жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арматуралар классификациясы және қызметіне қарай бөлінуі
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің өндірістік оқыту шебері
Кулетов Бейсенбай
Сабақтың тақырыбы: «Арматуралар классификациясы және қызметін
қарай бөлінуі»
Сабақтың оқу – тәрбиелік мақсаты
Білімділік: Оқушыларға құбырларын монтаждау және арматуралар қызметінің жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға газ арматураларының классификациясы сапалы орындауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың теориядан алған білімдерін практика жүзінде алдыңғы деңгейге көтеру.
Сабақтың түрі: Өндірістік сабақ.
Сабақтың оқу құрал – жабдықтары: Тех карта, плакаттар, түрлі диаметр крандар.
Сабақ өтетін орын: Өндіріс шеберханасы.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың арнайы жұмыс киімін тексеру.
І. КІРІСПЕ НҰСҚАУ
Сабақ тақырыбы: «Арматуралар классификациясы және қызметіне қарай бөлінуі»
ӨТКЕН САБАҚТЫ СҰРАУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ
-
Стандартты жүйеге сай полиэтилен құбырларының диатері қандай?
Жауабы: қазіргі уақытта жер асты құбырларына полиэтиленді көп қолдана бастады мұндай құбырлар диаметрі 100 мм – 200 мм-ге дейінгі аралықта төменгі және орташа қысымды жерлерде қолданылады.
-
Газ құбырлары басқа жер асты коммуникациялық құбырламен өзара қанша қашықтықта болуы тиіс?
Жауабы: Газ құбырлары басқа жер асты коммуникациямен өзара қашықтықты 25см – 50 см арасынан кем болуы керек.
-
Жер асты құбырларын коррозиядан қорғауда көбінесе битуммен, резинамен, мастикамен немесе полихлор венилді пленкамен орап тастайды.
-
Қазіргі салынып жатқан тұрғын үйлерге газ қысымы қанша кг күш/м² тең болады.
-
Тұрғын үйлерге газ кіргізгенде газ құбырыдың қалыңдығы қанша мм болуы тиіс.
Жауабы: Тұрғын үйлерге газ құбырының қалыңдығы 2 мм – 3мм аралығында болуы тиіс, одан кем болмау керек.
ІІ. ЖАҢА САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫН ТҮСІНДІРУ.
Газ құбырлық және технологиялық арматура газ өнеркәсібінде әр түрлі қосалқы құралдар мен қондырғылар. Олар газ құбырында, резервуарда, аппаратта ортада ағындыны басқарып игеруге қолданылады.
Арматураның көптеген түрлері бекіту және дросельді қондырғыдан тұратын бекіту құрылғыда затвор мен седла бет жағы жабу кезінде құбырмен түйіседі де, оны тығыздағыштық деп атайды. Ал дросельдік құрылғыда затвор мен седла бет жағы аққан газды реттеп жабуды дроссельді деп атайды.
Жұмысқа қосу мен монтаждауда құбырлық және технологиялық арматуралардың паспортта көрсетілген талаптары орындалуы керек.
Арматуралық құралдың ең бірінші қызметі құбырмен келе жатқан мұнай, газды жабу не болмаса ашу және құбырдағы ағынды газды (регулиросать) реттеу болып табылады.
Арматуралар қызметіне қарап үшке бөлінеді:
-
Бекіту задвижка не болмаса винтель арқылы бекітіп тастайды.
-
Сақтандыру газ беру станцияларында құбыр жүйелерінде үлкен қысым өз нормасынан асып бара жатса, осы құбырға қауіп төне бастаса,, сақтандыру клапн арқылы артық газды не қысымды сыртқа шығарып тастайды.
-
Апаттық арматураның қызмет беріліп жатқан газ қысымын бұзылмауына байланысты апаттық бөлікке газ беруді автрматты түрде газды тоқтату не газды мүлдем жібермеу керек.
Құбырға арматуралық құралды қою үшін шартты қысымға төиеп беру есептелінеді. Қысым кезіндегі дұрыс температураға, металл қасиетіне есептеп қойылады.
Арматураға қойылатын талаптар ең бірінші тығыздығы, жарылуға төзімді боуы тиіс. Корпуспен қақпақ қосылған жерде тығыздығы нашар болса сыртынан көзбен қарап біоуге болады. Ал затворды білу өте қиын ол үшін арматураны толық бұзу қажет. Сол үшін ол заводта арнайы сынақтан өтеді.
Далада істеуге байланысты арматуралық құралдар тат басуға (коррозияға) шыдамды болуы тиіс.
Арматурамен болат құбырды бір-біріне қосуда, екіге бөлінеді:
-
Бөлінетін жалғау:
а) Фланецті жалғау. Қысымы 0,1-2,0 мПа аралығында.
б) Цапковый жалғау. Қысымы аз мөлшердегі құбырларда кезедседі.
в) Муфтовый жалғау құйылмалы арматурада үлкен емес қысымда диаметрі 25 мм-ден – 50 мм құбырларда қолданылады.
-
Бөлінбейтін жалғау:
Бұл жалғау арматура мен құбырды дәнекерлеу арқылы жалғау, үлкен магистралдарда, алыс ұзақ мұнай-газ жолдарда көптеп кездеседі.
Арматуралар қызметіне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
а) Бекіту
б) Сақтандыру
в) Кері әсерлі арматуралар
г) Авариялық бөлгіштік
д) Конденсат бөлгіштік
е) Реттеуші бөлгіштік
Бекіту арматурасы құбыр бөлігін , апартураны тығыз бөлуге арналған.
Сақтандырғыш-құбыр жүйесіне қауіп төну бастағанда артық газ қысымын артқа шығару.
Кері әсерлі арматуралар газдың қозғалу бағытынан кері жүруіне жол бермеу.
Авариялық бөлгіштік беріліп жатқан газ қысымының бұзылуынан байланысты авариялық бөлгіштікке газ беруді автоматты түрде тоқтату немесе құбыр бөлігіне газ жібермеу.
Конденсат бөлгіштік құбырдағы, су жинағыштағы мөлшеріне қарай жиналған сұйықты автоматты түрде сыртқа шығару.
Реттеуші бөлгіштік өзгеруіне қарай белгіленген қысым мен газ шығынын автоматты түрде ұстап тұру.
Құбырға арматурлық құралды қою үшін шартты қысымға және жұмысшы – дұрыс температураға төтеп беруге есептеледі.
Арматура классификациялары метал қасиетіне есептеп қойылады.
Шартты қысымға қарай арматуралар үш түрлі топқа бөлінеді:
1.Төменгі қысымға Рш-1 мПа дейін
2.Орташа қысымға Рш-1,6-дан 6,4 мПа дейін
3.Жоғарғы қысымға Рш 10-нан-100 мПа дейін
Метал мықтылығы температура көтерілгенде төмендейді. Сол себепті Рш-шартты қысымға, Ртек – тексеру қысымын жіберіп арматура шыдамдылығын тексереді. Бұл тексеруді гидравликалық тексеру деп атайды.
Мысалға Рш 0,1+Ртек 0,2; Рш-1,6+Ртек +2,4 мПа Рш-10+Ртек-15 мПа
Арматурадағы Дш-шартын өткізгіштік ең дұрыс диаметірі ол диаметр жалғану құбырының диаметіріне сай келуі керек және көрсетілген қысымға құбырдың өткізгіштік диаметірі тең болуы керек.
Рш-шартты қысым
Ртек-тексеру қысым
Дш-шартты диаметр
Өтілген сабақ сұрақтары:
1.Арматураның қызметі не?
Жауабы:Ең бірінші қызыметі құбырмен келе жатқан мұнай не газды жабу, ашу және ағынды реттеу.
2.Арматура қызмметіне қарай қаншаға бөлінеді?
Жауабы:Арматура қызыметіне қарай үш түрге бөлінеді.
а) Бекіту арматурасы
б) Сақтандыру арматурасы
в) Апаттық арматурасы
3.Арматура қысымына қарай қарай неше топқа бөлінеді?
Жауабы:Арматура қысымына қарай үш топқа бөлінеді:
а)Төменгі қысым Рш-1 мПа дейін
б)Орташа қысым Рш-1,6-дан 6,4 мПа дейін
в)Жоғарғы қысыммРш 10-нан-100 мПа дейін
4.Фланецті жалғау қалай орындалады?
Жауабы: Құбырдағы фланец пен кран фланецінің арасына прокладка орнатылып болттармен қысу арқылы жалғанады.
5.Кранды ашып жабу қалай орындалады?
Жауабы: Кранды ашып жабу тұтқа арқылы қолмен орындалады.
Тапсырмалар беру және оқушылардың еркін жұмыстары:
1.Оқушыларды жеке звеноларға бөліп жұмыс орындарына орналастыру.
2.Газ қондырғыларындағы арматуралар туралы жалпы түсінік беру.
ІІІ. Ағымды нұсқау.
Жұмыс барысы: Газ қондырғыларындағы арматуралар кран, винтель, задвижкалар қай жерлерде қолданылатынын оқушыларға түсіндіру.
Кран, винтель, задвижкалардың қалай жұмыс істейтінін, шашып қайта жинап оқушыларға көрсету.
Істелген жұмысты қабылдау және бағалау: Оқушылардың істеген жұмыстарын қабылдап оған баға беру, жекелеген оқушыларға тапсырма беру.
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1.Оқушылардың алған бағаларын хабарлау.
Үйге тапсырма: Арматуралар классификациясы және қызыметіне қарай бөлінуі.
1.А.И.Яковлев. «Газ арматурасы» 3 бет
Технологиялық карта
Тақырыбы: Арматуралар классификациясы: Винтел диаметірі 25
|
№ |
Орындалатын жұмыстың реттік жолдары |
Пайдаланатын материалдар |
Керекті құрал жабдықтар |
Әдістемелік нұсқау |
|
1 |
Кранның сыртқы көрінісін қарап шығу |
|
|
Кран корпусының сыртқы бетін мұқият қарап, корпуста сыртқы ақаулардың жоқтығына көз жеткізу. |
|
2 |
Кран корпусының сыртын қақтан, тоттан, майдан тазалау |
|
Метал щетка мата материялы |
Кран корпусының сыртқы жағында сызат бар жоғына көңіл аудару. |
|
3 |
Кран корпусының жоғарғы жағында орналасқан шпиндель сальнигінің тарту чайкасын босатып алу |
Слесарлық стол |
Керекті өлшемдегі кілттер Газовый кілт 27-32 кілт |
Корпус пен аудару чайкасының бұрандылық оймаларының, чайка кілттік қырларының бұзылуын қадағалау |
|
4 |
Шпиндель сальнигін сыртқа шығарып алу |
Слесарлық стол |
|
|
|
5 |
Кран шпинделін жоғары қарай тартып, затвордан бөліп алу |
Слесарлық стол |
|
Шпиндель затворға қатып қалған жағдайда қолмен ары- Слесарлық стол бері қозғап, абайлап жоғары қарай тарту |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген