400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың, Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Армысын –Алтын куз!»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!  Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді  бастаймыз.

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

 Ән «Куз тамаша!»

Жүргізуші: Балалардын такпактарын тамашаланыздар!                         Балалар тақпақтар айтады.

  1. Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырайды жарқын күз.

Сайраңдайды күліп ойнап,

Келді міне- Алтын күз!!! К,Айару

  1. Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін. Айсултан

  1. Жел тынымсыз гүілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып. Коркем

  1. Үркіп үйрек қаздары

Шулайды көл қоғалы

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады Ибрахим

  1. Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

кемелденсін халқымыз Нурали

  1. Күншуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ааштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ Кайсар

  1. Осень наступила

Высохли цветы

И глядят уныло

Голые кусты Жасмина

  1. Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп

Күз келгенде егінші

Егін жинап дестелеп Мади

  1. Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Думандатып әндетіп Абылай



  1. Сарғайды тоғай

Сап сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтіп Алтынай

  1. Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық алтын тау Ханшайым

Жүргізуші: Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.

Би  «Бұлттар мен күн» (би біткенде бұлттар күнді қоршап тұрады)

Бұлттар:      Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:         

Көрінші бізге, қымбатты күнім!

Қуантшы бізді, нұр шашып бүгін

Күн:          Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда, қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:            Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

                    Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкее береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:      Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші: Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайык.

Мен сендерге құр қол келгем жоқ, өзімнің қызық ойынымды ала келдім. Қаласаңдар, бәріміз сол ойынды ойнайық. ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Орамжапырақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады.

 Жүргізуші: Қараңдаршы,  балалар, бізге күз ханзадасы келе жатыр, кане қарсы алайык.

Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған                  боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне  әзірлеп қойдым.

 Жүргізуші: Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.  Алтын Күз! Саған байлығың мен астығың,  алуан түрлі жеміс-жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың өлең шумақтарын қабыл ал.

Би : «бидай би» 

 Балалар тақпақ айтады.

  1. Әй алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма екен жатып ап. Алихан

  1. Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерде секірді Ш.Айару

  1. Алтын сары қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап Бегайым

  1. Дамылдап жатқан балғындай

Тоқтатты сулар тасуын

Ағаштар алтын жамылған

Шашады жерге шашуын Нурасыл

  1. Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді Е.Айару

  1. Ходит осень в нашем парке

Дарит осень всем подарки

Фартук розовый осинке

Бусы красные рябинке

Зонтик желтый тополям

Фрукты осень дерит нам А. Каусар

  1. Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген Балнур

  1. Зе ливес ар фаллин

Уан бай уан

Саммерс овер

Скулс беган Инкар



(Музыка  ойналып, қалың киінген сырқат бала кіреді)

Сыр: Ой, мына күз мезгілі қандай суық еді, жаурап барамын. Осы мезгілді ұнатпаймын.Туууу,басым ауырып тұр. Көніл-күйім де болмай тұр. Жаңа маған асыр салып ойнаған балалардың даусы естіліп еді,  солар сендер емессіңдер ме?

Жүргізуші:Иә, ол біздің балалар. Біз алтын күз мерекесін тойлап отырмыз.

Сыр: Сендерге қарап кызығып тұрмын. Бәрің көңілдісіңдер. Сендердің шаттана қуанған дауыстарың алысқа естіліп жатыр. Ал менің  ауырғаным басылар емес, тұмау болып калған секілдімін.

Жүргізуші:Біздің  не үшін көңілді екенімізді білгің келсе, айтайын. Біз денемізді шынықтырамыз, дұрыс тамақтанамыз, жемістер мен көкөністерді көп жейміз, дәруменге толы шырындар ішеміз. Осының бәрін жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етті, сондықтан біз көңілдіміз.

 

Күз: Балақай! Мен саған  да өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп.  Мә мына жемістерді ала ғой. Үйіңе барғанда жерсің.  (жеміс салынған себет береді) Есіңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.

Жүргізуші: Алтын күз дұрыс айтады, балақай! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы.

 Сыр: Мен түсіндім. Рахмет. (себетті алады)

Би: «Колшатыр»

Күз: Әндерің тамаша екен, өркендерің өссін. Ал енді маған рұқсат беріңдер, мен кетейін. Барып бау-бақшамды тексерейін. Сау болыңдар. (Күз кетеді)

Ән «Кандай тамаша!»

Ж: Құрметті ата-аналар, қонақтар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды.



 

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі