400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Армысың, Алтын күз" мерекелік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топтарға арналған, күз мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
 Мол өнімді ісімен
 Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын!  Сәлеметсіздер ме, қадірлі  қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Айзере: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Санжар: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Досжан: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

«Күзгі әуен» әні

Ж: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Ж:                  - Ал, балалар, балалар,
                         Енді бері қараңдар.
                         Бізге қонақ келмекші
                         Сендерді бір көрмекші.
                         Әуелі жұмбақ жасырам,
                          Қулығымды асырам.
                          Таба алсаңдар шешімін,

 Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ:          Жиып-теріп болатын,
                         Қамбаға астық толатын.
                         Қызыл қырман ойнайтын,
                         Қай мезгіл деп ойлайсың? Қазір қандай жыл мезгілі? Күз айлары қандай айлар? Дұрыс, күз мезгілі.   Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді  шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
                    Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!
                    Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
                    Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
                   Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
                   Ойын ойнар түр-түрлі!
Алма толған себетті ала келеді.
Ж: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз!  Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақпен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

(Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»).

Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
                                            Тағы қандай өнер бар?

Ж: Алтын күз, балалар сізге тақпақ айтып береді.


Чингис:  Тоңазып атырап,
                 Көп жеміс піседі.
                 Сарғайып жапырақ,
                 Саудырап түседі.

Жасмин:  Көк майсалы көрікті,
                  Алқаптағы көп егін.
                  Бұл күндері киіпті,
                 Сары жібек көйлегін.

Самир:     Ағаштардан жамырап,
                  Ұшты кенет жапырақ.
      Ой, алақай,тамаша,
  Шашу шашты жапырақ!

Адель: Не промокнут наши ножки

В дождик сильный самый

Ведь одели нам сапожки

Утром наши мамы

В куртках нам совсем тепло

Зонтик укрывает

Если с неба дождик льет

Значит осень. Так бывает!

Амирлан: Осень, осень погоди

И с дождями не спеши

Дай еще нам лета

Солнышка и света.


Тамерлан: Листик красный, листик желтый, а зеленых не видать поменяли цвет листочки стали дружно опадать


Песня«Осень наступила»

Ж: Алтын күз, біздің балаларымыз сізге арнап, би дайындады. Қарсы алыңыздар!

Би жапырақтармен

Музыка әуенімен Бағбан кіріп келеді.

  • Мен қайда келдім? Сендер кімсіңдер?

  • Бағбан ата, бізде бүгін мереке. Қош келдіңіз!

  • Балалар, мен қартайдым, маған астық жинауға көмектесесіңдер ме?

  • Әрине, көмектесеміз!

Ж: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
      Мақтанбақшы сендерге , көкөністер мен жемістер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер, жемістер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).

Диляра: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Тамерлан: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Амирлан: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Мирас: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Адильхан: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Рамазан: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Расул: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Амир: Что морковь весьма полезна

Это всем давно известно

Этот вкусный корнеплод

Уважает весь народ

Ж: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Бағбан: Өте жақсы, рахмет, балалар!

Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Ж: Тентек жел шашып кетіпті
Жемістер мен көкөністерді
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!

Ойын «Жемістер мен көкөністерді жинап ал»

Бағбан ата кетеді.

Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Осень 1,2,3»
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.  Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Ж: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

(Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Ж: - Әп - сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін ата – аналар бейнелейді. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата - аналар мольбертте сурет сала береді)
Ж: Аналар сурет салғанша, ойын ойнайық!

«Картопты жинап ал» қасықпен бір жерден ыдысқа апарып салады.

Ата – аналар суретті салып үлгермесе, балалармен тағы бір ойын ойнатылады.

«Разноцветные стекляшки» ойыны
Ж: Енді бір сәт назар сап
Сурет өнерін тамашалайық!
(Күз тақырыбына сурет салған ата - аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды)
Ж: Өнерлеріңізге ризамыз
Суретші екенсіздер нағыз. Балалар, ата-аналарына қол соғып қояйық!

Ж: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» - атты мерекеміз аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар !




















«Дюймовочка» бөбекжайы

















«Армысың, Алтын күз!»

Күз мерекесіне арналған сценарий

Қазақ ересек тобы











Дайындаған және өткізген Утеп Г.М.

қазақ ересек топтың тәрбиешісі





Новоишимское селосы

2018-2019 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі