400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың, Әз- Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл сценарий тәрбие жөніндегі орынбасарларына,сынып жетекшілерге, тәлімгерлерге қажет 1-4 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өткізу күні:20 наурыз 2018 жыл

 Тақырыбы: «Армысың Әз Наурыз»

Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның әзірлемесі

 Наурыз-Думан әнін қосу,1шумақ қайырмасымен,музыканы тоқтату

аудио жіберу

1 Диктор:

Шалқы,қазақ даласы,

Шалқы бүгін,кетсін тағы әлемге шалқып үнін

Тойлап жатыр,ер көңілі ерек сенің

Наурыз атты жыл басы шалқып үнің

2 Диктор:

Шалқы дала бәріңде үміт тойда

Бәйге қайда?қыз қуар,жігіт қайда?

Арғымақты аңсаған бөбектерде

Шапқыласын мініп ап шыбық тайға

1 Диктор:

Шалқы,дала наурыз думан басталды

Шақырайық бұл думанға баршаңды

Өнерменен білім қуған заманда

Осыларғой бағындырар асқарды

Наурыз той басталды

Фанфары ойналады күйден

Керегені артынан айналып,екі жақтан ортаға екі жүргізуші шығады

1-Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті көрермен қауім. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

2-жүргізуші:


Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.

Сахнаға мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымынан ұйымдастырылған ұлт аспаптар ансамблін шақырамыз.Ансамблдің орындауында «Келіншек» күйін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

аурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шНашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған намысымдай наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Әжелер шашу шашады.


Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін мектебіміздің директоры  Уайсова Бибігүл Алдабергенқызына береміз.

Фанфары беру күйден

Ән «Наурыз келді» әнімен Құсайынова Еркежанды ортаға шақырамыз

Бала жүгіріп шығады.

-Алақай,алақай күн жылынды,қар еріді

Қаңқыл-қаңқыл қаз келді

Елге Наурыз жаз келді

Көктем келді,көктем келді

Көктем мен бірге ілесіп,

Қызыл кілемге көмкеріп,

Қызғалдақ шықты құлпырып
Көктемнің сөзі:Аудио жіберіледі

Көктем гүлге оранған 6 қыздарымен сахнаға келеді

Көктем қыздарымен музыкалық номер орындайды

2-жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп қыдыр атамыз келіп қалыпты.

қыдыр ата

армысыңдар халайық

Наурыз құтты болсын

Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді тал гүлдеді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын-деп тілегін айтады.
1-жүргізуші:

қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы  болып төрге жайғасыңыз.

2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар ,ұстаздар,тойға жиналған қауым!Ата-бабадан,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халқымыздың тамаша жоралғыларымен дәстүрлеріне құлақ салалық. Ұлыстың ұлы күнінде ежелгі наным-сенім бойынша қазақы ортада от үйдің жарылқаушысы, «ошақ басы от қасының» желеп-жебеушісі ретінде айырықша қастерленеді.

Ендеше ортаға аластау рәсімімен әжелерімізді шақырайық.

 1а,1ә,1б-сыныптар әжелері шығып аластау рәсімін жасайды

Күй жіберу керек

Әже:

Алас, алас, баладан алас,

Түрлі-түсті пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Алас, алас, алас,

Қыла гөр Алла пәлеңнен қалас.

Күй жіберу керек


Би:1а-сынып қыздарын ортаға шақырамыз «Қазақ арулары» биімен


2-Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

Ән 

Наурызға жыр жолдарынан шашу Салимов Бекзат,Куваничева Ақбота қарсы алыңыздар

Би:1ә сынып ұлдарын Батырлар биімен сахнаға шақырамыз

1-жүргізуші:
«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,

Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Енді назарларыңызыға 3б-сыныбының дайындаған «Ұлттық тағамдарына» кезек берейік

Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға келіп, қазақтың ұлттық тағамдары жайлы қысқаша түсіндіреді

Қыдыр ата:  Әп, бәрекелді, жастарың ұзақ болсын – деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте

Ән:1-сынып оқушысы Есекеева Толғанайдың орындауында « Нұрлы Көктем» әнімен

2-жүргізуші:

Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

Көрініс: Күн мен түн

Күн:

сәулесі мол күнмін

Түн:

Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:

Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін

Түн:

Ал ертең күн ұзақ

Күн:

Түн қысқарар бірақ

Екеуі:

Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап

Ал балалар,  біз сендердің жыл басы туралы қаншалықты білімдерің бар екенін көрейік.

1.Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)

  1. Сиыр жануарының алғашқы сүті(уыз)

  2. Көктемнің алғашқы гүлі(бәйшешек)

  3. Көктем мерексінің алғашқы асы(наурыз көже)

  4. Жігіттердің қыздарға беретін сыйы(селт еткізер)

Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.

(Түн  алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.)

Күн:Түн, сен не қарап тұрсың? Көңілің басқа  жақта тұр ғой.

Түн:  тоқта Күн мен бір жұлдызшыны көріп тұрмын, бізге қарай жақындап келе жатқан сияқты.

Күн: иә, иә солай екен ғой

Күн: жүр қарсы алайық жұлдызшыны

 жұлдызшы:

Амансыңдар ма Күн мен Түн
— Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – ит екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.

1-жүргізуші:
— Әрбір Жаңажылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емеспе, жұлдызшы? ит жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіз
жұлдызшы:
— Әлбетте, қарағым, — деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, — Егер Жаңа жыл иесі ит болса, онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады.
— Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарқаны берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.

жүргізуші:
— Жұлдызшы, ит жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.

2-жүргізуші:
— Жыл иесі – ит , бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі ит жылы, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.
ЖҰЛДЫЗШЫ:
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

Бүгін – көк құт көзін ашқан күн:
— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн.
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.

Мың бұралған биші қыздарымыз «Қыз Қуу» биімен сахнада

2-жүргізуші:

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

Бото Бейсенова «Қош келдің, Әз Наурыз!» әнін қосып қою

«Көже беру» 2ә сынып аналары көже береді

«Шашу» биі Билейтін Сатубалдина Айжаным

1-Жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төрінеАқ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз


 Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Тойсаңдар тасып бөспеңдер

Қателікті кешпеңдер

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың Әумин

 1-Жүргізуші:

Батаңыз қабыл болсын.

Өлкеме наурыз келді  көктем келді

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

 Би «Қазақ биі» 4а-сынып қыздарын ортаға шақырамыз

2-Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір алла иіп тұрсын

Мектебіміздің әнші ұстаздары Мизимбаева Гүлбану мен Кендирова Айымды «Астана» әнімен сахнаға қошеметтеп шақырамыз

 1-Жүргізуші:

Осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау болыңыздар!









«

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Әулиекөл бастауыш мектебі» ММ

















Армысың Әз Наурыз

(мерекелік бағдарлама)




















2017-2018 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі