400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың, Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың, Алтын күз!


Тақырыбы: Армысың, Алтын күз.

Мақсаты: Күз туралы білімдерін бекіту. Балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Күзгі ерекшеліктерімен таныстыру арқылы таңғажайып сәттермен таңқалдыру.

Жүрізуші:

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»- Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

Жақсы балалар, дұрыс айтасындар. Ал бізде қандай мереке болып жатыр? (Күз мерекесі)

Ендеше балалар, күз мерекесіне арналған әсем әнімізді айтайық.

Ән: «Күз жомарт»

Балалар орындарына отырады.

Жүрізуші: Жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге.

Осы кезде музыка ойналып залға Қолшатыр кіреді.

Қолшатыр:-Міне менде келдім! Сіздердің сүйікті қолшатырларыңыз мен боламын. Күзге мен дайынмын, жаңбырдан да қорқпаймын.

-Сәлеметсіңдерме балалар!. Мен сендерді тағыда көргеніме өте ризамын. Менде бүгін мереке, мені шкафтан шығарып алды, өйткені күз мезгілі, далада жаңбыр, бұлтты. Мүмкін бірге тойлаймыз.

Балалар: Иә

Қолшатыр:

  • Күз айларын атап беріндерші? (Күз айлары қыркүйек-сентябрь, қазан-октябрь-қараша-ноябрь)

  • Күз мезілінің ерекшеліктерін атаңдар? (Күзде құстар жылы жаққа ұшады, жеміс пен көкеністер піседі, балалар сабаққа барады.)

  • Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады? (Жапырақтар сарғайып түседі, жаңбыр жиі жауады, күн суытады.)

Жарайсындар, күз мезгілі туралы көп біледі екенсіндер.

Қолшатыр: балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді. Ойнайсындар ма мені мен?

Балалар: иә

Ойын; «Қолшатыр кімге тиеді?»

Ойын шарты: қолшатырды шеңбер қылып жерге орналастыру, қолшатыр санынан артық бала ойынға шығады. Қолшатырды айналып билейді. Музыка тоқтағанда қолшатырды алып тұра қалады. Кімге қолшатыр тимейді сол ойынннан шығады. Қолшатыр саны да қысқартылады.

Қолшатыр: жарайсындар балалар, рахмет орындарына отыра қалыңдар.

Жүрізуші: Жарайсыңдар балалар, енді қонақтарымызға арнап күз мезгілі туралы өлең шумақтарын айтып берейік.



Тақпақтар:

Күзім-ау, күзім –ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау! Нұрислам

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді? Ерсұлтан


Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратын бізбенен. Н.Айша


Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым. Раяна


Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын Медина


Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты. Нұрай


Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. Айару



Жүргізуші: Жақсы рахмет балалар, орындарына отыра қалыңдар.

Музыка ойналып, залға күз ханшайымы келеді.

Күз Ханшайым:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын, орманды сары алтынға әшекейлеймін.

Жүргізуші: Күз ханшайымы алыс жолдан шаршап келдің ал енді қыздардың биін қабыл алыңыз. Қыздардың орындауында «Жапырақтар биі».

«Жапырақтар биі»:

Ханшайым: жарайсыңдар балалар, өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: ал енді балалар ханшайым мен қолшатырға арнап өлең жолдарын айтайық.

Тақпақ:

О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап! Бейбарыс


Көбейді құт- береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз. Санжар


Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз. Даяна


Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз Камшат


Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді. Қайсар


Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді. Сағыныш


Листопад, листопад

Листья желтые летят

Желтый клен, желтый бук,

Желтый в небо солнца круг Қ. Айару


Фол из фан

Ай лайк туу ран

Ай си зе сан

Фол из фан Адина


Жүргізуші; Жарайсыңдар, балалар. Орындарына жайғасындар.

Осы кезде желдің соққан дауысы естіледі. Залға жел кіреді.

Жел: У У У У У Күз, күз мен сені іздеп жүрмін.
Күз ханшайымы: Мен балаларға әдейі жалғыз сенсіз келдім.
Менің күзгі желім қатты соғады, суық болады.
Сен балаларды қатты қорқытпа.
Жел: Мен қатты соқпаймын, балаларды қорқытпаймын.

Жел: Ой-ой балалар мен байқамай қатты соғып кеттім жапырақтарды ұшырып алдым.

Жүргізуші. Жел сен қамықпа балалар саған көмектеседі. Көмектесеміз бе балалар?

Балалар: иә.

Ойын: «Жапырақ жинау»

Ойын шарты: тез тез жапырақтарды түстеріне байланысты себеттерге жинап береді.

Жел: жарайсындар балалар, сендерге рахмет.

Жүргізуші. Жақсы, құрметті қонақтар келесі тамашалайтындарыңыз ұлдарымыздың тамаша биі.

Би: «Қара жорға»

Жел: қолшатыр бұл топтың балалары бишілер екен иә?

Қолшатыр: иә олар биді ғана жақсы билемейді әнді де жақсы айтады.

Жүргізуші: ал енді балалар ертеңілікті ары қарай жалғастырып әнімізді айтайық.

Ән: «Мен алманы жақсы көремін»

Күз ханшайымы: Жарайсындар балалар сендер өнерлі екенсіңдер. Біз сендерге құр қол келмедік күздің сыйлығын ала келдік. Оны тәрбишілеріне береміз топқа барғанда аласыңдар. Күз мерекесі тағы да құтты болсын дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет Күз ханшайымы. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Армысың, Алтын күз,» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып 
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі