы Қазақ каленьдарына жазған
«Тәні саудың - жаны сау» атты мақаласынан үзінді келтірілді:
«...Өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді.
Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша
ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге мүмкін
болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы
сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды.
Анасы баласының етін жеуге жетті... Аштықтан адамның тәні азып еді,
жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да
жаман болып кетті...».
Сондайақ Ілияс Жансүгіровтің
“Жұт – жетi ағайынды” өлеңiнен оқылған мына бір
шумақ:
Күнiне қазақ мыңдап өлiп
жатыр,
Тұқымы сағат сайын кемiп жатыр,
Өз баласын өзi үйiтiп, сирағын жеп,
Көр азабын тiрiдей көрiп жатыр.
Жұрттың көмейіне тұрып
қалғандай еді.
Ия, сотта тұрақты түрде
адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралып жатса, келесiде
адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жатады… Кешке қарай
көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң
сияқты аулауға шығатындар бар. Аштан өлгендердiң етiн жеп жатыр”, –
деген деректер де оқушылардың аузынан ащы запыран болып ақтарылды.
Аштықтың себебі мен салдарының толық полотносымен қоса берілген
нақты деректерге жұрт басын шайқады. Мектептің жоғары сынып
оқушылыры сахналаған С. Сейфуллин мен оның жұбайы Гүлбаһрамға
қатысты деректер де «әттегенайлаған» арқаңа ащы аяздың суретін
салғандай еді.
Жалғыз ұлы Аянның бір жасқа
толғанын қуаныш қып, атап өтпек болып жатқанда Сәкен ұсталады және
кешікпей атылады. Үкім атқарылған соң, Семейден Ақмолаға айдалып,
жер аударылған Гүлбаһрам екі жасқа толғанда шетінегн Аянның өлгенін
білсе, жендеттер жерлетпей алып қоятын болғандықтан,
баланың мүрдесін тірі бала сияқты қып,
арақалап келе жатқанын айтып зарлаған ана образы көпшіліктің көзіне
жас үйірді.
Бүгінгі кеште біршама
репрессия құрбандарының образы сомдалып, жалын атқан сөздері
нақышымен оқылды, елім деген ерліктері де айтылды. Осылайша олардың
есімдерін жас ұрпақтың ұлықтағаны, әрине көпшілікті марқайтқаны
ақиқат шындық.
Сакиева
Рабига
Қалалық жалпы білім беретін
кешкі мектеп
Химия пәні
мұғалімі