Армысын Алтын күз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Армысын Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз, күз сен бізге керек емессін. Сенің мүлдем кетуін керек. Жаздан кейін, әрқашан қыс келгенін қалаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер, балалар! Баршаңызда бүгінгі күзгі «Кел, төрлет Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер. Иманғали, Әмина, Ердаулет, Іңкәр, Ақтілек, Нұрхан, Әбіл.

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Кұзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой.



Уа, халайық, халайық

Мында назар салайық.

Берекелі күз келді.

Шырқап әнге салайық!



Көк аспаны мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп.

Жаттығу жасап көңілді

Қуантайық сіздерді.



Ән: «Күз тамаша»

Музыка ойнайды, күз кіреді.

Күз: Мен күзбін, сендер мені таныдындар ма?

Мені көріп таң қалдындар ма?

Сиқыршы болып қонаққа келем,

Әдемілігімен қуанта берем.

Табиғаттағы мейірімді періштедей,

Сары түсті алтынға айнала берем.

Тақпақтар орысша.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар сізге арнайы би дайындады.

Би «Күзгі нактюрн»

Күз: Керемет би билеп, сендер мені сондай таңқалдырдындар.

(Қарғаның қарқылы естіледі).

Күз: Тырналардың ұшқанын естейік

Қиқылдап ән-үнін шығарсын.

Қарға ұшып кіреді:

Ал мен оңтүстікке ұшпаймын

Қалай қысты өткізіп,

Қуанып, Жаңа жылды қалай қарсы алатыңыздарды

Бәрін, бәрін көргім келеді.

(Музыка ойнайды, желдің гуілі)

Күз: Тоқта қарға, асықпа!

Уақыт та келеді қорықпа!

Әр нәрсенің уақыты бар,

Ал Аяз Ата қыста келеді!

Қарға: Ой, кешіріңіздер, мен кеттім,

Сыйлықтарды көргім келді

(Ұшып кетеді)

Күз: Күз де сыйлықтарға өте бай,

Балалар сендер соны білдіңдер ме?

(Мотордың дыбысы шығып, сыпырғышпен Мыстан Кемпір ұшып кіреді.)

Мыстан Кемпір: Мында кімге көңілді? Мейрам екен бұларда, Күзді қарсы алып, қуанып, өлең айтып жатыр. Ал, менде күзгі кезеннен денем суық тартып, депрессияға ұшырадым. Менің үйімді көп жапырақтар жауып тастады. Кір батпақ не деген көп десеңші. Әбден, жүйкем жұқарды керек емес маған Күз мезгілі, бірден қыс мезгілі болсын. Қыста көңілдірек болады. Хммм, мен қазір сиқырлы сөздер айтамын. Түні бойы сиқырлы кітабымнан іздедім. Сендердің күз айларынды да дұғалап тастаймын, бірде-бір жаңбыр жаумайтындай, жапырақтарды жоқ қыламын!

(Мыстан кемпір сиқырлы таяқшамен дұғалайды).

Мыстан Кемпір: Күз, күз сен бізге керек емессін.

Сенің мүлдем кетуін керек.

Жаздан кейін, әрқашан қыс келгенін қалаймын.

(Күз құлдырайды, мыстан кемпірдің бағындыруымен залдан шығып кетеді)

Боранның дыбысы естіледі.

Жүргізуші: Мыстан Кемпір не істедін? Сен елестете де алмайсын қаншалықты орманға зиян шектіргенінді.

Мыстан Кемпір: Қандай жамандық болуы мүмкін, ормандағылардың бәрі керсінше қардың жауғанына, аяз болғанына қуанады. Эх, Кощеймен сырғанақ тепкеніміз....

Жүргізуші: Өзін қараш! (Жел соғады)

Мыстан Кемпір: Иә, мен асыққан сияқтымын. Ойланбай іс жасаппын.(Жүргізуші мен балаларға): Неге мен бәрін ойлап жүруім керек, ал мені көп ойлайды? Егін жинауға кім көмектеседі? Пісіретін жабдықтарды, ең бастысы күзгі сары уайымнан қалай құтыламын?

Жүргізуші: Мыстан Кемпір ал егер біздің балалар саған көмектессе , сен күзді қайта сиқырлайсын ба?

Мыстан К: Білмеймін, енді....(балаларды көреді), әлі жас, мына жұмыстарды қалай істейді? Бұлар тек ойын ойнап, мультфильм көруді ғана білетін шығар.

Жүргізуші:Біздің балалар мектепке баруға дайындалып жүр, білесін бе, олар көп нәрсені біледі! Солай ғой балалар? Қандай көңілді десеңші біздің балалар. Сенің көңілсіздігінің бір де бір ізі де қалмайды. Өлеңді қалай айтады, міне тыңдашы.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Мыстан К: Жақсы ән айтады екенсіндер. Солай-ақ болсын. Бәрін істесендер, сендерге күзді қайтарып беремін. Егерде барлығын істесендер мен сендерге күзді қайтарып беремін, ал егерде орындамасандар, қайтарып бермеймін. Ал, жұмыс деген көп, егерде орындай алсаңдар.Мінекей, астық та пісті. Менің сүйікті картоптарым (картопты шашады). Ал, мен болсам оны жинай алмаймын, менің белім ауырады ғой. Міне, сендерге кәрзеңке және қасық, қолдарынды былғап алмас үшін.

Ойын: «Картопты кім көбірек қасықпен жинайды»

Мыстан К: Иә, бір қуантып тастадыңдар. Менде, сендерді қуантқым келеді, қатып қалатын биге үйренгім келеді.

Жылдамдық биі: «Арам-зам-зам»

Мыстан К: Хм....Жарайсыңдар, балалар! Сендер, менің уайымымды білмейсіндер ғой, мен 3-ші күн тамақ ішпедім.

Жүргізуші: Неге сен олай аш жүрсін? Жейтін тамағын жоқ па?

Мыстан Кемпір: Оның себебінің бәрі.....қалай айтсам екен... Менің жасым 500 де ғой, ал қартайғанда ұмытшақ болады екенсін. Міне, нені жеу керек екенін ұмыттым.

Жүргізуші: Ал, ендеше мені жақсылап тыңда. Ерте-ерте ертеде «Көкөністер» қалашығанда пияз Чапполино, Сеньор қызанақ, шебер жүзім, скрипкашы Алмұрт және Асқабақ өмір сүріпті. Ертегі 5 бала: Айсұлтан, Асима, Карина, Назым, Сұлтанали.

Мыстан Кемпірге жемістермен кәрзеңке сыйлайды.

Жүргізуші:Ал, енді Мыстан Кемпір көріп тұрмыз, қуанып, көңілін көтеріңкі ғой. Сенің қайғын ұмытылды ма?

Мыстан Кемпір: Қайдағы қайғы-мұң? Ешқандай да қайғы-мұң жоқ. Күзде де көңілді болып жүруге болады, әрине егерде қасыңда осындай балалар жүрсе. Көп-көп рахмет сендерге балақайлар. Сендерге сендердің күздеріңді беремін, енді ешкім ренжітпейтіндей болсын.

Музыкамен күн шығады

Мыстан Кемпір: Мінекей, қалай алсам, сол күйінде қайтарамын. Сендер осында тойлай беріңдер. Ал, мен Кәщейге барып өз қуанышыммен бөлісемін.

Күз: Рахмет, сендерге, сендер мені де ормандағы жан-жануарларды да құтқардыңдар.

Күз туралы тақпақтар

Алиакбар, Елнур Т.

Би: «Қолшатыр»

Күз: Міне, біздің мерекеміз де аяқталды. Менің сендерге әкелген сыйлығым бар.

Бал татар алмалар,

Үйге де алабар

Дәрумен жеп өсіңдер.

Ең мықты болыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі