400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың, әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош келдің-әз Наурыз!!!

Жүргізуші: Ассалаумағалейкум барша халық,

Қартқа құрмет, сыйлайық жасқа шабыт

Салты солай Наурыздың.....Ей, адамдар,

Бауырларша келіңдер бас қосалық.



Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың...Ей, адамдар,

Туыстарша тойлайық Жаңа жылды.



Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың...Ей, адамдар,

Аталардан ақ бата тілеңіздер.

Тілейді олар: - Болсын-деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы

Салты солай Наурыздың...Ей,адамдар,

тым болмаса Ұлы бол, Ұлыс күні!

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Көктемнің тамаша мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,

Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.

Құтты дәмі,береке байлығымен,

Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен, - дей отырып, бүгінгі мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың бағдарламасы:

  1. Таныстыру

  2. Салт-дәстүрден көрініс.

  3. Ұлттық өнегесінен сұрақтар.

  4. Ұлттық дастархан мәзірі.

  5. Ұлттық ойын ойнату.

  6. Өз өнерлерін көрсету.

Жүргізуші:

  • Көктем ана жазылып алақаны,

Бусанғандай бүгін бір дала таңы,

Нәркес көзін төңкеріп ару қыздай,

Наурызым тұр аймалап Сарыарқаны.

Таныстыру рәсімін жасап өтсін,

Әр ауылдың желбіреген ақ шапаны. Өздерін таныстыруға кезек беремін.



Жүргізуші:

Келген кезде Наурызым жапан біткен жаңғырар

Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,

Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар, - деген өлең жолдарымен әр ауылдың әртіс мырза-ханымдарының салт-дәстүрімізді жаңғыртуға арнаған сахналық қойылымдарын тамашалауға да кезек келді.



Жүргізуші:

  • Ұлыстың ұлы күні сіздермен бас қосып, қауышқанымызға өте қуаныштымыз. Расында бүгінгі мейрамда тек ойын-күліп, той-тойлаумен бірге ескіден қалған есті сөздерді нәсихаттағанымыз дұрыс болар. Білгенге маржан деген емеспе? Білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыздар сыр сандықтың аузын!

1. «Асату» ден ұғымнан хабарыңыз бар ма?

2. «Байғазы беру» деген қандай дәстүр?

3. «Бәсіре атау» жайлы түсінік беріңіздер.

4. «Ерулік беру» қандай рәсім?

5. «Жылу жинау» дегенді қалай түсінесіздер.

6. «Қорықтық құю» туралы не білесіз?





7. Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны білесіздер ме?

Жауап: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұйыққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.



4. Ей, менің асқар тауым

Қазақы дастарханым.

Өзіңсің бақ-мерекем

Ақ қайнар бастауларым, - дегендей дархан даламыздың қазақы дастарханынан дәм таттыратын кезек келді. Олай болса, ұлттық дастархан мәзіріне шақырамыз.



5. Мен қазақтың ұлттық ойыны «Бүркіт» ойынын жақсы көремін. Бұл ойында икемді, оралымды бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны ауызымен іліп алу екінің бірі орындар оңай әрекет емес. Осы сияқты қазағымыздың ұлттық ойыны жетерлік. Құрметті ауылдастар, өздеріңіздің әкелген ұлттық ойын түрін ортаға салсаңыздар.



6. - Жер көгеріп шөп қаулап, мейірін бір қандырар,

Күлге тосып арқасын жан-жануар албырар.

Ауылдастар бүгінгі өз өнерін қалдырар,

Келе сала наурызым өмір заңын жыр қылар, - деп әр ауылдың өз өнерін тамашалауға шақырамын!

Жүргізуші: Наурыз тойға жиналған,халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.



Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.

Ұл:

Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.

Қыз:

Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.

Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз

Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.

Ұл:

Ау,жараңдар,жараңдар!

Қызыққа мына қараңдар!

Ұлыс күні жаңаша,

Болыпты бір тамаша.

Қыз:

Түк татырмас Шығайбай,

Тек Алдардан ығар бай.

Мырза болып көл-көсір,

Өнерді бір шығарды-ай.

Ұл:

Оңға да,солға да шашылды,төгілді.

Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді.

Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,

Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.

Қыз: Бұрынғы әдетпен,

Алдауға,сынауға.

Бермесе байғұстың,

Өңешін бұрауға,

Алдар да кеп жетті.

Ұл: Ал,енді қараса,

Бұл неткен тамаша!

Шық бермес Шығайбай,

Бәйбіше,қызымен,

Қарсы алды таласа.

Алдар: Уай, кім бар екен! Құдайы қонақпыз!

Шығайбай: Қош келдің, Қош келдің қонағым!

Алдар: Ассалаумалейкум, байеке!

Шығайбай: Уалейкумассалам! (Екеуі амандасады)

Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!

Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын! Әй, бәйбіше ,Алдекең келді, Құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!

Бәйбіше: Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел! (көрпе төсейді, екеуі отырады)

Шығайбаймен Алдар екеуі жөн сұрасып отырады.

(Бізбике айран әкеліп,қонақтарға ұсынады.)

Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір селпіртіп тасташаңшы.

Алдар: Не жайлы айтсам екен?(Айранға қарап) Өкпелеп қалмайсың ба?

Шығайбай: О, не дегенің?! Ұлыс күні өкпе наз бола ма?

Алдар: Ендеше мына айран туралы болсын.

Мынау тұрған айран,

Кез болдың маған қайдан?

Бәйбішеге жолығып,

Айрылыпсың-ау майдан.

Қанша сенің,айран,

Коммерческий бағаң?

Шөліркеп отыр ағаң,

Е,қайран айран?

Шығайбай: Өй, Алдеке тілің әлі өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің, ә!

Бәйбіше асты тездет, қонақтардың қарны ашқан шығар. (Дастарқан жайылып, тағамдар қойылады)

Шығайбай: Дәм алып отырыңыздар.

Бұл уақытта Шығайбайдың үйіне елші келеді.

Елші амандасады.

Әкесі: (Жөн сұрасады) Кім боласың? Нелсің, Наурыз мереке күні менің құтты қонағым болдың. Астан ауыз тиіп, бұйымтайыңды айта отыр.

Елші:

Мен Шығыйбай ұлы жүздің арғын руынан Төретек байдың үлкен ұлы боламын. Менің әкемнің кіші інісі Төребек би туралы естуіңіз бар шығар. Сол Төребек бидің сәлемін сізге ала келдім. Сізде тай құлындай құлпырған, қырдың қызғалтағындай ерке қызыңыз бар. Бізде арыстандай айбарлы ,жолбарыстай қайсарлы батыр ұлымыз бар. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе қыз өссе елдің көркі демекші сол қыздарыңызға құда түсіп сырға салуға келе жатыр. Мен соның хабаршысымын.

Әкесі:

Жә-жә біз деген қонақжай халықпыз, келсе келсін. Алдымен өтуге рұқсат.

( Ұлдың әкесі,шешесі,жеңгесі қыздың үйіне келеді)

Әкесі(ұлдың):

Ассалаумағалейкум!!!

Әкесі(қыздың): Ал енді қадірменді қонақтарым жөн сұрасып, астан дәм алып отырыңыздар

Әкесі(ұлдың):

Уа Шығайбай сізде қыз бар дегендей,бізде ұл бар дегендей. Ата баба салтымен бір-бірімізбен жақын болып туыстық белгісін орнату үшін келіп қалдық.

Осынау ұлыстың ұлы күні, жақсылық негізі ретінде сіздің қызыңызға құда түсе келдік. Сіздерде өсіп өнген жер іздер, біздерде аллаға шүкір жаман атымыз шыққан жоқ. Екі елді қосып,осы екі жастың некесімен бірлігін,достығын нығайтайық. Сіздің қызыңызға, біздің болашақ келісімізге құда сырғасын салып, сәукелесіне үкімізді тағайық, сіздің рұқсатыңызбен.

Әкесі(қыздың):

Жөн-жөн. Жол мақсаты жету, қыз мақсаты кетудемекші, өзі ерке, өзі сұлу кенже қызым еді. Міне олда өсіп өз ұясынан ұшатын жасқа жетті. Рұқсатымды бердім. Сіздермен құдалассам жаман болмаспын.

Жеңге (қыздың):

Ал қадірменді қонақтар көрімдіктеріңді көбірек қылып дайындаңдар. Қызымызды көрсетейік.

(жеңгесі қызды алып келеді)

Анасы (қыздың):

Мынау біздің шашуымыз қабыл алыңдар.

Жеңгесі (ұлдың):

Ал қанекей құда түсудің бір белгісі сырғамызды тағайық (Сырғасын тағады)

Мынау қыздың көрімдігі.

Әкесі (ұлдың):

Ата-баба салтымен құдалығымыздың белгісі төріңізге ілейік.(Үкі мен қамшыны үйінің төріне іледі)

Қыз: Қазақтың ежелден келген салт бойынша үкі мен қамшы-бұл үйдің қызына құда түскен дегенді білдіреді.

Ұл:Тойшашу,тойшашу

Ән:Іңкәр мен Айдана (Шашу)

Қыз: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар бүгінгі 9 «В» сынып оқушыларының «Қош келдің-әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!!!

Ұл: Сау болыңыздар!!!







Қош келдің, Наурыз!

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер: Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.



Барысы: а) Ұйымдастыру

ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл!

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!

Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!



2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!



Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев.



«Наурыз-2008» - жаңа жыл (тышқан жылы келеді).

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.



Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).



Наурыз-қыз:

«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Тыңдаңыздар енді халқым,

Жыл иесі тышқанды.



Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.

Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.

Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

2 «Б» сыныптың қонағымын.



Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

Бұл сыныптың, намысының бастауымын,

Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.



Бастаушы: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)

(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).

Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.

Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).



Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!

Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Жылда бізбен тойлаған.

Шашу шашып көл-көсір,

Көжесі қазанда қайнаған.

Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Ақ жаулықты аналар!



Оқушы: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен ертегімен бізге жатқан.

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.



Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар.

Келіп тұрған алыстан.

Құттықтайды сіздерді,

Наурызда бізбен қауышқан.

Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжі-маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!



Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.



Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!

Жаңғырар дәстүр салтымның,

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке «Наурыз» жыл басы.

Күй: «Кеңес» күйі.

Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).

Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?

№ 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?

№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.

№4. Жеті қазынаны ата.

№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.



Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата.

№2. Үш арсыз не?

№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?

№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

№5. Наурыз көже дегеніміз не?



Бастаушы: Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

Осымен 2 «Б» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!

Осы сәтте «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады.





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі