400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Армысың, Алтын Күз" мерекелік іс- шара, мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Армысың, Алтын Күз" мерекелік іс- шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

  • Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу

  • Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау

  • Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу, күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, слайд, жапырақтар, гүлдер, жемістер.


Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

Мұғалім: Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!

Ендеше "Алтын күз" атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мұғалім:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгіл?

  • Күз айларын атап беріңдерші?

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім атап береді?

  • Күз мезгіліндегі құстардың тіршілігі?

  • Күз мезгіліндегі аңдардың тіршілігі?


  1. Ендеше Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарға кезек берейік:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз. (Алмабек Айсұлтан)


Жеміс жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.(Ардақ Айсұлтан)


Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі күз.

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.(Ғасыр)


Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.(Ибрахим)


Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.(Ясина)


Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды.

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.(Кәусар)



Хор " Күз келді"


Тақпақтар:

Соңғы шуақ төгілді,

Жалқындатып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.(Ислам)


Алақай!Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.(Медина)


Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.(Айшабибі)


Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.(С.Айсұлтан)


Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.(Хантөре)


Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз. (Алинұр)



Мұғалім: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап - деп

биші қыздарымыздың орындауында "Жапырақтар" биі.

Мұғалім: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойн тойлаймыз,

Өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Тақпақтар:

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.(Айша)


Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.(Жасмин)


Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.( Ералы)


Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.(Даяна)


Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлмдеп,

Көз тартады атырап.(Нұрасыл)


Қоңыр салқын тарады,

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.(Аңсар)


Ойын: «Кім Жылдам?»


Тақпақтар:

Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.(Жахангер)


Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке. (Айсана)


Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді. (Амина)


Күзде дала жаурайды

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды. (Гүлсезім)


Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық. (Т.Айсұлтан)


Күн суытып

Жапырақтар түседі.

Астық –жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды. (Қ.Дінмұхамед)


Шығармашылық жұмыс.


Мұғалім: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек өту керек. Міне балалар осымен "Алтын күз" атты тәрбие сағатымыз аяқталды.























«Армысың, Алтын күз»

Тақырыбындағы мерекелік іс-шара кезіндегі бейне көрініс.

Оқушыларды күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу, күзгі еңбек және табиғатты сүю қорғауға және күз мезгілі басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу мақсатында 2024-2025 оқу жылының мектепалды даярлық «Д» сыныбында мерекелік іс-шара өткізілді.


Орындаған: 0 «Д» сынып мұғалімі: Егинбаева Зәуре Айдарқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.01.2025
189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі