жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арматураларды құбырға жалғау әдістері
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің өндірістік оқыту шебері
Ниязбеков Жақсылық Айтжанұлы
Сабақтың тақырыбы: Арматураларды құбырға жалғау әдістері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге газ тасымалдау жүйесінде орнатылатын арматуралардың құбырға
жалғану түрлерін түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, құбырлық
арматуралармен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, сабақ барысында студенттермен
бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйласуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бинарлық сабақ.
Сабақтың әдісі: Тақырып бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,плакаттар, Пәнаралық байланыс: Арнайы технология, өндірістік сабақ, материал тану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.
2. Студенттердің сабаққа дайындығын байқау.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Шартты өткізгіштік диаметр Дш – деген қандай диаметр?
Шартты өткізгіштік диаметр Дш – деген құбырлық жүйе үшін жалғанылатын бөліктерді,
фитингтерді, арматураларды сипаттау ретіндегі параметр.
2. Шартты қысым деген қандай қысым?
Шартты қысым Рш – жұмысшы ортадағы 20 °С температурадағы ең артық жұмысшы қысым, бұл
жағдайда жалғану арматуралар мен құбырлардың белгіленген жұмыс істеу мерзімі, беріктігі
қамтамасыз етіледі.О
3. Жұмысшы қысым деген қандай қысым?
Жұмысшы қысым Рж - арматураны белгіленген режимдегі жұмысшы температурада пайдаланудағы
ең көп артық қысым.
4. Байқау қысымға сипаттама беріңдер?
Байқау қысымы Рб – арматураларды және құбыр детальдарын 5°С – тан төмен емес 70 °С – тан
артық емес температурада сумен беріктікке және тығыздыққа гидравликалық сынақты жүргізуге
қажетті артық қысым. Байқау қысымы жұмысшы қысымнан шамамен 1,5 есе көп болады. 5. Тоқтату арматураларының қандай түрлері бар?
Өнеркәсіптік қолданыстағы әртүрлі салада соның ішінде газды бөлу, тоқтату жүйесінде
қолдануға арналған.
Айрықша жұмыс жағдайы үшін өнеркәсіптік арматуралар жоғарғы параметрлі энергетика
құрылғыларына, өте күшті және жоғарғы улы ортада қолдануға арналған.
Арнайы арматуралар атом электр станцияларында, кемедегі энергетика құрылғыларында, тағы басқа
жерлерде қолдануға арналған.
Сантехникалық арматуралар әртүрлі тұрмыстық құрылғыларда қолдануға арналған.
6. Бекіту арматурасына сипаттама беріңдер?
Құбырдағы жұмысшы ортада ағынды технологиялық режим талаптарына байланысты толық
тоқтатуға немесе ашуға арналған.
7. Реттеуші арматураға сипаттама беріңдер?
Жұмысшы ортада ағын шығынын өзгерту арқылы параметрлерді реттеуге арналған. Бұл топқа қысым
реттегіштер, реттеуші клапандар, сұйықтық деңгейін реттегіштер жатады.
8. Сақтандыру арматурасына сипаттама беріңдер?
Құбырды және жабдықты рұқсат етілмеген қысымнан автоматты түрде сақтап, жұмысшы ортадағы
артық қысымды атмосфераға лақтыру клапандары жатады.
9. Арматураның конструктивті типтеріне не жатады?
Задвижкалар. Задвижканың жұмысшы органының барып – келу механизмі жұмысшы ортадағы
ағынға перпендикуляр жағдайда қимыл жасайды.
Клапандар. Клапанның бекіту немесе реттеуші жұмысшы органының бару-қайту механизмі
жұмысшы орта ағынының осіне параллель жағдайда қимыл жасайды. Бұл түрге мембраналы
клапандардың мембранасы жтады.
Крандар. Кранның бекітуші немесе реттеуші жұмысшы органы өзінің осінің айналасында бұралып,
жұмысшы ағын бағытына ешқандай қатынасы болмайды.
Затворлар. Бұл түрлерде формасы диск түрінде, өз осімен айналатын бекіту немесе реттеуші
органдары болады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру 2 минут.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Құбырлық арматураларға сипаттама
Арматуралардың шартты белгіленуі арматура атынан, конструктивті тип номерінен, міндетінен, шартты өткізгіштіктен (мм) және шартты қысымнан (мПа), ГОСТ номерінен тұрады. Мысалы, Вентиль ІІ-А-50-40 : вентиль – аты, ІІ – конструктивті тип номері, А – міндеті, 50 – шартты өткізгіштік, 40 – шартты қысым. Тағы да мысал, 14 с 17 ст : 14 – арматураның конструктивті типті номері, с – корпус материалы, 17 – арматура моделінің реттік саны, ст – тығыздық деталінің материалы немесе корпустың ішкі қаптамасы.
Мысалы, СППК – 40– 50, специальный полноподьемный предохранительный клапан (арнайы толық көтерілмелі сақтандыру клапан), ал 40 – шартты қысым Рш = 4 мПа, бұл жерде 50 – шартты өткізгіштігі.
Құбырлық арматураның міндеті келе жатқан жұмысшы орта ағынын жабу, ашу, реттеу. Арматураға қойылатын негізгі талап – оның тетіктерінің тығыздығы және жарылыс қауіпсіздігі. Сыртқы ортаға қарай арматураның нығыздығы сальник нығыздығымен анықталады. корпус пен беттік қақпақ және құбыр жалғаулар нығыздығының нашар екенін сырттай қараумен анықтайды.
Негізінде арматураларға талаптардың жоғарғы сенімділігі қойылады. Арматуралар ашық күйінде ұзақ жұмыс істеуден кейін, жабу кезінде өте жеңіл, және өте аз гидравликалық кедергілікте жабылу керек.
Технологиялық жүйелерді және басқа да жүйелерді жүргізу жағдайларын есепке ала отырып арматураларға және тетіктеріне жарылыс қауіпсіздік талаптары және сальниктік нығыздықтарына, корпус материалына, затвордың және нығыздық материалының коррозияға қарсы тұруына, көмірсутекті ортаға нығыздықтардың қарсы тұруына үлкен талаптар қойылады. Арматураның нақты жұмыс жағдайына байланысты талаптардың кейбірі ең негізгісі болып келеді. Мысалы, технологиялық жабдықты бөлмеге орнатуда негізгі талаптарға сальниктер мен прокладка жалғауларының тығыздығы жатады. Себебі тығыздықтың нашар болуы бөлмеде жарылыс қауіпті жағдай тудыруы мүмкін. Арматуралар қышқылды ортада жұмыс істеуінде ең негізгі талап – металдардың коррозияға қарсы тұруы. Мысалы, затвор детальдарының коррозияға қарсы тұруы оның тығыздығын анықтайды. Негізінде арматураның ұзақ және сенімді жұмыс істеуі материалының коррозияға қарсы тұруына байланысты болады. Одан бөлек, арматура конструкциясы жөндеу жұмыстарына ыңғайлы мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. Көмірсутекті ортада арматураларды пайдалануда прокладка, кендір материалдарына және майлауына ерекше талап – май бензинге қарсы тұруға қатты көңіл бөледі. Сыртқы ортаға қарай штоктың немесе шпиндельдің тығыздықтарын, жылжымалы штокпен немесе шпиндельмен тікелей контактіде байланыстағы сальник орындайды.
Арматуралардың жалғану түрлері
Арматуралар – жалғану патрубкаларының құрылысына қарай муфталық, дәнекерленіп жалғанбалы, фланецтік, цапкалы және штуцерлік арматуралар болады.
Муфталық құбырлық арматуралар кіші диаметрлерде дайындалады. Арматураға ішкі құбырлық ойма салынады да, жалғану ұшының сыртқы жағына алты қырлы түрінде кілттік орын жасалады. Муфталық жалғаудың бірнеше артықшылығы бар. Бұрандалық оймасын әртүрлі әдістермен штамптау арқылы, айналдыру арқылы, кесу арқылы жасауға болады. Кесу арқылы қарапайым құралдармен кішігірім шеберханаларда және үйде де жасауға болады.
Слесарьлық жұмыста бұранда оймасын жасау үшін бұранда кескіш қол аспапты қолданады. Ішкі бұранда оймасын жасау үшін таңбалағыштар – метчиктер, ал кішігірім диаметрдегі құбырлар үшін, яғни сыртқы бұранда оймасын кескіш аспап – плашкалар қолданады.
Таңбалағыш деп ұзынша немесе спираль сияқты орналасқан оймалары және кескіш жиектері бар винтті айтады.Плашкалар сыртқы бұранда оймаларын ойып жасау үшін қолданады.
Муфталы жалғауда кендір жіппен немесе ФУМ лентасымен жеңіл және өте сенімді түрде нығыздық орнатуға болады. Арматуралар мен құбыр жүйесіндегі муфталық жалғауларда қосымша бекіту детальдары қажет етілмейді.
Сонымен қатар, бұл жалғау түрінің де кемшіліктері бар. Ең негізгісі бұранда оймасын кесіп салуда құбыр қабырғасының қалыңдығы кішірейіп кетуі. Осының салдарынан жалғанудың мықтылығы мен қызмет көрсетуі төмендеп кетеді. Ал қабырғасы жұқа құбырға бұранда оймасын салуға болмайды. Сонымен қатар, жалғау жұмысын жүргізуде муфтаны бұрап орнату үшін үлкен күш талап етіледі. Сондықтан 50 мм – ден артық диаметрлер үшін бұрандалық жалғау қолданылмайды.

Дәнекерленбелі арматуралар. Бұл арматуралар құбырға немесе ыдыстарға дәнекерлеу көмегімен жалғанады. Бұл жалғаудың артықшылығы толық және сенімді жалғау нығыздықтары, қызмет көрсетуде жұмыстың аздығы (фланецті жалғау сияқты болт тартуды қажет етпейді). Бұл жалғаудың кемшілігі – арматураны ауыстыру және монтаж кезіндегі құрделілік.

Фланецті арматуралар. Бұл арматуралар құбырға немесе ыдыстарға фланецтер көмегімен жалғанады. Артықшылығы – құбырда бірнеше рет орнату және бөліп алу мүмкіндігі, үлкен беріктігі және әртүрлі қысым мен өткізгіштік диаметрлерде кеңінен қолдануы. Кемшілігі – уақыттың өтуімен нығыздықтың нашарлауы және фланецтер тартуларының босау мүмкіндігі.
Фланецтік арматуралар 50 мм – ден 500 мм – ге дейінгі диаметрлерде шығарылады. Фланецтік жалғаулар техникада да кеңінен қолданылады. Фланецтер өзара болттармен жалғанып, араларына әртүрлі материалдардан жасалған прокладкалар қойылады.
Фланецті жалғаудың артықшылығы сенімділігі, жалғаудың қарапайымдылығы, бірнеше рет бөлшектеп және жалғауға болатындығы.
Енді кемшіліктеріне тоқталатын болсақ, фланецке жұмсалатын металл шығынының едәуір көптігі, ал фланецті дайындауда жұмыстың көп талап етілетіндігі. Құбыр диаметрі үлкейген сайын фланецтің салмағы мен қалыңдығы да артады және фланецтерді жалғап бекітудегі болттар саны да көбейеді.

Цапкалы арматуралар. Бұл арматуралар құбырға немесе ыдыстарға сыртқы бұрандалық ойма көмегімен жалғанады.
Штуцерлік арматуралар. Бұл арматуралар құбырға немесе ыдыстарға штуцер көмегімен жалғанады.

Ү. Өтілген сабақты пысықтау.
1. Арматуралар – жалғану патрубкаларының құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Арматуралар – жалғану патрубкаларының құрылысына қарай муфталық, дәнекерленіп
жалғанбалы, фланецтік, цапкалы және штуцерлік арматуралар болады.
2. Муфталық жалғаудың қандай артықшылығы бар?
Муфталық жалғаудың бірнеше артықшылығы бар. Бұрандалық оймасын әртүрлі әдістермен
штамптау арқылы, айналдыру арқылы, кесу арқылы жасауға болады. Кесу арқылы
қарапайым құралдармен кішігірім шеберханаларда және үйде де жасауға болады. 3. Дәнекерленбелі арматуралар жалғауының қандай артықшылығы және кемшілігі бар?
Дәнекерленбелі арматуралар жалғауының артықшылығы толық және сенімді жалғау
нығыздықтары, қызмет көрсетуде жұмыстың аздығы (фланецті жалғау сияқты болт тартуды
қажет етпейді). Бұл жалғаудың кемшілігі – арматураны ауыстыру және монтаж кезіндегі
құрделілік.
4. Фланецтік жалғаудың қандай артықшылығы және кемшілігі бар?
Артықшылығы – құбырда бірнеше рет орнату және бөліп алу мүмкіндігі, үлкен беріктігі
және әртүрлі қысым мен өткізгіштік диаметрлерде кеңінен қолдануы.
Кемшілігі – уақыттың өтуімен нығыздықтың нашарлауы және фланецтер тартуларының
босау мүмкіндігі.
А. Студенттер білімін бағалау. Студенттердің алған бағаларын хабарлаймын, өте
жақсы және нашар жауап берген студенттерді атап өтемін.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Газ жабдықтары, приборлар және арматуралар.
авт. Рябцев. Н. И.
6 бет.
Газ жүйелері және құрылғылар.
авт. Жила. В.
39 бет.
Өндірістік оқу шебері: Ниязбеков. Ж



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген