Тақырыбы:«Армысын, алтын
күз»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен
таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй
орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге
тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының
дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым –
қатынас
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, әріптестер
«Армысын, алтын
күз» атты мерекелік
шарамызға қош келдініздер! Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз.
Биылғы жылдың Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін!
Олай болса кабинет аруларының дайындаған «Қолшатыр» биімен
мерекелік шарамызды ашуға рұқсат
етіңіздер!
Би:
«Қолшатыр»
Жүргізуші:Армасыздар, халайық,
Бармысыздар,
халайық!
Күзгі тойды жұп
жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
Дидактикалық ойын: «Дәміне
қарай ажырат.»
Жемістердің аттарын атап,
қышқыл, тәтті, дәмдерін ажырата білуге
үйрету.
Ойын: «Тамшылар мен
жапырақтар»
Жерде шашылып жатқан тамшылар
мен жапырақтарды жинау. Тамшыларды қолшатырға, жапырақты терекке
орналастыру.
«Кім
жылдам?»
Үстелдің үстінде шашылып
жатқан жемістер мен көкөністерді
ажыратады
Ойын
«Қолшатыр»
Шарты: балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады.
Музыка ойналады балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар
қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей
қалса , сол бала ойыннан шығып
отырады.