Материалдар / Армысын -Алтын күз!!!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Армысын -Алтын күз!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Күзге арналған сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армысың, Алтын күз!

(Музыка әуенімен жүргізуші залға кіреді. )

Жүргізуші : Қуантып біздерді,

Мерекеге күз келді.

Кел жемісті күзіміз,

Кемелденсін халқымыз!

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер! Байлығын арттырған берекелі күзде келді. «Раушангүл» тобының « Армысың, Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!



Хансұлтан: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Балалар әуенмен залға кіреді.

Ән: «Күз »

Жүргізуші: Балалар сендер күз айларын білесіңдер ме? (Балалардың жауабы тыңдалады)

Музыка қосылады.

Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы бізге қонақ келе жатқан сияқты.

Әуенмен билеп күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме қонақтар,сәлеметсіңдерме достар.Мен Күз ханшайымымын.Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе күз ханшайымы! «Раушангүл» тобының күз мерекесіне арналған ертеңгілігіне қош келдің!Біздің балалардың күз мерекесіне дайындаған әндері,билері,көріністері және өлең шумақтары бар.

(Көрініске киінуге Айсулу, Хансұлтан, Мұхаммедәли, Айдана шығып кетеді)



Ахмедияр: Құстар қайтып ән салып,

Бұлт торады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Алижан: Күзде жауын, бұлт, тұман,

Сары жапырақ жауады.

Жерге түскен жапырақ,

Табанға тапталады.

Ернұр: Күнді көрсе толғанар

Самал соқты салқындау

Қысты қазір жолатпа

Алтын астық алтын тау

Айнара: Күзгі ауланың талдары

Желмен басын шайқайды

Дайрен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады

Диана: Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе?

Сыңсып бағың мәуелеп.

Әли: Ой балалар, балалар

Қоңырқай күзболыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты



Айдана: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тонғаныма,тойғаныма

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

Әлітөре: Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Қырманға дән сыйлаған

Дінмұхаммед: Күзім-ау күзім-ау

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Айсұлтан: Жайдары күз жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

Шахсұлтан: Ақтарады алтын күз

Уылжыған жемісін

Күзгебізде ризамы

Аянбаған ел үшін













Күз ханшайымы: Рахмет достар, сендер мен жайлы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Тағы да қандай өнерлеріңмен таңқалдырасыңдар?

Жүргізуші:

Ойын ойнап ән салмай,

Өсер бала боларма- демекші келесі кезекті ойынға берейік. Күз ханшайымы мүмкін сіз біздің балалармен ойын ойнап көрерсіз?

Ойын: «Кім епті»

Жүргізуші: Балалар,сендер білесіңдер күз мезгілінде жемістер көкеністер піседі. Балалар сендер қандайкөкөністер мен жемістерді білесіңдер? Осы жемістердің қайсысы тәтті,қандай жемісті көп жегенді жақсы көресіңдер?

( Балалардың жауабы тыңдалады)

Жүргізуші: Ендеше балалар осы алманың кереметтілігін ертегіден тамашалайық.

Әуенмен қоян залға кіреді. (Хансұлтан)

Қоян Хансұлтан: Салем,достар мерекелеріңмен мына жерде қандай керемет. Сары алтынға оранып жатқандай. Мына талдың үлкенін- ай. Ой талдың төбесінде бірденке қызарып тұрған сияқты. Мынау алма ғой. Алақай достар мен алма тауып алдым. Енді оны қалай алсам екен деп (ойланып тұрады)Әуенмен қарға қоянның қасына келеді.

Қарға Айдана: Қарқ-қарқ не болды қоян неге төбеге қарап тұрсың?

Қоян: Қарқылдаған қарға маған көмектесші талдың төбесіндегі алманы алып берші.

Қарға: Қане, алма. Е мына алмама жо-жоқ алманы саған алып бергенше өзім жемеймін бе.

Қоян: енді не істесем екен, алманы қалай алсам болады деп ойланып отырады.

Жүргізуші: Қарға қоянға көмектесші. Алманы алып берші.

Жоқ-жоқ алманы өзім жеп қояйын. (қарға алманы жерге түсіріп алады. Алма кетіп бара жатқан кірпінің арқасына түседі. Әуенмен кірпі алманы алып қаша жөнеледі.

Қоян: Ей,кірпі тоқта-тоқта бұл менің алмам.

Кірпі Мұхаммедәли: Жоқ бұл менің алмам мен тосып алдым.

Қарға: Ей,бері әкеліңдер бұл менің алмам. Алманы талдан мен үздім.

Кірпі: Жоқ менің алмам мен тосып алдым.

Аю Айсұлу: Сәлем достар сендерге не болды?

Қоян: Біз мына қызыл алмаға таласып жатырмыз.

Аю: Әкел маған алманы. Алманы тапқан кім?

Қоян: Мен.

Аю: Алманы кім үзді.

Қарға: Мен үздім.

Аю: Жақсы алманы кім қағып алды?

Кірпі: Мен.

Аю: Ендеше бұл алманы алуға үшеуіңде еңбектендіңдер.

Кірпі: Дұрыс айтасың аю алманы төртке бөлемін. Бұл саған қоян сен алманы бірінші көрдің. Бұл саған қарға сен алманы үзіп алдың. Бұл саған аю сен бізге ақыл айттың. Мынау маған мен алманы қағып алғаным үшін.

Аю: Барлығымыз тату-тәтті дос болайық!

Би: жұптар биі

(Қырманшы залдан киінуге шығып кетеді.Қырманшы Айсұлтан әуенмен залға кіреді.)

Айсұлтан: Сәлеметсіңдер ме,балалар мерекелеріңмен байлыққа,шаттыққа толы күз мезгілі құтты болсын.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе,қырманшы жігіт, біздің мерекемізге қош келдіңіз,біздің қонағымыз болып балалардың өнерін тамашалаңыз.



Ән: Алтын күз

Жүргізуші: Қырманшы жігіт, қадірменді қонақтар біздің «Қылықты қыздарымыздың » биін тамашалаңыздар.

Би : Жапрақтар биі

Жүргізуші: Балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берсек.

Айсұлу: Шаттанамыз ойнаймыз

Болашақты ойлаймыз

Күз мейрамын жыл сайын

Салтанатпен тойлаймыз





Алиислам: Береке бақ дарыған,

Жомарт көніл жарқын жүз.

Сары алтынға малынған.

Жетті міне алтын күз.

Мұхаммедәли: Сыр беріп алтын күз келіп жетті

Жылы жаққа құстар ұшып кетті

Күз болып жердің беті сарғаяды

Алтын болып жер беті жайқалады.

Дамир: Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзің елжіреп

Асыр салып жүребер

Сары көйлегің елжіреп .



Сатжан: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

С. Сафия: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.

Р. Сафия: Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.

Лили: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Айғали: Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам

Көркем: Мерейлі күз,мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз



Қайсар: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші : Байқаймын бідің қырманшы жігіт құралақан келмеген сияқты,біздің топтың ұлдары да қосыла өнер көрсетсін!

Би: Қырманшылар.

(Балалар өз орындарына отырады.)

Жүргізуші: Балалар сендермен ойын ойнайық

Ойын: жылтыр жапырақтарпды желпу

Жүргізуші:

Береке бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңыздар қонақтар

Келгенше жыл айналып дей отырып келесі жылы Күз мезгілінде кездескенше!!!

Ән: Күз тамаша!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!