жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Армысың, Әз Наурыз!»
«Армысың, Әз Наурыз!»
Мақсаты:
Балаларды адамгершілік құндылықтармен ұлттық патриотизмге баулу, Отанына ата-анасына туған жеріне, оның табиғатына өз балабақшасына деген сүйіспеншілігін сезімдерін ояту. Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жыл болсын! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда тілектеріңіз қабыл болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! «Балапан» тобының ұйымдастыруымен «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндерін қошыметпен қарсы алыңыздар!
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 Наурыз бүкіл шығыс халықтарының бас мерекесі Наурыз – Жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Тәрбиеші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар
Өткеннен бізге жеткен асылы бар
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын
Қазақта «Тұсаукесер» рәсімі бар. – дей отырып,
(ортаға ауылдың жас келіндерін шақырамыз)
Гүлназ келін:
Ал ағайын бүгінгі қуанышымыздың кегелері
Ел билеген төрелері
Ұрпағын аялаған аналары
Ақылын айтқан даналары.
Тойдың берген сәніне
Үлкен кіші кәріңе,
Осы әулетті сыйлап келген
Сәлем бердік бәріңе.
Жазира келін:
Балалы үй базар деген халқымыз,
Ұлаң ғасыр тойымен шыққан даңқымыз
Мұрагер боп ұрпақ туса қазақта
Тұсау кесу ата дәстүр салтымыз.
Гүлназ келін :
Жетер адам мұратына іздеген
Ол мұрагер өрісіңғо қыз деген
Жас сәбидің тұсау кесер тойының
Қуанышын бөөлісіңдер бізбенен.
Жазира келін :
Тұсау кесу тойы қазақтың ең қасиетті тойларының бірі. Баланың тұсауын көктей көгерсін, өсіп өнсін деп, көк шөппен. Дәулетті болсын деп, малдың тоқ шегімен. Молшылықта асып тасымасын, жамандық көрсе жабырқап жасымасын, екеуінен тең өтсін, ешкімнін ала жібін аттамасын, адал болсын деп ала жіппен кескен.
Гүлназ келін :
Қуаныш сыйлап көңілге
Ән болып үні тараған.
Жазира келін:
Базарлы мынау өмірге
Бейкүнә көзбен қараған.
Періштемізді қарсы алайық ағайын.
Гүлназ келін:
Күлгеніңде той сенің
Жүргеніңде той сенің
Тәй-тәй басып есіктен
Кіргеніңде той сенің.
Жазира келін:
Қәнекей, тойға келген көпшілік періштемізге қошемет көрсетейік.
Ән: «Шілдехана»
Тәрбиеші:
Бүгінгі күні Салтанат әже өзінің немересін Әмірді «Тұсау кесер» тойын ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесу» тойын өткізбекші.
Салтанат әже:
Алғашқы немерем Әмірді жер - Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ.
Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, ардақты ана, сүйікті әже Сара құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Әмірді ортаға әкеліп, Сара әжесіне табыс ет.
(осы кезде ақ жайма жайылып,тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады)
(Сара әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Әмірдің аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын
Сағат сайын есейіп
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі).
Қаз – қаз балам,қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Қаз басағой қарағым
Құтты болсын қадамың
Алға қарай баса бер
Асулардан аса бер.
(Әмірді жетектеп жүргізеді).
(Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады).
Тәрбиеші:
Ендеше, баршамыз қарсы алайық Салтанат әженің немересіне арналған ән шашуды қарсы алыңыздар.
Салтанат әже:
Рахмет айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар. Қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын таратады).
Ойын: Арқан тартыс
Мақсаты: Ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді. Тартысқа түскен екі топ бірін – бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.
Сара әжесі бата беруі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
Салтанат әже:
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Оның мәні - Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
- Қане, Наурыз көжеден дәм татайық!
(Наурыз көженің жасалу жолын, оған қажетті тағам түрлерін таныстыру).
Тәрбиеші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын
Қош сау болыңыздар халайық!
Көріскенше күн жарық болсын.
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар!
«Нұршуақ»
бөбекжай - балабақшасы
Бекітемін:
Балабақша
әдіскері: Ж.Қапажанова
«____»____________ т

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген