400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Армысың Әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға наурыз мерекесі туралы тусінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

«Тенге ауылы бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК әдіскері

________ Умирбаева А.









Ертеңгілік

« Армысың әз Наурыз»!







2 «Балапан» -кіші топ

Тәрбиеші: Аметова З.









2018-2019 ж





Жүргізуші Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойын жұп – жазбай,

Жылда қарсы алайық,

Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын деп бүгінгі «Наурызым Армысың!» атты мерекелік ертенгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар құрметті әріптестер көптен күткен Наурыз мерекесі баршаңызға құт береке алып келсін дей отырып. Кезекті балаларымыздың наурыз тойына арналған «Дастархан» әніне береміз

Ән «Дастархан».

Қош келдің Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.

Дей отырып кезекті балаларымыздың Наурыз туралы жаттаған тақпақтарына береміз.

Жазира Көктем келді балақай

Жасарды жер алақай

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық


Әли Бүршік жарып ағаштар

Құстар ұя салады

Сылдырлаған бұлақтар

Ағып бара жатады


Әлия Наурыз келді алақай

Би билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық


Жүргізуші Жарайсыңдар балалар өте керемет. Біз қазақ халқы дәулет дәстүрін қастерлеп , дәстүрлі мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Тұсау кесу дегеніміз бір жасқа толып жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып одан әрі жамандық көрмей жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Әлбетте баланың тұсауы ала жіппен, қойдыңмайлы ішегімен немесе өсірілген көк шөппен кесіледі. Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа тоқтыққа жетелейді, Көк шөп өсуге өнуге шақырады осы кезде Әже келіп тілегін айтып тұсауын кеседі.

Ақ жайма жайғаным, жолың ашық болсын дегенім

Ала жіп байлағаным , біреудің ала жібін аттамасын дегенім.

Кітап қойған себебім, данышпан білімді болсын дегенім

Қамшы қойған себебім, ел қорғай алатындай ер азамат болсын дегенім.

Әже тұсау кесу рәсімінен кейін ақ батасын береді.


Жүргізуші Ендігі кезекті Қыздарымыздың орындауында биге береміз

Би «Қамажай»

Жарайсыңдар кыздар өте керемет, енді ұл балдарымыз бен ұлттық ойын ойнап жіберейікші

Ойын «Арқан тартысу».

Жарайсыңдар балалар.Сендер өте мықты екенсіңдер. Ендеше бибилейік

Би «Қамшы биі» Ер балдарымыздың орындауларында

Құрметті әріптестер , бүлдіршіндер бүгінгі «Армысың-әз Наурыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды қош сау болыңыздар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі