Материалдар / "Армысың, әз Наурыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Армысың, әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлттық, төл мерекесі Наурыз мейрамына арналып дайындалған мектепішілік сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында 22 – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік ән – шашудың сценарийі

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тірбиелеу.

(Фанфары ойналады. Ортаға жаршы жүгіріп шығып.)

Жаршы:

  • Уа, жарандар, жарандар, Бәрің мұнда қараңдар! 22 – наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арнап керней орта мектебінде арнап ұйымдастырылған мерекелік ән –кешімізге шақырамыз. Тәтті ән тыңдап, мың бұралған бишілерді көргіңіз келсе, кешімізге асығыңыздар! Келіңіздер, Көріңіздер, Тамашалаңыздар!

Сахнада қазақ биі: Қара жорға. Орындайтын 7 «А», «Б» сынып оқушылары.

І жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік ән – шашуымызға қош келдіңіздер!

ІІ ведущий: Веселый праздник Наурыз

Сегодня мы встречаем

И дверь в весну в который раз

Мы снова Открываем.

І жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа жыл келді. Ендеше, той құтты болсын!

1 қыз шығып: -Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! Ән: Орындайтын:

І жүргізуші: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қыдыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды. Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

ІІ ведущий: Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды. В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Кыдыр ата. Тот кто с ним встретится, того ждет удача и счастье.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекемізге бізге Қыдыр ата келіпті, алдағы күндеріміз сәтті болып, өміріміз жарқын да қуанышты болсын деген ниетпен атамыздың батасын алайық.

Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын

Қайда жүрсең жол болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін

Бәле – жала жерге енсін,

Көйлектерің көк болсын,

Уайым- қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын! Әумин!

Көрініс: салт – дәстүр. Тұсау кесер. 8 «а», «б» сынып оқушылары.

ІІ вед. Из глубины историй нашей земли

К нам пришел этот праздник Наурыз

Праздник нового дня

Праздник цветений и обновления

Праздник Земли и человека.

І жүргізуші.: Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз,

Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар.

Би: 5 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.

ІІ вед. Как солнце ярко светит

И землю согревает

Пришла весна, и добрый луч.

Любовью озоряет. Ән: Орындайтын:

І жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің

Сыйла, бақыт баршаға

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға

Наурыз – достық,наурыз –күн,

Барша халық бірлігі

Тағы келді ұлыс күн

Жалғасып ғалам тірлігі (Сахналық қойылым салт – дәстүрге байланысты)

Бесікке салу дәстүрі. 7 сынып оқушылары көрсетеді.

ІІ вед. Веселья, смех и радость Дней

Наурыз принес, дыши смелей

Резьвис, танцуй в этот день

Весна пришла, взяла нас в пять

И в танцах вместе закружили.

Танец: 8 «а» сынып оқушыларының орындауында үнді биі.
ІІ вед.
Наурыз единный шанырак всех народов, проживающих в Казахстане. Этот праздник стал праздником обьединяющим и призывающим к дружбе и взаимопониманию всех народов.

І жүргізуші: Иә, наурыз мерекесі шынымен де, бірліктің ұлттық мерекесі. Бүгінгі мерекеге шын көңілмен дайындалып келген өнерпаздарымыз осының дәлелі.

Киіз басу салты бойынша сахналық қойылым көрсететін 6 сынып оқушылары.

І вед. Енді ортаны ашайық

Көрерменге жырдан шашу шашайық

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерменен інжу – маржан шашайық.

Би: Орындайтын:

І вед. Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған

Ән: Наурыз – көктем. Орындайтын: 5 сынып оқушылары.

І вед. Наурыз тойындағы ең басты тағам адамдардың шын көңілімен дайындап ұсынытатын тағамы – наурыз көже.

ІІ вед. На праздник весенного равнодействия готовят ритуальный суп наурыз коже. История его, как и праздника восходит к тем дальнем временам, когда его территорий Казахстана (и не только его) жили Восточно- Иранские племена, Саков, Сарматов и прочих ариийских кочевников. Коже едят досыта чтобы весь следующий год был плодноснм, существует поверье если ты отведаешь Наурыз коже в семьи домах, то год для тебя будет чудесным.

(Наурыз көже таратылады.)

Ән: Наурыз – думан! Орындайтын: Жайлымұрат Раушан.

І жүрг. Осымен Көктем мерекесі, Ұлы мерекеміз Наурыз күніне арналған «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!