МКҚК
№42 «Айналайын»
МДҰ
Бекітемін____________
№ 42«Айналайын»
МДҰ
Меңгерушісі:Н.Г.Шугаева
«Армысың, әз
Наурыз!»
«Балақай» ересек
тобы
Тәрбиеші:Жусупова
А.О.
2024
жыл
Армысың, әз
Наурыз!
Тақырыбы: Армысың, әз
Наурыз!
Мақсаты:Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан
балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін
түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.Балалардың ойлауын дамыта
отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.Балаларды
ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың
салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға
тәрбиелеу.
Жүргізуші:Құрметті! Қонақтар! Балалар
көптен күткен Наурыз –ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз
жыл-басы! Бұл күні ата-аналарымыз үй үйді аралап,наурыз көжеден дәм
татады,баталарын береді.
Ал енді тойдың көркі ән дейді
халқымыз.Ендеше «Наурыз –наурыз» әнін «Балапан», «Балдырған»
тобының балаларының орындауында қарсы алыңыздар.Күй ойналып ортаға
Алдар көсе кіреді. Алдар : Мен
Алдармын,Алдармын,
Балалармен
ойнаймын.
Сақал түгіл мұртта
жоқ,
Оны несін талдармын
ААА-ааа,ЕЕЕЕ-еее . Амансыңдар ма? Балалар ! Мен Шығайбайдан қашып
келемын. Іздеп жүрген шығар. Балабақшамызда Наурыз өтіп жатканын
жол жөнекей естіп, осы жерге келдім
Жүргізуші: Қош келдің Алдаркөсе төрлет!
Біздің балалардың өнерін тамашала!Балалар Алдар Көсеге тақпақтар
айтып берейык.
«Балапан»тобы мен «Балдырған»
тобының балалары наурызға арналған тақпақтарын айтып
береді
Алдар
көсе: Ай жарайсыңдар балалар!
Өнерлерің өрге бассын!
Қазір балалар бүгінгі
мерекемізге орай ұлттық ойын ойнайық.
Бірінші қыздар
сендермен «Теңге
алу» ойынын
ойнаймыз.
Бұл ойында тәсіл
көп,
Кім мол алса
теңгені.
Сол баланың
жеңгені!
Жерге теңге шашылып ойын
ойналады. Қыздарымыз барлығы шапшаң жинайды екен
теңгені.
Балдырған тобы балаларының
«Қазақ биі»
Ал енді ұлдар
сендермен «Арқан
тарту» ойынын ойнайық. Екі жаққа
балалар бөлініп тұра қалыңдар. Қай жаққа қарай арқанды тартады
екенсіңдер.
Ой бәрекелді! Мықты екенсіңдер
ұлдар!
Есік қағылып : Әже, келіні,
немересі кіреді.
-Амансыңдар ма?
Құлындарым?
Жүргізуші:Салеметсіңбе ,Әже! Қош
көрдік.Ауылдан шаршап келдіңіз.Келіңіз төрлетіңіз. Дастарханга
отырыңыз.
Әже біздің қыздарымыз
сізге «Текемет» биін билеп
береді.
Әже: Қандай тамаша, билерінде
өздерінде әдемі екенсіңдер.
Жүргізуші: Ойын «Киіз үйді
құрастыр (әшекейле)»
Олай болса Әже сіз наурыз көже
әзірлегелі жүрген шығарсыз.
Біздің балаларға Наурыз көже
туралы не қосатынын айтып берсеңіз.
Әже:Наурыз көжеге:жеті түрлі тағам
қосамыз:Қыстан қалған ет,су,тұз,құрт,бидай,тары,кеспе.Жәнеде бұл
куні бауырсақ,шелпек,қоспа деген сияқты қазақтың ұлттық тағамдары
әзірленеді.
Жүргізуші:Рахмет,саған Әже ,ойымызға
түйіп біліп жүреміз.
Ойын: «Кесені
әшекейлеу»
Әже: Бүгінгі Наурыз мейрамын қос
мерекеге ұластырып Келін екеуміз немереміздің тұсауын кесейік
дедік.
(«Тұсау кесу»
көрсетіледі)
Қаз,қаз балам,қаз
балам
Қадам бассаң мәз
болам
Тағы тағы баса
ғой
Тақымыңды жаз
балам
Қаз баса ғой
қарағым
Құтты болсын
қадамың
Жүргізуші: Ал ендеше осындай қуаныштың
құрметіне жігіттер «Балақай» тобының ұлдары «Қаражорға»
биін тарту етеді
Әже:Көп-көп рахмет сендерге! Өте
тамаша! Өнерлерің өсе берсін.Ортамызға келген Жаңа Жыл құтты
болсын!
Наурыз шашуы жұғысты
болсын!
Ұлыс оң болсын,Ақ мол
болсын!Қайда барсаңдарда жол болсын!
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық
болсын!
Барлықтарыңызды наурыз
дастарханнан дәм татыңыздар