400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Арматураны тарту тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Арматураны тарту тәсілдері. Салынатын бөлшектер конструкциясы. Жинақталмалы темірбетон бұйымдарына жыл сайын жүздеген - тонна - металл жаратылады. Панельдік үй құрылысында барлық металл шығынынын 20 % үй элементтерін бірін - біріне түйістіре беріктейтін осы салынатын бөлшектерді жасауға жұмсалады. Салынатын бөлшектері, сурет 16.13. келтірілгендей, конструкциясы бойынша штампталынған жəне пісірілген болып жіктеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары:

Күні: 28.01.2022ж

Оқу тобы: Ғ-191

Сабақтың тақырыбы: Электрлік өткізгіштік және қатты диэлектриктердің тесілуі

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту. Ойларын еркін айтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Білімділігі: Электрлік өткізгіштік және қатты диэлектриктердің тесілуі

Дамытушылығы: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге,тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Миға шабуыл», «Түрлі түсті шарлар арқылы бағалау мүмкіндігі», «Бортты журнал әдісі»

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, интернет желісі

Сабақтың өту барысы

Реттік

№

Сабақ өту кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу.

2

Өткен сабақтар білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

1. Лекцияны жазу

2. Бекіту сұрақтарына жауап беру

3. Қағаздар мен картондардың қолдану аясы

3

Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру

Қатты диэлектриктердің тесігі - бұл электрлік немесе жылулық процесс - диэлектрикке үлкен кернеудің берілгені себепті туындайтын соққылық иондану-дан басталады.

Электрлік тесілу іс жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс.

Жылулық тесілу - бұл құбылыс диэлектриктің жылулық бұзылуы

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

«Бортты журнал» әдісі арқылы сабақты бекіту

5

Үйге тапсырма

1. Лекцияны жазу

2. Бекіту тапсырмасын орындау

3. Минералды диэлектриктер туралы мәлімет, қолданылуы

6

Сабақ/оқу қортындысын жасау, бағалау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.



Оқытушы: Қайроллаеава Нұрай









Сабақ барысы


  1. Білім алушыларды ұйымдастыру

Амандасу. Оқу құралдарын дайындау. Топты түгендеу


  1. Үй тапсырмасын сұрау

1. Лекцияны жазу

2. Бекіту сұрақтарына жауап беру

3. Қағаздар мен картондардың қолдану аясы


3. Жаңа тақырыпты меңгерту


Электрлік өткізгіштік және қатты диэлектриктердің тесілуі

Екі аралығында диэлектригі бар электродтардағы кернеу жоғарылағанда диэлектрикті тесіп өту пайда болуы мүмкін.


Диэлектриктің тесілуі дегеніміз оның электрооқшауламалық қасиеттерін жоғалтуы. Осы кезде электродтар арасында жоғары өткізгішті канал пайда болады да ол екі электродтардың қысқаша тұйықталуына әкеліп соғады. Тесілген жерде ұшқын пайда болады немесе қоректендіру көзінің қуаты үлкен болған жағдайда электрлік от-жалын (дуга) байқалады.


  • ДИЭЛЕКТРИКТЕРДІҢ ТЕСІЛУІ ЭЛЕКТР ӨРІСІНІҢ ӘСЕРІНЕН ДИЭЛЕКТРИКТЕГІ ӨТКІЗГІШ КАНАЛДЫҢ ТҮЗІЛУІ ДЕП АТАЛАДЫ.СЫНАҚ

- ТОЛЫҚ,

- ТОЛЫҚ ЕМЕС,

- ІШІНАРА,

- ҮСТІРТ БОЛУЫ МҮМКІН

Қатты диэлектриктерге үлкен кернеу берген кезде оларда өткізгіштік ток тудыратын еркін электрондар еркін иондармен бірге түзіледі, өткізгіштік ток белгілі бір шарттарда жоғарылайды, ал қатты диэлектриктердің көлемдік электрлік өткізгіштігі жоғарылайды.


Қатты диэлектриктердің беттік электрлік өткізгіштігі олардың бетінің ластануына және ылғалдану дәрежесіне байланысты. Қатты диэлектриктің беттік жазықтығының ылғалдылығы мен кірлену дәрежесі жоғары болған сайын оның беттік меншікті кедергісі де төменірек болады.


  • U пр ТЕСЕТІН КЕРНЕУ-БҰЛ ДИЭЛЕКТРИКТІҢ ҮЛГІСІНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МИНИМАЛДЫ КЕРНЕУ, БҰЛ ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ӘКЕЛЕДІ. I 0 U пр U ЭЛЕКТР ОҚШАУЛАУЫНЫҢ ВОЛЬТАМПЕРЛІК СИПАТТАМАСЫ:

Қатты диэлектриктердің тесігі - бұл электрлік немесе жылулық процесс - диэлектрикке үлкен кернеудің берілгені себепті туындайтын соққылық иондану-дан басталады. Қатты диэлектриктегі соққылық ионданудың процесі газдағы соққылық иондану процесімен сәйкес келеді, бірақ электр өрісінің кернеулілігінің әлдеқайда айтарлықтай өте үлкен мәнінде өтеді. Еркін электрондардың диэлектриктердің молекулалары мен атомдарымен жиі соқтығысуының нәтижесінде электронды тасқын тудыратын жаңа электрондар өздерінің орындарынан босап, жаңа еркін электрондар пайда болады да, бұл электронды тасқын қатты диэлектрикті бүкіл көлемі бойынша жүріп өтеді, Мұның нәтижесінде диэлектрик өзінің электроқшауламалық қасиеттерін жоғалтады.


Электрлік тесілу іс жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс.


Жылулық тесілу - бұл құбылыс диэлектриктің жылулық бұзылуы (балқыту, оны диэлектриктің қарама-қарсы екі электродын жалғастыратын канал бойынша күйдіру). Диэлектриктің көлемінің бір бөлігінің электр өткізгіштігі жоғары болуы мүмкін, онда (сол каналда) байқауға болатын өткізгіштік ток өтеді. Бұл ток каналдың жылу бөліп шығарып, қызуын тудырады, ал бұл құбылыс оның электрлік кедергісінің төмендеп, тікелей өткізгіштік тогының жоғарылауына әкеледі. Ал мұның өзі каналдағы қосымша жылу бөлінуге және диэлектриктің осы бөлігінің қосымша қызуын тудырады.



6. Сабақты пысықтау


«Миға шабуыл» әдісі

Өтілген сабаққа байланысты

  • Анықтамалар

  • Формулалар

  • Терминдерді жазу.



5. Жаңа сабақты бекіту.Кері байланыс

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: білімгердің саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.





6. Сабақты қорытындылау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.

«5» «4» «3»


  • Шар түстерін таңдау арқылы білімгерлерге өзін өзі бағалауды ұсыну

  • Таңдау нәтижене қарай әр бәлімгердің білімін тексеру

  • Бағалау


7. Үйге тапсырма

1. Лекцияны жазу

2. Бекіту тапсырмасын орындау

3. Минералды диэлектриктер туралы мәлімет, қолданылуы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі