жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
ЖШС «Жансая» жеке балабақшасының
тәрбиешісі: Бекназарова Гүлмира Қуанышқызы
Тобы: «Бәйшешек» ересек топ.
Сценарий тақырыбы: «Армысың, Әз-Наурыз!»
Сценарий мақсаты:
Балаларға ұлыстың ұлы күн наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін сүюге , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарий
көрнекілігі:
ақпараттық технология арқылы жасалынған
тақырыпша, наурыз мекесіне арналған
слайд, киіз үй керегесі мен шаңырақ,
ұлттық бұйымдар(сандық,домбыра, шапан,
тақия, келі мен келісап, күбі, қоржын,
асықтар, аң терісі, киіз үй макеті,
т.б.)
Сценарий
барысы:
І
Кіріспе
Мерекелік
ертеңгілік өтетін топ салт –дәстүрге
байланысты қазақтың ұлттық құндылықтарымен
жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен
келеді. Киіз үй керегесінен сахна
жасалынады.
Залда
әсем әуен ойнап тұрады.
Балалар топқа көңілді әуен ырғағымен
билеп кіреді.
Тәрбиеші:
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ
даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен
құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы
мереке сіздерге бақыт, қуаныш,
сыйласын!
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыстың
ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Келе
жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны
біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы
алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әжесі:
Сәлем бердік баршаңызға. Ұлыстың ұлы
күні құтты болсын. Ақ мол болсын. Қайда
барсаң жол болсын.
Наурыз
қыз:
Наурыз
тойы-береке,
Наурыз
тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз Әжей, қош келдің Наурыз қыз. Төрлетіңіздер. Біздің балабақша бүлдіршіндерінің мерекеге дайындаған өнерін тамашалаңыздар. Бізбен бірге наурыз мерекесін тойлап, асымыздан дәм татыңыздар.
ІІ.
Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар,ата-аналар, сіздерге
арналған «Бәйшешек» ортаңғы топ
бүлдіршіндерінің «Армысың,
Әз-Наурыз!»
атты ертеңгілігімізді тамашалауға
шақырамыз. Ертеңгілігімізді бастамас
бұрын балабақшамыздың тірегі,
бүлдіршіндеріміздің асыл әжесі, әрдайым
бүлдіршіндерге жылы лебізін, тілегін
арнап келген балабақша меңгерушісі
Имандосова
Шакизада
апайымызға сөз кезегін береміз.
Тәрбиеші:
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсын бұл Наурыз!
Наурыз келді –жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түрленді
Бақшадағы балалар
Тойға әзір боп үлгерді –дей келе топ бүлдіршіндерінің Наурызға арнаған жыр шумақтарына кезек береміз.
Алуа:
Қош
келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы
халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Айболсын:
Сәнді
көктем - Наурыз!
Наурыз тойы -
жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын
күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!
Аят:
Би
биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас
иеміз- Наурыз!
Ақниет:
Наурыз
айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз
айда халқымның
Құлпыра түсер
шырайы
Нұржан:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің
Бақмұхаммед:
Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын қадамың
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық
Тәрбиеші:
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Ақтың молаятын,
Жарықтың ұзаратын
Нұрдың молығатын
Тіршіліктің жаңаратын
Өмірдің жаңғыратын
Пейілдің түзелетін
Көңілдің кеңейетін кезеңі –Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын дей келе бүлдіршіндеріміздің «Наурыз біздің әніміз» атты дайындаған әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Наурыз біздің әніміз!»
Орындайтын: Бір топ балабақша бүлдіршіндері.
Ғажайып сәт! Топқа әндетіп Тазша бала кіріп келеді.
Уа –халайық, халайық!
Шырқап әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!
Наурыз менің елімнің берекесі
Жаңа жылы қазақтың мерекесі
Шаңырағы биікте күнге жақын
Ұланғайыр керілсін керегесі!
Ассалаумағалейкум халайық!
Ұлыстың ұлы күні келіп жеткен Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.
Мен ауыл ауылды аралап Наурыз тойын тойлап келе жатқан Тазша баламын. Жол жөнекей «Жансая» балабақшасына да ат басын бұрып келген жайым бар.
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз Тазша бала. Төрлетіңіз. Сіз дер кезінде келдіңіз. Бізге қонақ болыңыз. Өнерімізді тамашалап, асымыздан дәм татыңыз.
Тазша бала:
Балалар мен құр қол келген жоқпын. Қоржыныма қазақтың көптеген ұлттық ойындарын өзіммен бірге ала келдім. Сендермен бірге ойын ойнауға келдім.
Тәрбиеші:
Жарайсыз, Тазша бала. Ендеше Тазша баланың әзірлеп әкелген ұлттық ойындарына кезек берейік.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тарту»
Ойын шарты: Балалар екі топқа теңдей бөлініп, берілген арқанды тартысып ойнайды. Егер ортадағы белгіленген сызықтан өтпей, қарсыласын өз жағына тартып шығарған топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Жарайсыз Тазша бала. Балалардың көңілін бір көтеріп жібердіңіз.
Келесі кезекті бір топ жігіттердің орындауында «Жұмыр қылыш» атты биін қабыл алыңыздар.
Би: «Жұмыр қылыш»
Орындайтын: Бір топ жігіттер.
Тәрбиеші: наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр,
Жан иесін жаңартқан
Аққан бұлақ нәзік сыр –дей келе бүлдіршіндеріміздің мерекеге арнаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Нұрадин:
Уа –халайық, халайық!
Шырқап әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!
Медина:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз.
Мейірбек:
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Ақмарал:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы
Азамат:
Наурызың ғажап туысың
Ұлыстың ұлы күнісің
Жылыттың жердің жүрегін
Жүрегі елдің жылынсын
Рәбия:
Наурыз –достық
Наурыз –күн
Барша халық бірлігі
Тағы келді ұлыс күн
Раяна:
Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр-әніміз
Аман:
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Аяулым:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Ернияз:
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
Ақзере:
Жыл басы –Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Мәулен:
Наурызбен құттықтап
Алыс жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты
Дамир:
Көктем келді, балақай
Жасарды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық.
Тәрбиеші:
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді
Халқымның салт-дәстүрін аялаған
Арманы асқақтады көптен бергі –дей келе келесі кезекті қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі «Баланы қырқынан шығару» рәсімін тамашалаңыздар. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.
Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырықкүнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез-келген қуаныш тойларының әрқайсысының ізгітілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар.
Ортаға Ернияздың әжесі Балзада әжемізді шақырамыз. Балзада әжеміз «Баланы қырқынан шығару» рәсімінің қалай жасалатындығын сахналап береді.
Тәрбиеші: Керемет салт-дәстүрімізден кейін Алуа қызымыздың керемет әніне кезек берейік. Қабыл алыңыздар.
Ән: «Қасиетті домбыра»
Орындайтын: Сералы Алуа
Ұлттық ойын: «Қол күрес»
Тәрбиеші: Біздің арамызда биші қыздарымыздың да өнері бар. Тамашалаңыыздар.
Би: «Қазақ биі»
Орындайтын: Бір топ қыздар
Ұлттық ойын: «Ханталапай»
Тәрбиеші: Тазша бала сіз балалармен ойнап болсаңыз меніңде ата-аналарға әзірлеп келген ойыным бар еді. Ендеше ата-аналарды да ойында қатыстыра отырайық.
Ойын: «Наурыз дәм»
Шарты: ортаға екі ата-ана шығып сапар кесеге құйылған наурыз көжені 30 секунд ішінде ағаш қасықпен төкпей тауысып ішу керек. Бірінші болып тауысқан ата-ана жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыздар ата-аналар, ойынға белсенділік танытқандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет.
Осымен бүгінгі «Бәйшешек» ортаңғы тобының мерекеге дайындаған «Армысың, Әз-Наурыз!»атты өертеңгілігі өз мәресіне жетті. Келесі кезекті арамыздағы әжелеріміздің балаларға деген жылы лебізін тыңдай отырып, барша ата-аналарды наурыз көжемізден дәм татуға шақырамыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген