Армысың ,Алтын күз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Армысың ,Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Музыканы тыңдай және оны түсіне білу – эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана белгісі, бұл болмаса сапалы тәрбие беруді елестету мүмкін де емес» В.А.Сухомлинский.

Бүгінгі педагогтік тәжірибеде оны жүзеге асырудың  көптеген  әдіс-тәсілдері жинақталған. Солардың бірі-балаға эстетикалық тәрбие беру құралы балабақшадағы  музыка . Оқу-қызметі барысында бүлдіршіндер музыкалық іс- әрекеттің барлық түрін ойын түрінде өтеді. Оқыту мен тәрбие егіз- деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең  ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен мақтаныш сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек.

«№97 балабақшасы» МКҚК

Езмахунова Назира Радикқызы саз жетекшісі

«Армысың ,Алтын күз!» сценарий

Жүргізуші: Армысыздар. Ардақты қонақтар! Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келдіңіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
1 бала:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап,
2 бала:
Күн шуақтап маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштармен жамырап,
Ұшты кенет жапырақ,
Жүргізуші:
Ал балалар тұрмайық,
Қол соғайық тұрмайық.
Күзгі бақта бүгінгі,
Шырқап әнге салайық.
«Күз » әні (барлығы бірге айтады)
Жүргізуші:
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр,
Сәбіз қоймаларға түседі.
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде.
Жүргізуші:
Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.
Балалар бірге: (хормен барлығы дауыстап айтады)
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші, Алтын күз!
Осы кезде мерекелік көңіл күймен залға «күз ханшайымы» жәшігін арқалап кіріп келеді.жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.
Күз:
Армысындар ма балдырғандар?!
Күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Балалар: Көп рахмет сізге!
Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйлы қонақтарға таратып берсек бола ма?
Күз: Жоқ бұл сыйды қонақтар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістерде, көкөкністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады.
Сондықтан қонақтар мен бір ойын ойнайын, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсетсе осы сыйлықты алуларына болады.
Ойын: «Тез жина »
1 бала:
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаның бәрі жарқын күз.
2 бала:
Шаттық жыры,
Астық жыры.
Қырман басы думанды,
Қарқынды еңбек, әр күн өрлеп.
Ел ісіне сүйсінді,
Балақайлар,
Алақайлап,
Бақтың іші нұрланды
Жүргізуші: Алтын күз сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйыңыз бар ? мен сендерге тағы бір ойын алып келдім.
«Астықты жинап ал» ойыны.
Жүргізуші: Балалар күзде егінді жақсы жинау үшін, оны жақсылап күту керек, су құйю керек. Ал жаңбыр жауса тіпті жақсы болады. Ортаңғы топтың балалары жаңбыр туралы жақсы ән дайындады.
Ән: «Кап, кап »
орыс тіліндегі ән.
Күз: Менің жеміс – жидектерімде өздерін таныстыруға осында келді. (жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады)
Алма: Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алша шырын бал.
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал.
Шие: мен маржандай шиемін,
Күн сәулесін сүйемін.
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін.
Жиде: Иісім жұпар жидемін,
Даладамын, үйдемін.
Күзге қарай құлпырып,
Мен ерекше күйдемін.
Жүргізуші: Көкөністі көп ектік, өссін, піссін деп ектік.
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өніс.
Қияр: Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай сұрадым.
Түйнектерін көргенде,
Бес алғандай қуандым.
Қауын: Жинап досты бауырды,
Ортаға алдық қауынды.
Жарып ішін қауынның,
Қарық қылдық ауылды.
Асқабақ: Қауыннан да басқарақ,
Қарбыздан да басқарақ.
Семіріпті бақшада,
Қандай болып асқабақ.
Пияз: Қас батырдай түйілген,
Тоғыз сауыт киінген.
Аршимын деп пиязды,
Жылап шықтым үйімнен.
Бұрыш: Аршығанда бұрышты,
Абай болған дұрысты.
Ашытады көзіңді,
Жылатады өзіңді.
Жүргізуші: Келесі балалардың орындауында
«Жапырақтар»биі

«Мен алманы жақсы көрем» әнін орындайық.

Осымен біздің ертеңгіліміз өз мәресіне келіп жетті,қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі