400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың әз Наурыз!


Мақсаты:


1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.


2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,негіздерін дамыту.


3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздын салт-дастүрiн қастерлеп сақтауға тәрбиелеу.


Әр елдiң салты басқа,иттерi қара қаска демекшi,әр ауыл наурыз мерекесiн өзiнше тойлайды.Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен.Соны тамашалайық,бірге болыңыздар!


(Ауыл бейнесi ортада стол.Ата-Берекет, немересi-Таңшолпан .Келiнi-Алина)

Немересi-Таңшолпан: Ата осы Наурыз төл деген не?


Ата-Берекет: Балам-ау Наурыз төл дегенiмiз,наурыз айында мал төлдей бастайды.Олар «Наурыз төл аталып, төл басы ретiнде бағаланып,мал-жанды қазак баласы оны ерекше күтiп бағады.Төл басы сатылмайды,ешкiмге сыйға берiлмейдi.Мұндай малды көбіне өз қызығына ,тойына,құрбан айт күндерінде сойып,ырым етеді.


Немере-Таңшолпан:Рахмет.Ата келесi де бiлiп жүретiн боламын.


(Жастаркеледi:Динара.Нурсулу.Берекет) Аталарына көрiседi.

Берекет:Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын! Наурыздан наурызға аман жетейік.Сізге көрісуге келдік.


Ата-Берекет: Ия балам өркенiң өссiн!

Көрicу деген қазақстанның батыс облыстарында кең үрдiс алған.Жыл сайын наурыздын 14-iнен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кiшiлер үлкендерге көрiсе барып,батасын алады.Бұлар кiмнiң өз үйiнен басталады.Таңертен тұра салып,әке-шешеңе,үйдегi өзiңнен үлкен адамдарға кол берiп амандасасың.Олар«Жас қайырлы болсын, өмiрiң ұзақ болсын, әлi талай көрiсуге жазсын!»-деп бата бередi.

Альбина:Ата мерекеңiзге арнап бiр ән шашу дайындап алып келдім.Соны орындап берейін.


(Келiнi-Алина коженi Альбинаға ұсынады.Жаңа келген жылдың несiбесi ортаймасын деп кұйылған көженi тауысып iш әйтпесе ырыздығың кем болады.

Пошташы жiгiт-Ернаркеледi)

Ернар:Ассалаумагалейкум атай!

Мерекенiз куттыболсын!Жылдағы дәстүрбойынша ауыл әкiмiнiң сiзге арналған құттықтамасын ала келдiм.Бiздiң жұмысымыз осы.Алысты жақындатып тілектерді жеткізушіміз.

Ата-Берекет:Ия балам рахмет!Кандай жаңалығын барйта отыр.

Келiн-Алина: Демалыңыз.

Пошташы-Ернар: Алып отырмын. Алда үлкен дайындық жүргiзiлуде,наурызға.Алда тек елiмiз аман болсын,қариялар сiздер ақылшы болып жүре берiңiздер.

Ата-Берекет:Тілегiң орындалсынман жүр.

(Пошташы кетедi-Ернар)

Ата-Берекет:әңгiмелерiңдi айта отырындар.Журген жерлерiң аман ба?

Берекет: Сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік.Мен де сізге өнерімді орындап берейін.

Күй:Таңшолпан

Ата-Берекет:Ай,келiнжан бугiн бiздiң үй үлкендуманға айналды-ғо.Айғаным кұдағайды шакырып,немеремiздi бесiкке салдыртып алайык.

Келіні-Алина

Ата-Берекет мен де соны ойлап отыр едім Барі дайын болады Жастарды шакырайык,құдағида келіп қалар мен бесіктойға дайындық жүргізейін

Құдагай келеді-Венера

Бәрі көріседі

Ата-Берекет Құдагай мына ауыл жастары мені қуттықтауға келіпті Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шакырттым,немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар Сізді арнайы шақыртып жатырмын

Бәрі жиналып отырады,баланы әкеледі

Ата-Берекет. Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға-Арман жолдап жатырмын Думанның алдына баланы апарады

Думан-Арман Сенін атын Наурызбек ұш рет қайталайды

Әкеннін аты Кадырбек

Атаннын аты Иманбай

Ананнын аты Айәанша

Бакытты бол

Келіні-Алина Венера-Айғаным қудағайға баланы апарады

Ата-Берекет Құдагай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар Баланы алғашқы бөлеу ұрпак өсірген, үбірлі-шүбірлі кадірмен адамга тапсырылатын ырым бар Ендеше Құдағай сіз көпті көрген ұлын ұяға,қызын қияға кондырган кадірменді,өнегелі жан деп баланы сіз салыныз Сіздін жолынызды берсін Құдағай-Венера Рахмет құда



Ата-Берекет Думан-Арман аксакал Бүгін жастар жиналып калыпты Біздер Қадырбай аксакалга барып көрісіп кайтайык Келіндер, наурыз бата берейін Жастар,құдагайлар баланын кызыктай берсін Думан-Арман Барсақ барайыкқнаурызбен құттықтып қайтайық



Бата беру-Думан-Арман

ұлыс оң болсын!Ак мол болсын!

Кайда барсын жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін

Пәле-жәле жерге енсін

Ұлыс куні кәрі-жас,

КҰшактасып кәрі-жас

Жана ағытқан козыдай

Жұмырасып өріскен

Шалдар бата беріскен

Ұлыс күні казан толса

Ол жылы ак мол болар

Менің берген бұл батам

Алланың кұлагына шалынсын!Әумин!

Құдагай-Венера-Бесік туралы мынадай әфсана бар Ертеде жоңғарлар шапқыншылығынан сон тоз-тоз болған ел тау жаққа қарай босып,үдере көшкенде аяғы ауыр жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді Сонда Төле бимен қатар келе жаткан кісі Мына бейшранын көрпе-жастығын тастап,бос бесікті арқалап келе жатканы-ай! –дегенде,Төле би Баланың бесігі-кен дүниенің есігі ғой,-деген екен

Кішкентай бала-Әбділәмид Әже Бесікке салған бала өспейді,онын бойында қан жүгірмейді,аяқ-қолы қисық болады дейді ғой

Құдағай-Венера –тек /жекіп/,онын бәрі бекер айтылып журген әнгіме Бесікке баланы казак ешқашан да күндіз-түні байлап тастамаған бесіктегі сәбидін дене-бітімі түзу,қол-аяғы түзу,ширақ болады

Қудағай –жаксы,баланы шомылдырып болындар онда

Келін-Алина кетеді,баланы шомылдырып,өс-өс жасайды

Өс-өс!

Балдырғаннын кол-аяғын соз

Өс-өс балам,өсе бер,

Батыр бол-балуан білекті,

Батыр бол-таймас журекті

Аяғынды созайық

Саусағынды жазайык

Етті болсын балтырын,

Етті боп өс жаркыным



Анасы баланы бөлеген сон,Келініздер деп шакырады Жастар келеді

Кұдағай-Венера қане,бесікті әкел Бесік-өмірге жана келген періште сәбидің ақ отауы,онын ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал

Әбділәмид кішкентай бала апа бесік тесік қой

Құдағай-Венера ол әдейіжасалған тесік Бұл балаға тазалық,алаңсыз ұйкы сыйлайды Алдымен тыштырма жасайык /тыштырма ырымы-тубектін тесігінен тышты ма деп тәтті тағамдар өткізіп,балаларға үлестіреді/Бұл жас нәрестенін ішкі ағзалары ауырмасын дегендік

Енді бесік кертпе деген бар Бесік кертпе – отка табыну дәуірінен қалған ырым /шышуырлы отқа қыздырып,сонымен бесіктін басын,арқалығын қарып кетеді Оттан жын-шайтан,дерт-дербезе кашады-мыс Бұл алаймен аластайтын бір түрі/Осыдан кейін отпен аластайды,баланы бөлейді

Енді бесікті аластайық

Бесікті аластау

Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді,пәлесі көш!

Алас,алас,бәледен алас

Көзі жаманнын көзінен алас!

Тілі жаманнын тілінен алас!

Кырык кабыргасынан алас,

Отыз омырткасынан алас!

Алас,алас,аласы

Келді міне баласы

Көш,көш пәлесі

Келді,міне,егесі

Аталарын акырса,одан корыкпа,

Аналарын,ағаларын шакырса,

Одан корыкпа

Ойнактаған лақтан корыкпа,

Сылдыыраған бұлактан қорықпа

Тулаған тайдан,

Қуалаған ботадан қорықпа!

Ман төбеттей ұйқылы бол

Тулкінін баласындай күлкілі бол

Алас,алас,аласы,

Келді,міне,баласы

ұйыктап дем алсын,

Қуанып оянсын

Бала-Әбділәмид/шүмекті нұсқап/мынау не?

Кұдағай-Венера Ал мынаны түбек дейді Түбектің түбіне күл салып коятын болған,онын бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқалмау үшін,ал екіншісі онын күлге төгіліп,жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды

Бала-Әбділәмид Олар не ушін керек. Мұны бәрі сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор Ол баланын тазалығына өте колайлы,мына арнайы койылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай,таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды Бұл анаға да қолайлы Бала да өзінің ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйыктайды

Кұдағай-Венера,ал енді бесікке бөлейік

Осы кезде бала-Әбділәмид бесікті тербетеді

Кұдағай кой балам,бос бесікті тербетуге болмайды

Келін-Алина Бесіктін басына үкі тагады Өйткені бала әсемдікке,әдемілікке бесікте жаткан

Кезден бастап уйренуі керек Бала бесікте көп жатады Бесік-баланын жылы ұясы

Кұдағай-Венера Бесік-баланын ұйкысын ғана күзетіп коймайды,оны халык сенімі бойынша жын-шайтаннан да коргайды Сол ушін де халкымыз бесікті 7 затпен жабдыктаган Олар көрпе қамшы,жүген,шапан,тон,кебенек,шекпен Баланы әруақтар корғап жүрсін де,ата-бабадан қалған сырт киім,ел тізгінін ұстар азамат болсын деп,камшы кояды Атына ие бол Наурызбек деп 3-рет айтады

Кұдағай-Венера Егер баланы бесікке бөлемесе,ол анасынын жанында ұйыктағасын онын иісін алып,онсыз ұйыктай алмайды ұйкысы жиі бузылады Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды

Бесікке бөлеу

Мойнымдагы тұмарым,

Тарқамайтын кумарым

Тағдыр берген алсын деп,

Ак бесікке салсын деп

Мойнымдагы маржаным

Қорадагы мал-жаным

Бесігіне жата ғой

Балам жатсын бесікке

Пәлесі калсын есікте

Бесітен шешіп аларда

Анасы шешіп алсын

Ұйкысы бесікте калсын

Балам бесіктен шыксын,

Пәлесі есіктен шыксын

Келін-Алина Ал кұдағай,мынау сенін сыйын көйлек-жабдык сиякты сый тартылады Қудағай-Венера бата береді

Бата

Көтерейік білекті

Нұрға бөлеп журекті

Бөбекке бата берейік

Ағыннан айтып тілекті

Сәбиіміз сүйкімді болсын

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшанданып,

Өрен,өршіл,өркенді болсын!

Жаксы жолды тандасын,

Жамандык тәлім алмасын!

Даналардын дәстүрін

Жаналасын,жалғасын,

Шұғылалы шуакты кун кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын

Кос топшысы талмасын,

Кырандай биік самгасын!

Анасы-Адина-Ал енді,кызым бесік жырынды айтып,сәбиінді ұйыктата ғой

Алина-Келін бесіктің теріс жағынан отырады

Анасы-Адина бесіктін теріс жагынан отыруга болмайды Оң жағынан отыру керек

Келін-Алина жай уілдете бастайды

Анасы-Адина жок,кызым бесік жырын уйренгенін жөн Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кенеюіне жол ашады. Қазак халкынын балаларыныңтілі ерте шығып,жатық сөйлеуінін кілті-осы бесік жырында жатыр Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың кұагына сіеді Ана баланың әнін ырғағымен тербетеді Өкініштісі,бүгінде бесік жырын әндететін ана аз.

Мамасы-Адина Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтін айтуынша,бесік жырында турлі фонетикалык дыбыс кездеседі Ашық-қысаңы да,жуаң-жіңішкесі де,катаң-ұяң,үндісі де бар Әлди-Әлди,ак бөпем,ақ бесікке жат бөпем,бәрі бар Оның үстіне сазды,әуенді болып келеді

Кұдағай-Венера Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп,бойына тәрбиелік мазмұндағы,рухани өнерді өз ана тілінде кабылдайды

Жастар рахмет,сіздерге бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік

Мамасы-Адина Біз сіздерге үйретеміз,сіздер балаларыңызға уйрете отырыңыздар Сонда ата-бабамыздан калган қазақтын әдет-ғуұрпы,дәстурі,мәдениеті,тілі өлмейді

Ұлы тұлғамыз Бауыржан Момышүлы-Арман Жаудан-да,даудан да корыкпаған казак едім,енді коркынышым көбейіп жүр Балаларың бесікке бөлемеген,бесігі жок елден қоркам Екіншісі,немересіне ертегі айтып беретін әжесінін азаюынан коркамын үшінші,дәмді,дәстүрлі сыйламайтын балалар өсіп келеді Онын қолына қылыш берсе,кімді де болса шауып тастауга даяр қолына кітап алмайды үйреніп жаткан бала жок,үйретіп жаткан әже жок деген екен терең толғаныспен

Төле би-Ернар Баланың бесігі-кең дүниенің есігі десе,дана халкымызда Туған жер-алтын бесік деген даналық бар. Қазак халкы бесікті киелі,қасиетті,кұтты мүлік санаган туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген кұрметінен сымбатына карасам-асылдан таңдап кигендей дегендегі Алпамыс батыр да,Казыбек,Төле,Әйтеке сынды ақылгөй даналар да,елді аузына қаратқан небір шешен билер,төрелер жатып өскен бесік ешкашан ескірмек емес Бесікті аялайык,ағайын!!!Бесік жыры үзілмесін Сәбилердің ұйкысы тыныш,аналар алаңсыз болсын!Халқымыз өсіп-өркендей,өрістей берсін!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі