Материалдар / Армысың, Әз Наурыз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Армысың, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО Күршім ауданы

Қайыңды негізгі орта мектебі

тәлімгер

Кабылова Лазат Куматаевна



Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Аластау

Би

Шашу

1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Сұлужон мектеп оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік коцертке қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Рожинский Владимир Романович беріледі.
2-жүргізуші:

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызымыз армысың.

2-жүргізуші

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

Ән: қыздардың орындауында «Наурыз тойы»

1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп

2-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Қайыңды ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.

(Ауыл бейнесі. Ортада стол, ана, әже,немересі, )


Немересі: Әже осы Наурызтөл деген не?
Әже: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет, Әже Келесіде біліп жүретін боламын.

Қыдыр ата келеді. Амандасады, үстелге отырады

АНА: Қош келдіңіз Қыдыр ата, төрлетіңіз

1-жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар 
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз

Бәрің бері қараңдар!

Жарапазан айтатын Артур,Досжан,Айбар келеді:

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.

Әже: Қыдыр атадан бата сұрайық

Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержеті
ңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.

Ана: Бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып құдағиды шақырайық Зағира көрінісі

Құдағи: Наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге сәлем беруге келдік.

Үстелге отырады. (Келіні көже ұсынады)

Көрініс Зағира

Құдағи: мерекелерңізге арнап бір ән шашу дайындап келдік. Соны орындап берейік.

Ән:Қайнигүл апай

Концерттік номерлар

1-9 кл

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!