Материалдар / "Армысың әз-Наурыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Армысың әз-Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрам ының мәнін түсіндіру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, Жаңа жыл!»


Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

« _________» ересек тобында!

алалар келіп шыршаны айналып тұрады)


(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы:

Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады Жаңа Жылдық карнавал

Маска да бар, би де бар, асығыңдар!

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал


Сиқыршы:

Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қадыппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!



Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, қол соғылады)


Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.


Ән: « Жаңа жылды қарсы алайық»

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.


___________:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


___________:

Шыршамызда қаншама

Түрлі — түсті шырақтар

Күлгін түсті тоқаштар

Жарқыраған алтын бар.


___________:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той — маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.


Жүргізуші:

- Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

(Балалардың жауабы:


Жүргізуші:

Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет


Ортаға қорбаңдаған аю кіріп келеді.

Аю:

Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар: Аю!

Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…

Балалар: иә!

(осы кезде әуен естіліп, Маша келеді шыршаға таңырқап)

Маша:

Керемет (деп шыршаның астындағы шананың үстінде тұрған қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

Аю: Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Маша: Аю-Ата! Мына қораптағы сыйлықты ашқым келіп тұр. Ішінде не бар екенін көргім келеді-деп еркелеп тұрып алады.

Аю: Машаны қолынан тартып: Машатай! Жоқ үйге қайтайық ! Рұқсатсыз өзгенің затын қозғама- деп қанша рет айттым. Қане жүр!

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!

(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді) Маша әндетіп, залды бір айналып секіріп өтеді.


Жүргізуші:

Балалар, Маша,Аю! Маша секіріп қунады.Қане мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен әдемі әуен естіліп, күлдірген шығады)


Күлдірген: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады.

Түрлі — түсті ойыншық

Шыршада көз тартады.

Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді ғой

Қане мына қоңырауды соғып , бәріміз қосылып дауыстап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық!

Барлығы қосылып;

Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар

Біз Сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

Аяз ата, ақшақар 3 рет шақырады

(әуенмен бірге атшанаға мініп қоңыраулатып, Аяз ата, Ақшақар келеді )


Аяз Ата:

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?


Балалар: Аяз ата!


Ақшақар:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт — жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Жүргізуші:

Қош келдіңіздер! Баршаңызда алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәлдем ал.

Айдай сұлу Ақшақар !

Көптен күткен қонақтарға балалардың дайы ндаған өнерлері бар.

Қазір сіздерге арнап балалара әннен шашу шашпақшы


Ән: «Аппақ қар»

Аю: Машатай балалармен өте қызық болды. Біз үйімізге қайтайық!

Машаның қолынан сүйрейді. Маша кеткісі келмейді Маған Аяз атаның сыйлығы керек-деп қырсығып тұрып алады.

Жүргізуші: Аяз ата Машатайға тәтті тоқаштарыңыз болса берсеңіз. Аю атасы жол жүрмекші екен

Аяз ата: Ақшақар қызым Машатайға тоқаштан бере ғой. Аю атасы жолынан қалмасын .

Ақшақар Машаға тоқаш ұсынады. Маша қуанып,Аю екеуі әуенмен шығып кетеді.

Күлдірген: Ал , балалар мен сендермен көңілді бір ойын ойнағым келіп тұр. Қане ойнауға дайынбыз ба?

Ойын: «Көңілді қалпақ»

Шарты: 5 бала орындықтар жанында тұрады. Ортаға 4 орындық қойылады және үстеріне түрлі түсті әдемі қалпақтар қойылады. Музыка қосылғанда балалар орындықтарды жағалап билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар орындыққа отырып және қалпақты киіп үлгеру керек. Үлгермеген бала ойыннан шығып қалады. Ойын осылай жалғаса береді

Балалар тақпақтары:

__________:

Киіндік ұл мен қыз

Аң болып, жан болып

Танымай тұрсын деп

Досымыз таң болып.

__________:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

__________:

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сағынған Аяз атамыз!

__________:

Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

__________:

Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.

Көркем қыз бен ұлдарымыздың өнерлері тамаша!

Ал,енді балалардың білімдірін тексеріп жұмбақ жасырып көрсек. Бір жылда бойларымен қосы ойлары да өскен болар.

Аяз ата: Дұрыс айтасың қызым! Балалар тек өнерлі емес жан-жақты білімді, тәрбиелі, білімді болулары керек. Байқасақ байқайық!

Ақшақардың жұмбақтары:

Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын,

ал, Сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!


Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!


Ақшақар:

Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге….Кіім?

Балалар: Аяз Ата!


Ақшақар:

Шырша бүгін кәделі!

Ал балалар............

Балалар: Әдемі!


Ақшақар:

Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын — күлкі таралсын

Құтты болсын…..

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)


Ақшақар: Тамаша! Қандай білімді де, өнерлі балалар!


Жүргізуші:

Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Ән шырқайық бәріміз







Аққалалар кішкентай

Билемекшім сенімен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Ортаға кішкентай аққалалар шақырайық !

«Аққала» биі (қыздар)


Аяз Ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!


Жүргізуші:

Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

________:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Әппақ Аяз атамыз.


________:

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын Ақшақар!


________:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.


_____________:

Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді, міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап.


Жүргізуші:

- Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын Қоян жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар,Қоян қайда жүр екен? Дауысы естілмейді ме?





«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды шығарып салайық

Осы кезде сықырлаған қардың дыбысы естіліп ортаға қоян келеді.

Жүргіжуші: -Ау Қоянжан сенімен де қоштасатын кез келді.

Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.

Қоян: Иә!Әрине! Мен басқа балалармен де қоштасып, осы жерге әрең үлгердім. Балалармен жай ғана қоштаспай , көңілдерін көтерсем деймін.


Жүргізуші:

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ән салайық жаңа бір.


Ән: «Ақ қоян»


Қоян:

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.


Жүргізуші:

Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орынын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау бол Қоянжан біз сізге ризамыз!

Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!


Әуен ойналып ортаға Ұлу келеді

Ұлу:

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін


Жүргізуші:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.


Жаңа жылға арнаған күлдіргендер биін тамашалаңыздар.


Би: «Күлдіргендер » биі

Жүргізуші:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақтон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.

Біздің балалар қандай өнерлі ,сіздер келісесіздер ме, Аяз ата,Ақшақар?!

Аяз ата мен Ақшақар: Өте тамаша! Балалар шеттерінен өнерлі екен.

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер? Біздің балалар сыйлықтарын күтіп тұр.

Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)


Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!


Бәрі:

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!








42 «Айнала

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!